Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Жемісті жеті жыл

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Астана банкінің сотталған бұрынғы басшысының сыра зауыты сатылуда ол оның иелігіне қалай өткен еді

Астана банкінің сотталған бұрынғы басшысының сыра зауыты сатылуда ол оның иелігіне қалай өткен еді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Павлодардағы бұрын "Астана банкінің" акционері Олжас Тохтаровқа тиесілі болған сыра зауытының мүлкі сатылымға шығарылды. Нысан Тохтаров жымқыру дерегі бойынша 10 жылға сотталған кезде оның активтерінің қатарында тәркіленген болатын. Оның қаншаға сатылып жатқаны, зауыттың "Астана Банкінен" алынған несиеге қалай сатып алынғаны және оның тарихы туралы Tengrinews.kz материалынан оқыңыздар.

Саудаға нақты не қойылды?

Саудаға Павлодардағы бұрынғы "Жана Роса" зауытының ірі өндірістік кешені шығарылды.

Павлодарда саудаға қойылған сыра зауытының ғимараты. e-qazyna.kz сайтынан алынған фото

Лот құрамына ғимараттар, цехтар, қоймалар мен жер учаскелері кіреді.

Павлодарда саудаға қойылған сыра зауытының ғимараты мен жайлары. e-qazyna.kz сайтынан алынған фото

Барлық тәркіленген мүліктің бағасы - 19 327 177 002 теңге.

Павлодардағы сыра зауытының мүлкін сату туралы лот. e-qazyna.kz сайтынан алынған фото

Сатып алушыға бұл сомаға мыналар ұсынылады:

Ауданы 8 654 шаршы метр болатын әкімшілік ғимарат. Жалпы ауданы 9 мың шаршы метрден асатын бірнеше өндірістік цех. Өнімдерге, шикізатқа, ыдыстар мен материалдарға арналған алты ірі қойма. Қазандық, зертхана, автотаразы, гараждар, бақылау-өткізу пункті мен дүкен. Павлодардағы жалпы ауданы шамамен 5,8 гектар болатын сегіз жер учаскесі. Екібастұз қаласындағы Әлкей Марғұлан көшесі, 16/3 мекенжайында орналасқан тағы бір жылжымайтын мүлік нысаны.

Алайда бағалаушылар зауыттың бағасын төменірек - 6,4 миллиард теңге деп белгіледі. Бағалау 2026 жылдың сәуірінде жүргізілген.

Тәуелсіз бағалаушылардың құжаттарынан алынған мәліметтер

Бағаны төмендету әдісімен өтетін сауда-саттық 14 тамыз күні сағат 10.00-де болады.

Анықтама: Бағаны төмендету әдісімен өтетін сауда - бұл қатысушылардың бірі лотты сатып алуға келіскенге дейін тауардың, қызметтің немесе активтің бағасы біртіндеп төмендейтін аукцион форматы.

"Астана банкінің" бұрынғы басшысы зауытты қалай иеленді?

2025 жылы Олжас Тохтаров бірнеше эпизод бойынша сотталды. Соның бірі - сыра зауыты мен ол басқарған "Астана Банкіне" қатысты оқиға.

Сот материалдарына сәйкес, 2015 жылы "Жана Роса" ЖШС құрылған. Бұған Олжас Тохтаровтың өзі бастамашы болған, бірақ компания оның атына рәсімделмеген. ЖШС арқылы Павлодар сыра зауытының мүліктік кешенін АТФ Банктен сатып алу жоспарланған - зауыт саудаға шығарылған болатын.

2016 жылдың өзінде-ақ "Жана Роса" "Астана Банкінен" 1,8 миллиард теңгеге несие алған. Бұл ретте, іс материалдарында қарыз өрескел заң бұзушылықтармен берілгені көрсетілген. Компанияның құрылғанына бір жыл да толмаған, кепілдік мүлкі болмаған, ал пайдасы теріс көрсеткіште болған. ҚНРДА қорытындысы бойынша, бұл банктің несие саясатына қайшы келген.

Бірақ сот Тохтаров осы несие арқылы сыра зауытын сатып ала алғанын анықтаған.

"Қарыз беруді Банктің директорлар кеңесі, оның ішінде Олжас Тохтаров мақұлдаған. (...) Қабылданған заңсыз шешім нәтижесінде Банктің 1,8 миллиард теңге сомасындағы несиелік қаражаты Олжас Тохтаровтың аффилирленген тұлғалар арқылы "Жана Роса" ЖШС сыра зауытын сатып алуына пайдаланылған", - делінген іс материалдарында.

Сондай-ақ сот құжаттарында "Жана Росаның" іс жүзінде Тохтаровқа тиесілі болғаны, ал компанияны ол өзінің әкесі — Мәжілістің бұрынғы депутаты Тәңірберген Тохтаров арқылы басқарғаны айтылады.

Іс материалдарында басқа да байланыстар келтірілген:

сот кезіндегі компания құрылтайшысы - Тохтаровтың немере ағасы; директордың орынбасары - Тохтаровтың туысы; менеджер М. бұрын банктің несие менеджері болып жұмыс істеген.

Сот деректері бойынша, бұл жағдайлар тергеу барысында жиналған дәлелдемелермен және куәгерлердің айғақтарымен расталған.

Нәтижесінде "Жана Роса" мүлкі мемлекет пайдасына тәркіленді. 2022 жылғы наурыздағы бағалау есебіне сәйкес, компания мүлкінің құны шамамен 4,94 миллиард теңгені құраған.

Тохтаровқа тағы не бойынша айып тағылды?

Олжас Тохтаровтың қылмыстық ісінің тағы бір эпизоды - үш жыл бойы "Астана Банкінен" миллиардтаған теңгені жүйелі түрде шығарып отырған ауқымды "агенттік" схема. Тохтаров банк ішінде сыртқы мамандардың қызметіне ақы төлеу желеуімен ақшаны "заңды" түрде жылыстату механизмін құрған.

Оның сыбайластары жалған агенттермен ойдан шығарылған келісімшарттарға қол қойған. Құжаттар бойынша, бұл агенттер "Астана Банкі" үшін жаңа клиенттер іздеп, миллиондаған депозиттер тартқан, ол үшін банк оларға ресми түрде "комиссиялық сыйақылар" есептеп отырған.

Шын мәнінде, агенттер ешқандай қызмет көрсетпеген, ал есептелген барлық сома бірден Тохтаров пен оның сыбайластарының қалтасына кетіп отырған.

2015-2018 жылдар аралығында осы схема арқылы банктен үш ірі транш "алынған".

"Іс жүзінде агенттік қызметтер көрсетілмеген, есептелген агенттік сыйақыларды О.Т. Тохтаров 2015-2018 жылдар аралығында жалпы сомасы 5 462 080 917,07 теңге көлемінде жымқырған", – делінген құжаттарда.

Астана LRT ісі

Олжас Тохтаровқа қатысты істің тағы бір шулы эпизоды Алматыдағы элиталық жылжымайтын мүлік пен "Астана LRT" компаниясының қаражатына қатысты болды.

Іс материалдарына сәйкес, экс-банкир банктен құны 3,59 миллиард теңге болатын ғимаратты алып қана қоймай, бұл қарызды елорданың басты көлік жобасына "іліп" қойған.

Ғимаратты банктен тегін алып қою

2017 жылдың мамыр айында "Астана Банкі" берешек есебіне Алматыдағы жер телімі бар 6 қабатты бизнес-орталықты иеленді. Нысан 3,5 миллиард теңгеге бағаланды. Бір жылға жетпейтін уақыт ішінде Тохтаров оны өзіне-өзі "сыйға тартты": бизнес-орталықты өзінің бақылауындағы "SKK Tenancy Group" ЖШС жалған фирмасына сатты.

Бағасы сол күйі қалды. Бірақ алдын ала төлемсіз және 15 жылға бөліп төлеу шартымен.

Бизнес-орталықты басқа банкке қайта кепілге қою

Үш айдан соң Тохтаров бизнес-орталықты өзінің басқа бір компаниясы – "Астана Ипотека" АҚ-ын құтқару үшін пайдаланады. Ол ғимаратты аталған компанияның 2,9 миллиард теңге қарызын жабу үшін Қазақстан Халық банкіне кепілге береді.

Түйіндесек: Ғимарат "Астана Банкі" иелігінен шығып кетті, банкке ақша түскен жоқ, ал бизнес-орталықтың өзі Халық банкінде өзге біреудің қарызы үшін кепілде тұр.

Қарызды "Астана LRT" компаниясына итере салу

"Астана банкінің" "Астана LRT" ЖШС алдында берешегі болды – компания депозитте Қытайдың Мемлекеттік даму банкінен LRT желісінің құрылысына алынған 257 миллион АҚШ долларын сақтаған.

Қолма-қол ақшаны қайтармау үшін Тохтаров "Астана LRT"-ға жаңағы сатылған ғимараттың қарызын беруді ұйғарды:

2018 жылдың тамызында ол Проблемалық кредиттер қорымен шарт жасасып, өзінің "SKK Tenancy Group" фирмасына тиесілі 3,5 миллиард теңге қарыз талабын сонда шығарады. 2019 жылдың тамызында бұл қарыз өтемақы шарты бойынша ресми түрде "Астана LRT" ЖШС-не өтеді.

"Осылайша, О.Т. Тохтаров өзінің бақылауындағы "SKK Tenancy Group" ЖШС-ін пайдалана отырып, "Астана Банкіне" тиесілі Алматыдағы құны 3,5 миллиард теңге тұратын бизнес-орталықты заңсыз иеліктен шығарып, оны Халық банкіне қайта кепілге қойған және ақшаны жымқырып, "Астана LRT" ЖШС-не аса ірі мөлшерде материалдық шығын келтірген", – делінген іс материалдарында.

Астана соты бұл қылмыстарды жасағаннан кейін сотталушы Тохтаров тергеу органдарынан бой тасалап, халықаралық іздеуде болғанын атап өтті.

Нәтижесінде Олжас Тохтаров алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобымен жасалған, аса ірі мөлшердегі сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену немесе ысырап етуді ұйымдастырғаны үшін кінәлі деп танылды.

Ол мүлкі тәркіленіп, 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұған дейін Олжас Тохтаров сырттай сотталды. Қылмыстық іс бойынша бүкіл процесс оның қатысуынсыз өтті – ол халықаралық іздеуде болған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:110
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Тамыз 2026 16:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see148

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see146

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see145

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see145

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see143

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see139

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see138

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see138

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see138

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see137

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see137

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see136

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see136

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see135

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see135

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see135

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see135

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see133

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see133
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары