Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

Астанада Наурыз мейрамы қарсаңында 200 ден астам іс шара өтеді

Астанада Наурыз мейрамы қарсаңында 200 ден астам іс шара өтеді

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 13 наурыз – Sputnik. Көктемнің басты мерекесі – Наурыз мейрамы қарсаңында Астанада 200-ден астам түрлі іс-шара мен акция өтеді.

"Наурызнама" мерекелік онкүндік 14 наурыз күні Көрісу күнінен басталады. Бұл күні елордадағы ашық алаңдар мен саябақтарда Наурыздың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын насихаттайтын түрлі мәдени бағдарламалар, театрландырылған қойылымдар ұйымдастырылады, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

14 наурыз күні сағат 10:00-де №13 орта мектептің (Өндіріс тұрғын алабы, Шалкөде көшесі, 5) оқушылары "Көрісу күні – Амал мерекесі" акциясын өткізеді.

Мереке аясында мектеп оқушылары шағын ауданда тұратын ардагер ұстаздарды, зейнеткерлер мен тыл еңбеккерлерін арнайы барып құттықтайды. Осы арқылы олар аға буын өкілдеріне құрмет білдіріп, алғыс айтады. Оқушылар қонақтарға торттар мен тәттілер салынған себеттер табыстап, педагогика саласының ардагерлерімен емен-жарқын әңгімелеседі. Бұл шара ұлттық дәстүрлерді дәріптеуге, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға және жастардың үлкендерге деген құрметін арттыруға бағытталған.

"Осы күні сағат 14:00-де Астана қаласының Достық үйі ғимаратында "Ұлы Еліміздің Көрісу күні – Амал мерекесі" атты ұлттық киімдегі мерекелік шара өтеді. Іс-шара қазақ халқының құндылықтары мен салт-дәстүрін насихаттауға, этносаралық татулықты нығайтуға арналмақ", - еп жазылған хабарламада.

Мерекеге елордалық Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер мен қоғамдық құрылымдардың өкілдері қатысады. Театрландырылған бағдарлама барысында қазақ әндері шырқалып, Қазақстан халқының ұлттық тағамдары таныстырылады.

Сонымен қатар Ақсақалдар кеңесі мен Аналар кеңесінің мүшелері "Көрісу" дәстүрін көрсетеді. Олар ұлттық салт-дәстүрлер жайлы әңгімелеп, көпшілікке ақыл-кеңесін айтады әрі бата береді.

Көрісу рәсімі – ұзақ әрі қыстан кейін көктем қарсаңында адамдардың қауышуын, үлкендерге құрмет көрсетуді, ренішті ұмытып, бірлік пен мейірімділікті дәріптеуді білдіретін тағылымды дәстүр.

Сондай-ақ Наурызды көне мәдени код әрі қазақ халқының өміршең дәстүрі ретінде жан-жақты танытуға арналған "Наурыз жылнамасы" атты ғылыми-этнографиялық конференция мен көрме өтеді.

14 наурыз күні сағат 12:00-16:00 аралығында Ататүрік саябағы аумағында "Көрісу күні – Амал мерекесі" атты ауқымды мәдени бағдарлама ұйымдастырылады. Оған мәдениет қайраткерлері, елордалық білім беру мекемелерінің балалар ұжымдары және этномәдени орталықтардың шығармашылық топтары қатысады.Іс-шара аясында заманауи AI-аймақ та жұмыс істейді.

Астанада цифрландыру жылы аясында "Наурызбай" және "Наурызай" атты аватарлары бар жасанды интеллект көмекшісі әзірленген. Бұл виртуалды кейіпкерлер қала тұрғындары м ен қонақтарына мерекелік бағдарлама, сондай-ақ Наурыздың тарихы мен дәстүрлері туралы ақпарат береді.

Сонымен бірге ұлттық музыкалық аспаптар мен қолданбалы өнер бұйымдарының көрмесі ұсынылады.

Сағат 15:00-де "Хан Шатыр" сауда-ойын-сауық орталығында "Tartys Fest" спорттық ойындар фестивалі басталады. Жарысқа спортшылар, қала тұрғындары мен қонақтары қатыса алады. Бағдарламада арқан тарту, кермеде тартылу, қой көтеру, сондай-ақ жасанды интеллектке қарсы тоғызқұмалақ ойнау сияқты сайыстар өтеді. Фестивальге 18 жастан асқан барлық ниет білдіруші қатыса алады. Қатысу тегін, тіркеу жарыс басталар алдында сол жерде жүргізіледі. Жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар табысталады. Бұл фестиваль ұлттық спорт түрлерін насихаттауға, салауатты өмір салтын дәріптеуге және тұрғындарды белсенді спорттық шараларға тартуға бағытталған.

Сол күні сағат 12:00-де Сарыарқа ауданындағы Қорғалжын сквері аумағында спорттық-шығармашылық іс-шара өтеді.

Ал Әл Фараби атындағы Оқушылар сарайында 14-18 наурыз күндері халық ертегілерінің желісімен сахналанған "NAURYZ-2026" мерекелік театрландырылған қойылымы көрсетіледі.

Бұдан бөлек, 14 және 15 наурыз күндері Астанада "Nauryz Sale" атты ауқымды азық-түлік жәрмеңкелері өтеді.

Жәрмеңкеде Қазақстанның түрлі өңірлерінен келген фермерлер мен өндірушілердің өнімдері ұсынылады. Қала тұрғындары мен қонақтары көкөніс пен жеміс-жидек, ет және сүт өнімдері, шұжық, ұн, жарма, наубайхана өнімдері, табиғи шырындар, тосап, бал және басқа да азық-түліктерді қолжетімді бағамен сатып ала алады.

Жәрмеңкелер 14-15 наурыз күндері сағат 10:00-18:00 аралығында мына мекенжайларда өтеді:

Keryen Joly сауда орталығы (Алаш тасжолы, 35Б);

Koktal сауда орталығы (Н.Тілендиев даңғылы, 12а);

Евразия сауда орталығы (Қ.Сәтбаев көшесі);

Астаналық базар (С.Сейфуллин көшесі, 47);

Damu Mall (Ж.Нәжімеденов көшесі, 26);

Шапағат базары (Бөгенбай батыр даңғылы, 69);

Сауран базары (Алматы көшесі, 3).

Елордада ұйымдастырылатын бұл шаралар Наурыз мейрамының мазмұнын кеңінен танытып, ұлттық дәстүрлерді жаңғыртуға және тұрғындардың мерекелік көңіл-күйін арттыруға бағытталған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:127
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 08:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see143

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see140

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see139

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see138

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see137

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see133

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see131

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see131

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see130

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see124

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see124

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see121

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see120

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see120

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see119

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see119

Қазақстанда орташа жалақы 486 мың теңгеден асып кетті

25 Қазан 2026 09:29see116

Дастан Сәтпаев ойнаса да, Бернли тағы да жеңілді

24 Қазан 2026 22:01see114

Классик Мерей Мәулитқанов Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатының ширек финалына өтті

24 Қазан 2026 14:36see110

Алаяқтар сіздің атыңызға несие рәсімдемеуі үшін не істеу керек?

24 Қазан 2026 22:17see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары