Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Әскери жиындарға шақырту келді келу міндетті ме және жалақы не болады

Әскери жиындарға шақырту келді келу міндетті ме және жалақы не болады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар әскери жиындарға шақыруды қызу талқылап жатыр. Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігінен кімдердің тартылуы мүмкін екенін, келу міндетті ме және жалақы өтемақысы қарастырылған ба, соны білді.

Әлеуметтік желілерде қазақстандықтар әскери жиындарға шақыруды қызу талқылап жатыр. Tengrinews.kz Қорғаныс министрлігінен кімдердің тартылуы мүмкін екенін, келу міндетті ме және жалақы өтемақысы қарастырылған ба, соны білді.

"Жиынға келуге міндетті"

Талқылауға бір айға жуық мерзімге әскери жиынға шақырту алған қазақстандықтың оқиғасы себеп болды. Ер адам бастапқыда хабарлама қате болуы мүмкін деп ойлаған, алайда әскери комиссариатқа хабарласқаннан кейін оған келу міндетті екені расталды.

"Телефон арқылы маған жиынға келуге міндетті екенімді айтты. Жұмыс істейтінімді, отбасымды асырап отырғанымды және балаларым бар екенін айтып, мұндай ұзақ мерзімге кете алмайтынымды түсіндірдім", - деп жазды автор.

Ер адамның айтуынша, әскери комиссариат қызметкерлері келудің қатаң міндетті екенін айтып, айыппұлдар туралы ескерткен. Сондай-ақ оның жұмыс орны мен жалақы деңгейін нақтылаған.

"Вахталық әдіспен жұмыс істейтінімді және жалақым айына шамамен 750 000 теңге екенін хабарладым. Оған жауап ретінде жиын кезінде бұл сома өтелетінін айтты. Шыны керек, төлемдердің толық көлемде және қиындықсыз төленетініне күмәнім бар", - деп жазды қолданушы.

Пост авторы мұның қаншалықты заңды екенін және іс жүзінде не күтуге болатынын сұрады.

Жиындар не үшін өткізіледі және кімдерді шақыруға құқылы?

Tengrinews.kz пікір алу үшін Қорғаныс министрлігіне жүгінді.

Анықтама: ведомствода әскери жиындар - запастағы азаматтарды міндетті даярлаудың бір түрі екенін түсіндірді. Олар әскери білімді қолдау және жетілдіру, жаңа техниканы игеру және Қарулы Күштердің жалпы жұмылдыру дайындығын арттыру мақсатында ұйымдастырылады.

Әскери міндеттілер мұндай ұзақтығы бір айға дейінгі оқу-жаттығу жиындарынан бес жылда бір рет өте алады.

Қорғаныс министрлігі жиынға әскери есепте тұрған және запастағы азаматтардың тартылатынын айтты.

"Кандидаттарды іріктеуді жергілікті әскери басқару органдары Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың мамандарға деген қажеттіліктерін ескере отырып жүзеге асырады. Бұл ретте әскери міндеттінің жасы, оның әскери дайындық деңгейі, мерзімді әскери қызметтен немесе келісімшарт бойынша қызметтен өту тәжірибесінің болуы, денсаулық жағдайы, сондай-ақ басқа да факторлар ескеріледі", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Келу міндетті ме және шақыруды елемеу неге әкеп соғады?

Ведомствода әскери жиынға шақыру қағазы міндетті екенін атап өтті. Азамат көрсетілген жерге және уақытқа келуі тиіс.

Шақыруды елемеу әрекеті үшін 5 АЕК (2026 жылға 21 625 теңге) көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Сондай-ақ медициналық тексеруден өтуден бас тартқаны үшін де жазалануы мүмкін.

"Бұл ретте әкімшілік айыппұлды төлеу азаматты заңнама талаптарын орындау және әскери жиындардан өту үшін келу міндетінен босатпайды. Келмей қалу себептері жойылғаннан немесе әкімшілік жаза орындалғаннан кейін әскери міндетті қайта шақырылуы мүмкін", - деп ескертті Қорғаныс министрлігі.

Заң бойынша келесі жағдайлар келуден бас тартудың дәлелді себептері деп танылады:

шақырылушының ауыруы, жақын туыстарының ауыр сырқаты, азаматты шақыру қағазы бойынша келу мүмкіндігінен объективті түрде айырған төтенше жағдайлар немесе өзге де себептер.

Ведомство бұл жағдайлар тиісті құжаттармен расталуы керектігін атап өтті.

Кімдердің жиыннан босатылуға құқығы бар?

Министрлік "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" заңның 36-бабына сәйкес кейбір азаматтардың әскери жиындардан босатылатынын еске салды. Тізімге мыналар кіреді:

Қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты лауазымдардағы мемлекеттік орган қызметкерлері; Авиациялық персонал (мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиация); Егін егу және жинау жұмыстары кезеңіндегі ауыл шаруашылығы еңбеккерлері; Оқу жылы кезіндегі күндізгі оқу нысанындағы педагогтер және күндізгі бөлімде оқитын студенттер; Әскери міндетті әйелдер; Запасқа шығарылғаннан кейін екі жыл ішіндегі әскери міндеттілер; 18 жасқа дейінгі үш және одан да көп баланы тәрбиелеп отырған адамдар; Қылмыстық қудалауға ұшыраған азаматтар; Парламент және мәслихат депутаттары, сондай-ақ әкімдер (аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің әкімдері). Жалақы қалай өтеледі және жұмыс орны сақтала ма?

Біз әскери жиындар кезінде әскери міндеттілердің жалақысы мен жұмысы не болатынын нақтыладық. Қорғаныс министрлігі қызметкердің жұмыс орны мен лауазымы сақталатынын, ал жиын кезеңі еңбек өтіліне есептелетінін хабарлады.

Бұл ретте төлемдер мөлшері шектеулі - өтемақының белгіленген шегі бар.

"Әскери міндеттілерге әскери жиындар кезеңінде орташа жалақы төленеді, бірақ ол республика бойынша орташа жалақыдан аспауы тиіс, ал жұмыс істемейтіндерге - бюджет қаражаты есебінен ең төменгі жалақы төленеді. Әскери жиындардан өту уақыты азаматтың жалпы еңбек өтіліне есептеледі", - деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.

Осылайша, әскери жиындар уақытында әскери міндеттілердің белгілі бір төлемдері сақталады, ал одан өту кезеңі еңбек өтіліне қосылады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде мәліметтер пайда болды, онда әскерде қызмет етпеген 27 жастан асқан қазақстандықтардың әскери қайта даярлауға жіберілетіні айтылған. Бұл ретте Қорғаныс министрлігі таратылып жатқан хабарламаға жауап берген болатын. Толығырақ осы жерден оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:99
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 17:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары