Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

Құрылтай төрағасы сайланды

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

Аты қаржы , заты шығын орталық

Аты қаржы , заты шығын орталық

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Олардың мәліметі бойынша, бұрын бюджетке жүздеген миллиард салық төлеп келген компаниялар АХҚО-да қайта тіркеуден өтіп, тиісті жеңілдіктер иеленіп, салық төлеуді тоқтатқан. Сөйтіп, бұл бюджетке соққы болған. Осы орталықтың елге қандай пайдасы бар?

Орталық Ұлт жоспары аясында 2018 жылы құрылды. 2020 жылғы 2 шілдеде өткен АХҚО-ны басқару кеңесінің отырысында орталықты 2025 жылға дейін дамытудың жаңа Стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, Еуразиялық одақ, Батыс Қытай, Моңғолия, Шығыс Еуропа өңіріндегі жетекші халықаралық орталық ретінде қалыптасатыны бекітілді. 

Бірақ бір жайт елең еткізеді: 2020 жылы «Астана» қаржы орталығы Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін 2023 жылға дейін өзін-өзі ақтауға шығатынын («выход на самоокупаемость») жариялады. Осы мақсатта 2020 жылы АХҚО-ны ел қазынасынан қаржыландыру бойынша бюджеттік өтінімі 40%-ға қысқартылды. 

«Салыстырар болсақ, 2019 жылы орталыққа бюджеттен 20 миллиард теңге бөлінген еді. Президент Қ.Тоқаевтың орталықты өз шығынын өзі өтеуіне шығару тапсырмасы аясында төл бюджеттік өтінімінің мөлшерін 2020 жылғы 13,074 миллиард теңгеден 2021 жылы 11,821 миллиард теңгеге дейін азайтады. Әрі қарай бюджеттік өтінімді 2022 жылы 9,9 миллиард теңгеге, ал 2023 жылы 9,1 миллиард теңгеге дейін қысқарту күтіп тұр», деп мәлімдеген еді сонда АХҚО. 

Оның түсініктемесінде жазылғандай, 2023 жылдан кейін толығымен өзін-өзі ақтауға шығару үшін орталық шығыстарын және қатысушылардан жиналатын салықтық жеңілдіктерін тұрақты негізде оңтайландыру, сонымен бірге АХҚО органдарының және ұйымдарының төл табыстарын арттыру көзделген. Құптарлық мұрат, керемет мақсат. Қол жеткізді ме? 

Жоқ. Депутаттар қаржы орталығының әлі күнге бюджеттің мойнында масыл болып отырғанына таңданыс білдірді. Бюджетке артар салмағын азайтудың орнына көбейтіпті. Мысалы, 2023 жылы – 9,1 миллиард теңге ғана алатынын уәде еткенімен, іс жүзінде сол жылы 10 млрд 395 млн теңгеден көп қаржы сұратып алыпты. Және 2023 жылмен шектелмеді, 2024 жылы – 8 млрд 910 млн теңге бюджет қаражатын жұмсады. Содан бері «тәбетін» шамалы басқаны болмаса, сол бойы бюджетке ауыз ашып келеді екен.  

2025-2027 жылдарға арналған респуб­ликалық бюджетке сай, «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ-ға ел қазынасынан нысаналы аударым ретінде 2025 жылы кем дегенде – 7 млрд 400 млн, келесі 2026 жылы – 7 млрд 200 млн, 2027 жылы 7 млрд 100 млн теңге бөлінеді. Демек, өз шығынын өзі өтеушілік туралы сөз жоқ. Ол уәдесі орындалмаған. 

Бюджетті миллиардтардан кім айыр­ды?

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова АХҚО-ның 2023 жылдан кейін өзін-өзі өтеуге кірісуге міндеттеме қабылдағанымен, жыл сайын жаңа республикалық бюджетте міндетті түрде «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ-на нысаналы аударым» бюджеттік өтінімін ұсына қоятынын қынжыла жеткізді. 

– Бюджеттік бағдарлама аясында қаржы орталығын ұстап тұруға онсыз да тапшы бюджеттен миллиардтап шығын шығаруға тура келеді. Орталықтың жұмыс істеп жатқанына жеті жылдан асты. Осы жылдар бойы республикалық бюджет оны ұстап тұру үшін орасан шығын көруде. Салықтан түсетін қаражат бюджеттің жыртығын жамауға жетпей жатқанда, АХҚО-ның органдары мен ұйымдарының жұмысына, басшылары мен қызметкерлерінің үлкен жалақысын төлеуге ел қаржысын молынан жұмсауды қояр емеспіз, – деді И.Смирнова.

Ол АХҚО-ның Қазақстан үшін стратегиялық жоба екенін мойындады. Бірақ депутат әу бастан оның инфрақұрылымын құру, құқықтық базасын түзу, технологияларын дамыту, білікті мамандарды тарту, жұмысын жолға қоюын демеу үшін бастапқы кезеңде ғана мемлекеттік қаржыландыру ұсынылатыны мәлімделгенін еске салды. Онсыз да барлық қажетті ғимарат – «Астана ЭКСПО-2017» кешені тегін берілді.  

– Алайда біз енді неге куә болып отырмыз? Қаржы орталығын республикалық бюджеттен қаржыландыру алдағы жылдары да жалғаспақ! Жалпы сомасы ондаған миллиард теңге шығындалады. АХҚО-дағылар өзін-өзі ақтауға шығу туралы уәделерін тып-тыныш қана «ұмытып» кеткен сияқты, – дейді Мәжіліс депутаты. 

Қаржы министрі Мәди Такиев бюджеттен берілетін қаржы, негізінен, басқарушы компанияның әкімшілік шығыстарын, еңбекақы төлеу қорын өтеу үшін бағытталатыны туралы хабардар еткен. 

– Өздеріңіз білесіздер, онда АХҚО соты, АХҚО арбитражы және өзгесі бар. Бұл органдар өз бетінше табыс таба алмайды. Сондықтан оларды республикалық бюджет есебінен ұстап тұруға мәжбүрміз. Халықаралық тәжірибе бойынша мұндай үлкен орталықтардың операциялық шығыстары Үкімет есебінен жүргізіледі. Әйткенмен 2019 жылдан бері жыл сайын орта есеппен 15%-ға азайтылды. Келесі жылдан бастап шамалы болса да азаяды, – деді бас қаржыгер. 

Оның айтуынша, АХҚО құрылғаннан 2024 жылға дейінгі аралықта 115 мил­лиард теңге салық жинады. Алайда оны ұстап тұруға 107 миллиард теңгеден астам қаржы кетіпті. Қаржы министрі қаржы орталығы қатысушыларынан жиналатын салық көлемін арттыруға талаптанып көре­тіндерін тілге тиек етті. Мәди Такиевтің сендіруінше, орталық белгілі бір пулды жинағаннан кейін өзін-өзі қаржыландыруға көшеді, бірақ соның өзінде АХҚО-ның еңбекақы төлеу қорын ел бюджеті көтереді.

Орталықтың шығыстары сыртында өзге «кесірі» барын республикалық бюджетті қалыптастыруға жауапты тағы бір тұлға – Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жеткізді. Осы мәселені еліміздің бас экономисі жаңа Салық кодексінің жобасы талқыланған кезде де көтерді. Әйтпесе, оның тоқтамынша, «Астана» қаржы орталығы Қазақстанның ішіндегі офшорға айналып барады. Резидент және бейрезидент компаниялар Қазақстанға салық төлемеу үшін осы орталықта тіркелетінді шығарды. 

– АХҚО Қазақстан ішіндегі офшорға айнала бастағандықтан, біз салықты жоғалтып жатырмыз. Бюджет үлкен салықтық шығын шегеді. Мен кәсіпорындардың атын нақты атамай-ақ қояйын, бірақ бір мысал келтіргім келеді. Кәсіпорындарымыздың бірі жуырда өзінің бас кеңсесін холдинг арқылы АХҚО-да тіркетіп, соның өрісіне көшіріп алды. Соның кесірінен ел бюджеті корпоративті табыс салығы түрінде 200 миллиард теңгеден артық түсімнен айырылды, – дейді Серік Жұманғарин. 

Орталық күшті бір құзырынан қағылады

Айтпақшы, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев­тің мәліметінше, енді Қазақстанда бизнес ашу үшін шетелдіктерге елге келудің де қажеті болмайды: тек АХҚО юрисдикция­сында резиденциясын қашықтан тіркей салу мүмкіндігі ұсыныла бастады. 

Мұндай жағдайда «Астана» қаржы орталығына босқа шығындала бергенше, оны жауып тастаған жөн емес пе? Бұған вице-премьердің бірі Серік Жұманғарин да қарсы. Оның пікірінше, Мемлекет басшысы алға қойған басты міндеттердің бірі – инвестиция тарту. Басты мақсат – 2029 жылға қарай экономиканың көлемін 2 еселеу, сол арқылы Қазақстанның ЖІӨ-сінің көлемін 450 миллиард долларға жеткізу. 

Еліміздің бас экономисі Президент қойған бұл міндетті орындау үшін кемінде 150 миллиард доллар көлемінде тікелей инвестиция тарту, сондай-ақ негізгі капиталға салынатын инвестициялардың ЖІӨ-дегі үлесін 23%-ға жеткізу қажет болатынын нықтады. Үкімет осы істе АХҚО көмектеседі деп үміттеніп отыр. Үкімет басшысы орынбасарының айтуынша, қазірдің өзінде елде жаңа тетіктер енгізілді, соның ішінде инвестициялар туралы келісімдер мен басым жобаларға арналған «жасыл дәліз» механизмі бар. 

– «Астана» халықаралық қаржы орталығы бұл міндеттерді жүзеге асыруда ерекше рөл атқаруға тиіс. АХҚО ағылшын жалпы құқығының қағидаттарына, тәуелсіз реттеу мен халықаралық стандарттарға негізделген бірегей институционалдық орта ұсынады. Бүгінде орталық алаңында 85 елден 4 мыңнан астам компания тіркелген. Олар активтерді басқару мен fintech-тен бастап, жасыл қаржы және исламдық банкингке дейінгі түрлі саланы қамтиды. Осы компаниялардың Қазақстан экономикасына салған жалпы инвестиция көлемі 17 млрд доллардан асты, – деді С.Жұманғарин.   

Өз кезегінде АХҚО 2025 жылдың 9 айындағы қызмет нәтижелерін ұсынды. 2025 жылдың үшінші тоқсанында бірнеше маңызды межеге жетіпті. Соның ішінде AIX биржасы құрылған сәттен 500-ші лис­тинг тіркелді. 9 қыркүйекте жыл басынан бергі сауда айналымы 1 млрд долларға жетті, ал 2024 жылы бұл көрсеткішке 18 қазанда жеткен еді.

Биылғы қаңтар-қыркүйек айларында AIX ресми тізіміне 118 эмитенттің 142 бағалы қағазы енгізіліпті. Салыстырғанда, 2024 жылы 140 құнды қағаз тіркелген еді. Тартылған капитал бойынша биржа іске қосылғалы – 10,2 млрд доллар, соның ішінде 2025 жылдың 9 айында 3,2 млрд доллар тартылған. 2025 жылғы 20 тамыздағы жағдай бойынша, АХҚО 17,1 млрд доллар инвестиция тартыпты. Қатысушылары бюджетке 198,7 млрд теңге салық төлеген.  

Жасыратыны жоқ, «Астана» қаржы орталығы майнерлерді және цифрлық активтерді заңдастыру үшін қызмет етеді. Мысалы, заң бойынша биткойн және басқа криптовалюталарды АХҚО аясынан тыс жерде, Қазақстан территориясында алып-сатуға қатаң тыйым салынған. Бұл тыйымды бұзғандардың қолына кісен салынып, мүлкі тәркіленіп, абақтыға қамалады. Алайда Президенттің ЖИ-ге және цифрландыруға арналған биылғы Жолдауынан кейін бұл ұзаққа созылған тәжірибеден мемлекет бас тартпақ. 

Жасанды интеллект министрі Жаслан Мәдиев өз министрлігінің криптоиндустрияны ырықсыздандыруға-либерализациялауға және цифрлық майнинг индустриясына инвестиция тартуға бағытталған жаңа заң жобасын әзірлегенін хабарлады. Түзетулер біріншіден, криптовалюталарды АХҚО-да «қамамай», бүкіл Қазақстан аумағында заңдастыруды, екіншіден, Қазақстан аумағында криптоайырбастаудың лицензиялануын енгізуді қарастырады.

Үшіншіден, жаңа заңнамалық түзетулер қазіргі заңдағы «майнерлер өндірген цифрлық активтерді тек АХҚО-да сату» туралы міндеттемені алып тастауды, төр­­тіншіден, криптовалюта майнингін өрістету үшін қолданыстағы электр стан­саларын жаңғырту бойынша «70/30 бағ­дарламасы» жобасын іске асыруды қамтиды. Олай болса, Астана қаржы орталығы салмақты бір құзырынан айырылғалы тұр.

Елдос СЕНБАЙ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:174
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қазан 2025 05:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда қай несие түрін алу оңайырақ

27 Тамыз 2026 16:19see170

Алматыда Жандосов көшесінде қозғалысқа төртінші рет шектеу қойылды

27 Тамыз 2026 14:49see168

Түркістан облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші полициядан қашпақ болды

27 Тамыз 2026 20:58see160

Депозиттен түсетін табысқа 5% салық: Ұлттық экономика министрлігі ақпаратты жоққа шығарды

27 Тамыз 2026 21:56see150

Алматыда Венадан Буэнос Айреске дейін концерті өтті

28 Тамыз 2026 01:40see145

Украинада әскери қызметкерлерге жалақы төлеуге қаражат жетіспейді Жоғарғы Рада

27 Тамыз 2026 20:39see143

Алматыда куәлігі жоқ және терезесі қараңғыланған жүргізуші қамауға алынды

27 Тамыз 2026 19:41see142

Мейрамбек Бесбаев жұртты таңғалдырды (видео)

27 Тамыз 2026 21:25see141

Кәріз құдығында есінен танып жатқан екі жұмысшыны құтқарған полицейлер марапатталды

27 Тамыз 2026 21:10see138

Өскелең ұрпақтың қолайлы және қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін барынша жағдай жасауымыз керек Тоқаев

28 Тамыз 2026 13:04see136

Қазақстандық дзюдошыларға ақшалай сыйлықтар табысталды

27 Тамыз 2026 21:52see135

Құрылтай төрағасы сайланды

28 Тамыз 2026 15:13see134

Қазақстанның солтүстігі мен батысында ауа температурасы төмендейді

28 Тамыз 2026 10:51see132

Непал мен Қытай шекарасында болған жойқын су тасқыны: Қазақстан азаматы да іздестіріліп жатыр

27 Тамыз 2026 17:28see130

Әл Фарабидегі ЖКО: Александр Пактың таныстарына қатысты іс қайта жанданды

28 Тамыз 2026 18:15see129

Қазақстандықтар қай салада көбірек жұмыс істейді инфографика

27 Тамыз 2026 18:39see123

Құрылтайдың алғашқы отырысы өтті

29 Тамыз 2026 03:27see114

Павлодарда күзетші жұмыс орнынан қомақты қаражатты қолды еткен

29 Тамыз 2026 07:58see114

Шындық пен әділдік негізге айналуға тиіс

29 Тамыз 2026 04:47see111

1 қыркүйек: мұғалімге гүл сыйлау міндетті емес таңдау ата анада

29 Тамыз 2026 09:03see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары