Астананың Орталық саябағындағы аққудың жағдайы қазақстандықтарды алаңдатты
Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
Әлеуметтік желілерде Астананың Орталық саябағындағы аққу түсірілген видео тарап жатыр. Жазба авторы құстың бірнеше күннен бері дұрыс қозғала алмай жүргенін айтып, қалалық қызметтерден жануарға көмектесуді сұрайды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Байғұсқа көмектесіңіздерші"
Жазба астында қолданушылар әкімдікті құсқа назар аударуға шақырып жатыр. Кейбіреулер e-Otinish арқылы қоршаған ортаны қорғау басқармасына өтініш жолдап үлгергенін хабарлады. Пікір қалдырушылар көмек көрсетілмесе, жануар ауыр жарақат алуы мүмкін деп қауіптенеді.
Әкімдік не деді?"Неше күннен бері қиналып жүрген байғұсқа көмектесіңіздерші", – делінген жазбада.
Астана әкімдігі мамандардың аққудың жағдайын тексеріп үлгергенін хабарлады. Олардың мәліметінше, қазір құстың жағдайы жақсы.
"Орталық саябақтың ақпараты бойынша, аққудың мінез-құлқы аралдағы табанының астында бөгде заттардың болуына байланысты болған. Қазіргі уақытта құстың жағдайы алаңдаушылық туғызбайды: аққу су айдынында, белсенді жүзіп жүр", – деп хабарлады әкімдік.
Әкімдік ақпаратынша, мамандар оның жағдайын бақылауды жалғастырады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:72
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Шілде 2026 15:20 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















