Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

Емханаларда ашық есік күні

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

Тарихи ескерткіштер тазартылды

Кофені көп ішсе, не болады?

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Астана Еуропаның қолжетімді туризм желісіне ресми түрде қосылды

Астана Еуропаның қолжетімді туризм желісіне ресми түрде қосылды

Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Бұл мәртебе Астананың мүгедектігі бар тұрғындар мен қонақтарға арналған инклюзивті орта құруға деген ұмтылысын растайды.

— Астанада шамамен 43 мың адамның мүгедектігі бар: оның 31 мыңы — ересектер, 12 мыңы — балалар. Бұл көрсеткіштер жүйелі өзгерістерге негіз болды. Қала жаңа технологиялар, білім беру және әлеуметтік жауапкершілікті біріктіре отырып, инклюзивтіліктің стандарттарын қалыптастырып жатыр, — деді «Еуразиялық инклюзивті қоғамды дамыту қауымдастығы» ҚБ төрағасы Вячеслав Пак.

Қалада еркін қозғалуды қамтамасыз ету — өмір сапасының басты көрсеткіштерінің бірі. 2014 жылдан бері қоғамдық көлік жүргізушілерін мүгедектігі бар жолаушыларды қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттармен оқыту жүргізіліп келеді. Нәтижесінде қоғамдық көліктің 92,6%-ы (1750 көліктің 1600-ден астамы) пандустармен жабдықталған.

Фото: Астана әкімдігі

Мәдениет әркім үшін қолжетімді болуы тиіс. Осы қағидат Астанада инклюзивті орта жасалған мәдени мекемелерде басшылыққа алынған. Қалалық және ұлттық музейлерге аудиогидтер, сенсорлық экрандар, ымдау тіліндегі көрсеткіштер және Брайль шрифімен экспонаттардың сипаттамалары орнатылды. Музей персоналы арнайы даярлықтан өтті.

Елордадағы «Астана Опера» театры да инклюзивтілік стандарттарына сай жобаланған: пандустар, арнайы лифтер, кеңейтілген есік, мүгедектерге арналған аймақтар.

Сонымен қатар, қалада мүгедектігі бар адамдарға арналған арнайы туристік маршруттар жасалған. Олар Нұржол желекжолы, Ботаникалық бақ, Тәуелсіздік алаңы, ескі қала және Есіл өзенінің бойы қамтылған.

Фото: Астана әкімдігі

Медициналық туризм де дамып келеді: Қазақстанда 25 клиника халықаралық комиссия аккредитациясынан өткен, оның 7-еуі — Астанада. Айрықша назар аударатын — Ұлттық балалар реабилитациялық орталығы, мұнда жыл сайын 4200 балаға көмек көрсетіледі.

Қала туризм саласында қызмет көрсететін 200 қызметкерді инклюзивті стандарттар бойынша оқытты, жаңа жобалар мүгедектігі бар адамдармен бірлесіп іске асырылып жатыр. Астана аталған қолжетімділікті — ерекшелік емес, әр адам үшін толыққанды өмір сүру құқығы ретінде көрсетіп отыр.

Еуропа Одағында 80 миллионға жуық мүгедектігі бар адам өмір сүреді, олардың 70%-дан астамы белсенді саяхаттайды. Астананың ENAT желісіне қосылуы әлеуметтік бағытталған туризмді дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге жол ашады.

Бұдан бұрын Vogue Қазақстанды 2025 жылғы ең үздік 14 бағытқа қосқанын жазған едік.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:128
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қаңтар 2026 01:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see140

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see139

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see133

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see133

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see131

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see129

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see126

Тұрмыстық қалдық кәдеге жарады

13 Қазан 2026 06:56see122

Әбу Даби 2026: қылмыстың алдын алу және қылмыстық сот төрелігі

13 Қазан 2026 06:06see121

Емханаларда ашық есік күні

13 Қазан 2026 04:50see121

Бүлдіршіннің бәрі жеңімпаз

13 Қазан 2026 04:23see110

Тарихи ескерткіштер тазартылды

13 Қазан 2026 04:23see109

Кофені көп ішсе, не болады?

13 Қазан 2026 01:36see109

Актер Олжас Абай мен Дариға Бадықованың құдалығынан видео жарияланды

12 Қазан 2026 22:25see106

Құс шаруашылығын жаңа деңгейге көтермек

13 Қазан 2026 04:23see105

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see105

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see104

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see103

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see102

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары