Астана орталығында дәрет сындырған шетелдіктерге Қазақстанға кіруге тыйым салынды
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
АЛМАТЫ, 10 наурыз – Sputnik. Астана орталығында дәрет сындырған екі шетелдікке бес жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті.
Әлеуметтік желіде шетелдік азаматтың Достық көшесі бойындағы мекемелердің бірінің маңында дәрет сындырғаны жайлы видео тарады.
"Полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзғандардың кім екенін анықтады. Олар 35 және 49 жастағы шетел азаматтары болып шықты. Олар Қазақстан Республикасының аумағынан кетіп үлгерген. Соған қарамастан кінәлілерге бес жыл мерзімге Қазақстанға кіруге тыйым салынды", - дейді полиция.
Осы факт бойынша Ішкі істер министрлігі бұл адамдарға қатысты тиісті шаралар қабылдау үшін Сыртқы істер министрлігін хабардар етті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:12
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Наурыз 2026 13:27 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















