Абай облысында жол апатына қатысты алғашқы сот отырысы өтті
24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Абай облысы Бестерек ауылындағы жол апатына қатысты алғашқы сот отырысы өтті.
Прокурордың мәліметінше, балаларды қаққан жүргізуші 2013 жылдан бері «эпилепсия» диагнозымен есепте тұрған. Соған қарамастан көлік жүргізген. Жол апатынан 2 бала оқиға орнында мерт болса, біреуі ауруханаға барар жолда көз жұмған еді. Ал 9 жасар Айзере 38 күн бойы жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатып, ақыры тілге келмей, ол да қайтыс болды. Оқиға болатын күні балалар үйдің жанында ойнап жүрген. «Тайота» көлігін тізгіндеген 55 жастағы азамат рулге ие бола алмай, 6 баланы қағып кеткен еді. Жәбірленуші тарап жүргізушіге кешірім бермейтінін айтып, қатаң жаза сұрады. Одан бөлек, әр отбасыға 30 млн теңгеден өтемақы талап етті. Сот процесі әлі де жалғасады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:92
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 10 Желтоқсан 2025 02:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















