Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Астанада баспасөз хатшыларына арналған республикалық медиафорум өтті

Астанада баспасөз хатшыларына арналған республикалық медиафорум өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Бүгін Астанада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі мен Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларына арналған  Media & Gov Connect  республикалық медиафорумы өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Іс-шараға орталық және жергілікті мемлекеттік органдардан 70-тен астам баспасөз хатшысы мен PR саласының мамандары қатысты.

Медиафорумның негізгі мақсаты – мемлекеттік органдардың коммуникациялық әлеуетін арттыру, баспасөз хатшыларының кәсіби біліктілігін жетілдіру және заманауи ақпараттық кеңістікте тиімді жұмыс жүргізудің озық тәсілдерін талқылау. Сондай-ақ 28 маусым – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні қарсаңында баспасөз хатшыларына арналған ағартушылық іс-шараларын ұйымдастырып, тәжірибе алмасуға және кәсіби дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік беретін тиімді алаң жасау.

Іс-шараның ашылуында Агенттік төрағасы Дархан Жазықбай медиа форумның мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы ашық әрі тиімді коммуникацияны нығайтудағы маңызы жайлы айтып,  еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды өзгерістерге тоқталды.

Сонымен қатар «Конституциялық реформалар, саяси және институционалдық жаңғыру үдерістері, сондай-ақ «Мемлекеттік қызмет туралы» жақында қабылданған Заң мемлекеттік басқарудың жаңа сапасын айқындап, ашықтыққа, есептілікке, кәсібилікке және адамға бағдарлануға негізделген жаңа басқару мәдениетін қалыптастыруды көздейді. Бұл ретте Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының маңызы ерекше. Халықпен ашық әрі сенімді диалог – тиімді мемлекеттік басқарудың басты шарттарының бірі», – деді Агенттік төрағасы.

Сондай-ақ мемлекеттік қызметтің тиімділігі қабылданған шешімдердің нәтижесімен ғана емес, қоғаммен өзара іс-қимылдың сапасымен де бағаланатынын айтып, ашықтық, есептілік және кері байланыс мемлекеттік қызметшінің күнделікті жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс екенін жеткізді.

Іс-шарада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі Қанат Ысқақов мемлекеттік органдардың баспасөз хатшыларының қоғам мен билік арасындағы тиімді байланысты қамтамасыз етудегі маңызды рөлі жайлы айтты.

Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «ОКҚ» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры Асқар Омаров форум қатысушыларына ақпараттың ашықтығы мен жеделдігін арттыру, мемлекеттік саясатты халыққа түсінікті жеткізу және кәсіби медиакоммуникацияны дамыту мәселелерінің өзектілігі жайлы баяндады.

Форумда отандық медиа саласының сарапшылары мен заңгерлер жасанды интеллект дәуірінде ақпарат көздерімен тиімді жұмыс істеу, ақпарат тарату барысында құқықтық жауапкершілік пен медиасауаттылық тақырыбында шеберлік сабақтарын өткізді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ақпараттық-үйлестіру орталығының басшысы Руслан Бекарсланов жалған ақпаратқа қарсы    іс-қимылдың заманауи тәсілдері жөнінде сөз сөйлеп, дезинформациямен күрестегі өзекті мәселелерді талқылады.

Форум бағдарламасы аясында қазіргі ақпараттық кеңістіктегі маңызды бағыттар қамтылды. Атап айтқанда:

– жасанды интеллект дәуірінде ақпарат көздерімен жұмыс істеу;

– құқықтық және медиасауаттылық;

– жалған ақпаратпен күрестегі заманауи тәсілдер.

 Media & Gov Connect республикалық медиафорумы мемлекеттік органдардың баспасөз қызметтері арасындағы кәсіби байланысты нығайтуға, тәжірибе алмасу және жаңа коммуникациялық тәсілдерді меңгеруге мүмкіндік беретін дәстүрлі алаң ретінде жалғасатын болады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:149
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Маусым 2026 00:03
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see122

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары