Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Елордалықтар өтініші тыңдалды

Кеңейтілген құрамда кездесті

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

Астана мен Мәскеу АЭС жобасын қоса алғанда 16 келісімге қол қоюды жоспарлап отыр

Астана мен Мәскеу АЭС жобасын қоса алғанда 16 келісімге қол қоюды жоспарлап отыр

Qazaq24.com, 7kun.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Ресей президенті Владимир Путин 27–29 мамыр күндері өтетін Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астанада жоғары деңгейдегі келіссөздерге, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы және V Еуразиялық экономикалық форумға қатысады. Бұл туралы ресейлік БАҚ жазды. 

Ресей президенті Астанаға соңғы жылдардағы ең ірі делегациялардың бірін бастап келді.  Оның құрамына 30-дан астам адам, соның ішінде вице-премьер Алексей Оверчук, бірнеше министр, Ресей Орталық банкінің төрайымы Эльвира Набиуллина және ірі бизнес өкілдері бар.

Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, 27 мамыр кешінде Владимир Путин Астанаға жеткеннен кейін мемлекет басшылары тет-а-тет форматында бейресми кездесу өткізеді. Ал негізгі шаралар 28-ші мамырда басталады. Атап айтқанда Тәуелсіздік сарайында ресми қарсы алу рәсімі өтеді. Одан кейін келіссөздер шағын және кеңейтілген құрамда жалғасады.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей президенттеріне үш бейнепрезентация көрсету жоспарланған. Олар бірлескен өнеркәсіптік жобаларға, жүргізушісіз жүк көліктері арқылы жүзеге асырылатын трансшекаралық жүк тасымалына және Амур жолбарыстарына арналады. Айта кетейік, биыл 8 мамыр күні Ресей Қазақстанға төрт амур жолбарысының күшігін табыстаған болатын.

Одан кейін Владимир Путин мен Касым-Жомарт Токаев Астанадағы «Сириус» орталығының құрылыс алаңында капсула салу рәсіміне қатысады. Содан соң мемлекет басшылары мен делегация мүшелері бірқатар құжаттарға, соның ішінде Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы мен тату көршілігінің жеті қағидаты туралы бірлескен мәлімдемеге қол қояды.

Путин мен Тоқаев БАҚ өкілдері үшін мәлімдеме жасап, кейін Астанадағы аллеялардың біріне емен көшетін отырғызады. Бұдан кейін олар мемлекеттік қабылдауға қатысады.

Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың сапаралды бирфингінде хабарлағандай, тараптар келіссөздер барысында саяси өзара іс-қимылдан бастап сауда-экономикалық ынтымақтастыққа, әскери-техникалық және гуманитарлық салаларға дейінгі ауқымды мәселелерді талқылайды. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік қауіпсіздік, Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы интеграция, көлік-логистика жобалары мен энергетика мәселелері күн тәртібінде болады.

Келіссөздер барысында экономикалық ынтымақтастыққа ерекше назар аударылады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы тауар айналымы рекордтық 29 миллиард долларға жеткен. Ресей Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің бірі ретінде елдің сыртқы сауда айналымындағы шамамен 19 пайыздық үлесін сақтап отыр.

Ресей тарапының мәліметінше, Қазақстан экономикасына салынған ресейлік инвестициялар көлемі 29,4 миллиард доллардан асқан. Қазір республикада ресейлік қатысуы бар 23,5 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді. Сонымен қатар машина жасау, энергетика, мұнай-химия, ауыл шаруашылығы, автомобиль өнеркәсібі және ғарыш салаларын қамтитын 70-тен астам ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылып жатыр.

Келіссөздер қорытындысы бойынша тараптар 16 құжатқа қол қоюды жоспарлап отыр. Олардың қатарында достық пен тату көршілік қағидаттары жөніндегі бірлескен мәлімдеме, сондай-ақ Росатом компаниясының қатысуымен Қазақстандағы алғашқы АЭС құрылысын жүзеге асыру туралы келісімдер бар. Дәл осы АЭС негізгі тақырыптарының бірі болмақ.

Қазақстанда алғашқы атом электр станциясы - «Балқаш» АЭС-інің белсенді құрылысы 2027 жылы басталады деп жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Атом энергиясы агенттігінің ресми өкілі Шыңғыс Ілиясовтың ақпаратына сүйеніп бірқатар БАҚ хабарлады. Сондай-ақ Ілиясов Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында тараптар алғашқы АЭС құрылысына қатысты екі үкіметаралық келісімге қол қоюы мүмкін екенін айтқан. Құжаттар атом электр станциясының құрылысы мен жобаның қаржылық тетіктерін реттеуге бағытталған.

«Бұл - АЭС құрылысы және жобаның қаржылық жағына қатысты келісімдер», - деп нақтылады агенттік өкілі.

Бұдан бөлек, мемлекет басшылары Қазақстан аумағы арқылы Ресей мұнайын Қытайға транзиттеу мәселесін және ЕЭО аясындағы интеграциялық үдерістердің болашағын талқылайды.

Сондай-ақ, 28 мамыр күні кешке Владимир Путин V Еуразиялық экономикалық форумның пленарлық отырысында сөз сөйлейді. Биылғы форумның негізгі тақырыбы — «Еуразиялық экономикалық одақтың жаһандық цифрлық бәсекедегі орны: жасанды интеллектке басымдық беру». Форумның пленарлық отырысында ЕАЭО елдерінің көшбасшылары сөз сөйлейді. Іс-шара қорытындысы бойынша ЕАЭО мемлекеттерінде жасанды интеллектіні дамыту және кеңінен енгізу жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылданады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар мемлекет басшылары цифрлық трансформация мен жасанды интеллект саласындағы әр елдің жетістіктеріне арналған көрмені тамашалайды.

Ал 29 мамыр күні Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысады. Алдымен кездесу тар құрамда, кейін кеңейтілген форматта жалғасады. Отырысқа Қазақстан мен Ресей президенттерінен бөлек, Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров және Армения премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян қатысады. ЕАЭК саммитінде Арменияның Еуроодақпен жақындасуы және АҚШ-пен стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қоюы аясында оның одақтағы болашағы да талқылануы мүмкін.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://7kun.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Мамыр 2026 22:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалы пәтер жалдаушы көшпей жатыр: Астана соты үй иесіне не істеу керектігін түсіндірді

09 Қазан 2026 20:27see140

Ол Манделаны қорғаған: 2026 жылғы Нобель бейбітшілік сыйлығының лауреаты аталды

09 Қазан 2026 15:10see136

Қошанов: Қоғамдық кеңестермен жұмыста кері байланыс әлі де қалыптаспаған

09 Қазан 2026 15:56see134

Бала тұлғасы және педагог кәсібилігіне арналған халықаралық жиын өтті

09 Қазан 2026 22:09see132

Қазақстанда 760 мыңнан астам адам ЖРВИ жұқтырған

09 Қазан 2026 17:20see131

“Бағалар Алматыдағыдай дерлік“: қазақстандық қыздар Жапонияға барар алдындағы лайфхактарымен бөлісті

09 Қазан 2026 19:03see129

Алматыдағы кіреберістерде ер адамның күдікті әрекеті камераға түсіп қалды

09 Қазан 2026 21:01see128

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see124

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see123

Елордалық оқушы Tiktok көретін балалардың зейінін зерттейтін нейрожоба әзірледі

10 Қазан 2026 10:25see123

Алдап шақырып, ұрып соғып, көлігін тартып алған : Астанада бопсалаушылар тобы сотталды

09 Қазан 2026 14:23see123

ЕАЭО елдері еңбек көші қоны және еңбеккерлерді әлеуметтік қорғау мәселелерін талқылады

09 Қазан 2026 14:26see122

Әділет партиясында жасанды интеллект зертханасы іске қосылады

09 Қазан 2026 15:56see121

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see121

Елордалықтар өтініші тыңдалды

10 Қазан 2026 06:26see118

Кеңейтілген құрамда кездесті

10 Қазан 2026 03:45see118

Алматыдағы бірнеше көше демалыс күндері жабылады

09 Қазан 2026 17:54see117

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see117

Теміртауда пәтерден ерлі зайыптының мәйіті табылды: күдікті марқұмдардың туған ұлы

09 Қазан 2026 13:46see116

Суға жүзуден Ғалымжан Балабек Әлем кубогы кезеңінде ұлттық рекордты жаңартты

09 Қазан 2026 17:42see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары