Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

Ата аналар балаларына 19 миллиард теңге алимент қарыз

Ата аналар балаларына 19 миллиард теңге алимент қарыз

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанда алимент бойынша 232 мыңнан астам борышкер бар, олардың басым көпшілігі - ер адам. Тек 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында төлем мүлдем жүргізілмейтін атқарушылық істер бойынша берешек 19 миллиард теңгеге жетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Әділет министрлігінің Мәжбүрлеп орындату комитеті Қазақстандағы алимент бойынша борышкерлерге қатысты статистиканы бөлісті.

Жүз мыңдаған борышкер

Мәселен, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында сот орындаушыларында алимент бойынша 329 513 атқарушылық іс болған. Салыстырмалы түрде: 2025 жылы олардың саны - 354 803, 2024 жылы - 343 970.

"Бұл ретте мәселе борышкерлер саны емес, атқарушылық істер туралы болып отыр. Бір адам бірден бірнеше атқарушылық іс бойынша борышкер болуы мүмкін", - деп нақтылады комитеттегілер.

Комитет мәліметінше, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 232 758 борышкерге қатысты атқарушылық іс болған. Олардың 96,7 пайызы - ер адам, 3,2 пайызы - әйел.

1 шілдедегі жағдай бойынша алимент өндіріп алу туралы ең көп атқарушылық іс Қарағанды облысында тіркелген - 23 896. Екінші орында 23 305 іс жүргізумен Түркістан облысы тұр. Одан кейін Астана - 22 761 және Алматы - 20 328, сондай-ақ:

Алматы облысы - 17 395; Павлодар облысы - 17 213; Қостанай облысы - 16 971; Жамбыл облысы - 16 714; Ақтөбе облысы - 16 016; Шығыс Қазақстан облысы - 13 966. Миллиардтаған қарыз

Тағы бір назар аударарлық көрсеткіш - алимент бойынша жалпы берешек сомасы. Бірінші жартыжылдықта балаларға 19 миллиард теңге төленбеген.

Салыстырмалы түрде: 2024 жылы алимент бойынша жалпы қарыз 16,7 миллиард теңге, 2025 жылы 18,2 миллиард теңге болды.

Берешек көп өңірлер:

Түркістан облысы - 4,6 миллиард теңге; Солтүстік Қазақстан облысы - 2,9 миллиард теңге; Шығыс Қазақстан облысы - 2,3 миллиард теңге; Қарағанды облысы - 2 миллиард теңге; Павлодар облысы - 1,7 миллиард теңге; Алматы - 1,6 миллиард теңге; Батыс Қазақстан облысы - 1,1 миллиард теңге.

Одан кейін Атырау облысы - 864,9 миллион теңге, Жетісу облысы - 537,6 миллион, Шымкент - 432,6 миллион, Қызылорда облысы - 369,1 миллион, Қостанай облысы - 357,1 миллион теңге.

Алматы облысында алимент бойынша қарыз 4,8 миллион теңге, ал Астанада 2,1 миллион теңге.

Борышкерлердің жауапкершілігі

Комитет өкілдері борышкерлерге әсер ету құралдарының бірі әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік екенін атап өтті. Мәселен, 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында алимент бойынша 2 190 борышкер әкімшілік жауапкершілікке тартылған. 2025 жыл бойы мұндай 4 824 жағдай тіркелді.

Алимент төлеуден жалтарғаны үшін 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 227 борышкер қылмыстық жауапкершілікке тартылды. 2025 жылы - 380.

Тағы бір шара - елден шығуға шектеу қою.

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 16 494 борышкерге Қазақстаннан шығуға уақытша шектеу қойылды. 2025 жылы бұл шара 26 887 борышкерге, 2024 жылы 26 336 борышкерге қолданылған.

Алимент аударудың жаңа ережесі

Еске салсақ, 2026 жылғы 25 тамыздан бастап Қазақстанда алимент аударудың жаңа тәртібі күшіне енді. Бұдан былай балаларды асырауға арналған ақша арнайы банктік шотқа аударылуы тиіс. Алушы мұндай шотты ашып, оның деректемелерін сот орындаушысына тапсыруы қажет.

Арнайы алимент шотындағы қаражат бұғаттаудан қорғалған. Бұл ретте мұндай шоттың болмауы борышкерді алимент төлеу міндетінен босатпайды, ал бұрыннан қалыптасқан берешек жойылмайды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Тамыз 2026 18:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Медицина қызметкерлерінің кәсіби мәртебесі туралы заң жобасын әзірлеу жұмысы басталды

10 Қазан 2026 17:27see146

Ғалымдар әлемдегі алғашқы ядролық сағаттарды жасап шығарды

10 Қазан 2026 15:17see145

Жасанды интеллект полицияға адам өлтіру туралы жалған хабар жіберген

10 Қазан 2026 13:12see144

Қостанай облысында тұрғын үй өртеніп кетті

10 Қазан 2026 22:55see142

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see135

Германиядан келген туристерге Қазақстан полициясының көмегі қажет болды

10 Қазан 2026 17:10see134

Елдос Сметов Абу Дабиде өтетін Grand Slam турниріне қатысады

10 Қазан 2026 12:45see134

Қазақстанда телефонды тіркеу тәртібі өзгерді

10 Қазан 2026 16:24see132

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see131

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see128

America’s Got Talent жеңімпазы Тайланд королінің алдында тізерлеп тұрды

10 Қазан 2026 17:43see128

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see127

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see122

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see118

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see117

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see112

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see107

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see106

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see106

Ресей Украинаға әуе шабуылдарының тактикасын өзгертті Financial Times

10 Қазан 2026 22:00see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары