Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Атырау Орал тас жолына жөндеу жүргізіледі

Атырау Орал тас жолына жөндеу жүргізіледі

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Биыл «Атырау-Орал» автомагистралі орташа жөндеуден өтеді.  

Ұзындығы 500 шақырым тас жолдың 184 шақырымы Атырау облысының 2 ауданы арқылы өтіп, 10 елді мекенді байланыстырады. Батыс өңіріндегі маңызды көлік дәлізі 2003 жылдан бері жөндеу көрмеген. Ескірген жолдың қиындығын жүргізушілер мен жолаушылар көріп жүр. Осыған орай биыл Үкіметтің кепілдігімен «Қазақстан даму банкінен» 50 млрд теңге бөлінді.  

Тас жолдың Атырауға кіретін 15 шақырымы былтыр ағымдағы жөндеуден өтті. Ендігі мәселе Индер кенті мен Алмалы ауылына дейінгі аралық. 2024 жылғы тасқын кезінде бұл жол 8 жерден жырылып, жарамсыз болып қалған еді. Бүлінген жолды ретке келтіргенмен әлі де кедір-бұдыры бар, дейді жүргіншілер.

Бектұр Төлегенұлы, жүргізуші: 

- Жалпы жолдың жағдайы өте нашар. 2-3 рет барып келгенде машинамыз сыр беріп жатады. Осы жолдың жөнделгенін күтеміз. 

Азамат Жаманқұлов, жүргізуші:  

- Индерден Махамбетке дейінгі жолдың сапасы өте нашар. Махамбеттен бері қарай Атыраудың арасы жақсы. Ремонт керек Индер мен Махамбеттің ортасына жолдың шоқалағы шұңқырлары өте нашар. 

Жүргізушілердің сөзінің жаны бар. 20 жылдан астам уақыт жөндеу көрмеген күрежол тозған. Оның үстіне жыл сайын көлік ағыны артып келеді. Себебі, жол бойындағы аудандардан өзге Орал арқылы еліміздің батыс шекарасына қатынайтын жүк тасымалында тыным жоқ.  

Арыстанбек Кенже, тілші: 

- Республикалық маңызы бар бұл автомагистральмен тәулігіне 4 мыңдай жеңіл көлік және жүздеген жүк көліктері өтеді. Оның ішінде салмағы 40 тоннадан асатын алып автомашиналар да бар. 

Аслан Дүйсенов, "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Атырау филиалының директоры:  

- Бұл 3-техникалық санаттағы жол болса, онда 3 мың автомобиль тәулігіне жүру керек. Жүк көліктерінің әрбір оське түсетін салмағы 8-10 тоннаға есептелген. Ал қазір жүріп жатқандар одан көп. 13-15 тоннаға дейін, оське түсетін салмақ. Содан бұзылады.  

Биыл наурыздан бастап, автомагистриалды жөндеу басталады. Құрылыс 90 және 94 шақырымдық екі учаскеге бөлініп, қатар жүргізіледі. Бүгінде жобаға қажет 50 млрд теңге бөлінді. Жобалық-сметалық құжаты дайын. Енді мердігерлер анықталғасын жолшылар іске кіріседі.  

Ардақ Қайырденов, "Қазавтожол" ҰК АҚ Атырау филиалының директоры: 

- Жалпы жөндеу жұмыстары 2026-2027 жылдары аяқталады деп жоспарлап отырмыз. Жол 8 метрлік енімен осы қазіргі күйінде қалады, себебі орташа жөндеу жұмыстары. Алдағы уақытта, перспективада осы жолды бірінші категорияға өткізіп, 4 жолақты жолға ауыстыратын жобалау жұмыстары қазір басталды. 

3-санатты жол құрылысында барлық техникалық ереже сақталады. Оны арнайы мекеме бақылауға алады, дейді мамандар.  

Аслан Дүйсенов, "Жол активтері сапасының ұлттық орталығы" РМК Атырау филиалының директоры:  

- 25 см ресайкілеу қабаты. Оның цементі арасына стабилизаторын қосып, сосын үстінен 2 қабатты асфальт-бетон жұмыстары жасалады. Ал біздің мекеме, Ұлттық сапа орталығы осылардың барлығының сапасын тексереміз.   

Сондай-ақ биыл облыста 90 шақырымдық «Атырау-Доссор» автокөлік жолында да жөндеу жұмыстары басталады. Осы екі жоба толық жүзеге асқанда, «Орал-Атырау-Ақтау» күре жолы арқылы жолаушылар мен көлік қатынасы жаңа деңгейге көтеріледі. 

Арыстанбек Кенже, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:145
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қаңтар 2026 19:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see133

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see131

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see131

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see127

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see127

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see127

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see125

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see124

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see123

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see121

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see120

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see120

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see119

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see118

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see117

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары