Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

Астаналық студенттер өкпе обырын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты

Астаналық студенттер өкпе обырын ерте анықтайтын жүйе ойлап тапты

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Жақында Парижде өткен халықаралық «iGEM» байқауында Nazarbayev University студенттерінің командасы синтетикалық биология саласындағы алтын медаль мен «Best Entrepreneurship» арнайы жүлдесін жеңіп алып, әлемнің ең үздік жас биоинженерлері қатарына қосылды. Байқауда дүниежүзінің әр түкпірінен келген 7 мыңнан астам қатысушы мен 420-дан аса команда бақ сынасты, деп жазады Egemen.kz.

Біздің студенттердің «LUCID» жобасы – өкпе обырын ерте анықтауға арналған инновациялық жүйе. Ол негізгі екі бөліктен бөліктен тұрады. Біріншісі, «OncoSense «атты талшықты биосенсор болса, екіншісі – «Cancerna» жасанды интеллект жүйесі. Осы екі технология бірігіп, КТ-суреттерді талдау арқылы ісіктің сипатын дәлірек анықтауға көмектеседі.

Бұл – елімізде жиі кездесетін қатерлі дерттің бірі. Енді NU студенттері осы ауруды ерте әрі қолжетімді анықтайтын жоба ұсынып отыр.
«OncoSense» биосенсоры телекоммуникацияда қолданатын бірмодалы оптикалық талшықтарға негізделген. Бұл оның сезімталдығын арттырып, өндіріс құнын төмендетеді. Қазір құрылғы «ex vivo» форматында клиникалық сынақтан өтіп, науқастардың қан сарысуынан биомаркерлерді анықтау тиімділігін көрсету үстінде.

Ал «Cancerna» жасанды интеллект модулі жүйені толықтырып, ісіктерді қауіп деңгейіне қарай жіктейді, дәрігерлерге суреттерді талдауға, есептер құрастыруға және дәрілік өзара әрекеттестікті тексеруге көмектеседі. Болашақта команда ПЭТ/КТ деректері негізінде метастаз болжамын енгізіп, технологияны басқа қатерлі дерт түрлеріне де бейімдеуді жоспарлап отыр.

«Өлшеу әдісіміз доктор Даниэле Тоси жетекшілік ететін биосенсорлар мен биоқұралдар зертханасында жасалып, кейін өз биосенсорымызды құруға бейімделді. Біз сенсордың дұрыс жұмыс істеп, жеткілікті сезімталдыққа ие екенін растадық. Сондықтан зерттеуді жалғастыруды жоспарлап қойдық. Ал жасанды интеллект жүйесін дамыту – Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп жүзеге асады. Алдағы уақытта ЖИ моделін қосымша оқытып, жетілдіріп, оны клиникалық жағдайда сынақтан өткізуді көздеп отырмыз», деді «iGEM NU Kazakhstan» командасының жетекшісі Рауан Мұратұлы.

Рауанның айтуынша, байқауда арнайы аталымдар бойынша бәсекелестік өте жоғары болған. Біздің команда «EPFL», «McMaster University», «Boston University», «Queen’s University», «Beijing Institute of Technology», «University of Rochester» және «Eindhoven University of Technology» секілді мықты командалармен бақ сынасқан. 

Ал «LUCID» жобасы байқауда ғылыми маңызымен қатар, кәсіпкерлік әлеуеті үшін де жоғары бағаланды. Студенттер өздері ұсынған жобаның нарыққа енгізілуін дәлелдеп, оның елімізде ғана емес, шетелдік емдеу мекемелерінде де қолдануға болатынын көрсетті.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 28 Қараша 2025 21:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see152

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see150

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see148

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see146

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see133

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see130

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see130

Жақсы дәстүр : министрлік Білім күні ұстаздарға гүл сыйлауға қатысты мәлімдеме жасады

29 Тамыз 2026 10:48see130

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see129

Батыс Қазақстанның үш ауылында қайтарылған активтер есебінен су құбыры іске қосылды

29 Тамыз 2026 10:48see128

Семей полигонының соңғы шекаралық белгісі орнатылды

29 Тамыз 2026 17:53see128

Қазақстанда криминалистика бойынша қос дипломды білім беру бағдарламасы іске қосылды

29 Тамыз 2026 14:16see124

Смартфондарды тіркеу кезіндегі биометрия: Қазақстанда ережелерді өзгертпекші

28 Тамыз 2026 19:30see122

Украинаның 2027 жылғы бюджет тапшылығы жоспарланғаннан жоғары болуы мүмкін БАҚ

29 Тамыз 2026 12:10see122

Үкімет өз өкілеттігін тоқтатты

28 Тамыз 2026 11:08see121

Президент Құрылтай алдындағы міндеттерді белгіледі

28 Тамыз 2026 12:32see120

Байдарка мен каноэде ескек есу: Мария Бровкова Польшадағы әлем чемпионатында үздік бестікке енді

29 Тамыз 2026 19:10see119

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде жеңіске жетті

29 Тамыз 2026 23:22see119

Қазақстан телевизиясының ардагері Тілеуқабыл Мыңжасар қайтыс болды

29 Тамыз 2026 11:04see119

Қазақстанның алғашқы Құрылтайының үш вице спикері аталды

29 Тамыз 2026 21:13see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары