Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Атырау облысында жедел штабтың отырысы өтті

Атырау облысында жедел штабтың отырысы өтті

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Атырау облысы әкімінің төрағалығымен жедел штабтың кезекті отырысы өтіп, қолайсыз ауа райының салдарын жою және аймақтың тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің жұмысын қамтамасыз ету мәселелері қаралды., – деп хабарлайды Aikyn.kz

Қазгидромет мәліметінше, бүгін Индер ауданында желдің екпіні  30 м/с-қа, Атырау қаласында 24 м/с-қа дейін жеткен. Түнде облыс бойынша жел 23–28 м/с-қа күшейіп, ертең күндіз 18 м/с, кешке қарай 15–18 м/с болады деп күтілуде. Сол себепті барлық қызмет күшейтілген режимдегі жұмысты жалғастыруда.

Төтенше жағдайлар департаменті  ұшқан  шатырларды жинау және демонтаж жұмыстарын ұйымдастырды, автожолдардың жекелеген учаскелері жабылды, тасжолдарға кезекшілік қойылып, жылыну қосындары ашылды және құтқару бригадалары жұмылдырылды.

Облыс аудандарында бірқатар нысанға зақым келген. Индер ауданында 6 нысанның шатыры бүлініп, электрмен жабдықтауды қалпына келтіру жұмыстарына 7 бригада мен 8 техника тартылған. Мақат ауданында мектептің шатыры бұзылған, электр желілерін қалпына келтіруге 6 апаттық бригада жұмылдырылды. Махамбет ауданында екі нысан — аудандық емхана мен 60 пәтерлі тұрғын үйдің шатырларына зиян келіп, 5 бригада жұмыс істеуде. Құрманғазы ауданында мектеп, мәдениет үйі, амбулатория және спорт залына зардап тиген. Атырау қаласында 7 нысанның шатыры мен қасбеті бүлінген. Исатай және Қызылқоға аудандарында жағдай тұрақты, күшті желдің айтарлықтай зияны тіркелмеген. 

Серік Шәпкенов бүлінген нысандарды жедел оқшаулап, адамдардың қауіпті аумақтарға кіруіне жол бермеуді, сондай-ақ полиция органдарымен бірге ұшқан шатырларды уақытында жинау және демонтаж жұмыстарын айрықша бақылауда ұстауды тапсырды.

Бүлінген нысандардың әкімшілігіне және салалық басқармаларға әлеуметтік нысандарды қалыпқа келтіру бойынша алдын ала есептерді дереу дайындау, оған резервтік қордан қажетті қаражат бөлуді қарастыру, ал кепілдік мерзімі аяқталмаған нысандарды жөндеуді мердігер ұйымдардың кепілдік міндеттемелері аясында қамтамасыз ету жүктелді.

А

“Атырау Жарық” ЖШС мәліметінше, облыс бойынша 105 нүктеде электр жарығының сөнуі тіркелген. Негізгі себеп — сымдардың үзілуі және бір-бірімен айқасуы. Ақауларды жоюға 40 бригада жұмылдырылған, оның 11-і Атырау қаласында. Қалыпқа келтіру жұмыстары тәулік бойы жүріп жатыр, 85 пайызы аяқталды.

Облыс әкімі диспетчерлік қызметтердің жұмысын күшейтуді және қалыпқа келтіру жұмыстарының мерзімі жайында тұрғындарды уақытында хабардар етіп отыруды тапсырды. Сондай-ақ автожолдардағы қозғалыс шектеулерінің сақталуына бақылауды күшейту, халық арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, тасжолдарда уақытша тоқтап тұрған жүргізушілер мен жолаушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жүктелді.

“Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру нысандарын ауа райы тұрақталғанша онлайн оқыту форматына көшіру қажет. Бұған қоса, желдің күшеюіне байланысты бүліну қаупі бар ғимараттар мен құрылыстарға тұрақты мониторинг жүргізілуі тиіс. Ұйым басшыларына тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырамын, — деді облыс әкімі. 

Қазгидромет болжамына сәйкес, 15 желтоқсанның кешіне дейін боран соғады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:141
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Желтоқсан 2025 18:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары