Астанада 400 ден астам отбасын алдаған құрылыс компанияларының ісі сотқа жолданды
Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Елорда прокуратурасы «Оазис», «R-Club» және «R-ClubDeluxe» тұрғын үй кешендерінің құрылысына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтағандарын мәлімдеді, деп хабарлайды Arasha.kz.
Тергеу мәліметінше, күдіктілер тобы тиісті рұқсатсыз үлескерлердің ақшасын заңсыз жинап, 426 отбасыға 8,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген.
Анықталғандай, жиналған қаражат мақсатты түрде жұмсалмай, нысандардың құрылысы тоқтап қалған. Қазіргі уақытта іс бойынша 12 күдікті қамауға алынды.
Шығынды өтеу үшін олардың мүлкіне (10 пәтер, 36 жер учаскесі, 16 коммерциялық нысан және 49 автокөлік) тыйым салынды.
Прокуратура азаматтарды тұрғын үй сатып алмас бұрын құрылыс салушының үлескерлерден ақша жинауға рұқсаты бар-жоғын міндетті түрде тексеруді сұрайды.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:34
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Ақпан 2026 15:56 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















