Атырау облысында 156 мүмкіндігі шектеулі жанның құқығын қалпына келтірілді
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Көрнекі суретАтырау облысында прокуратура инватакси қызметін ұйымдастыру кезінде мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығы бұзылғанын анықтады. Қадағалау органының араласуы нәтижесінде 156 тұрғынның құқығы қалпына келтірілді.
Атырау облысының прокуратурасы хабарлағандай, тексеру Жылыой ауданында жүргізілген. Талдау барысында инватакси қызметін ұйымдастыру кезінде өрескел заң бұзушылықтарға жол берілгені анықтады.
Прокуратураның мәліметі бойынша, І-ші және ІІ-ші топтағы мүгедектігі бар жандар қозғалыс кезінде және диспетчерлермен байланыс орнатуда негізсіз шектеулерге тап болған.
Сонымен қатар жергілікті инватакси қызметі ауылдық округтер мен елді мекендерге көрсетілмегенін, сондай-ақ диспетчерлік қызметтің жұмысы тиісті түрде ұйымдастырылмағаны анықталды.
Өз міндетін тиісінше орындамағаны және заң бұзушылықтарға жол бергені үшін үш лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Нәтижесінде Жылыой ауданының 156 тұрғынының құқықтары толықтай қалпына келтірілді.
Бүгін, 11:13
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:27
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 12:25 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















