Фотоайғақ: Индер ауданында Атырау Орал тас жолына топырақ төгілуде
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Елтай және Ынтымақ ауылдары аралығындағы республикалық маңызға тас жолында ерекше "жөндеу" жұмысы жүріп жатыр.
Куәгерлердің айтуынша, "топырақпен" шұңқырларды бітеу жұмыстары жүруде. Бір автогрейдер топырақты төсеп, жайған болады. Одан шыққан кесек тастар жайрап жатыр. Көкала шаң.







Автокөліктер, әсіресе ауыр жүкті фуралар жүрген сайын топырақтар аспанға көтеріліп, көзкөрсетпес шаң тұрған. Ешқандай қауіпсіздік сақталмаған. Не полиция, не осыған жауапты мекеме мамандары көрінбейді.
- Күндіз мынау, түнде қалай болатынын елестете алмай тұрмын. Мынау не масқара. Бұл жұмысты тоқтату керек. Күндіздің өзінде көлік апаты болайын деп тұр ғой. Шаңнан көрінбейді. Су шашып жатқан бір көлік жоқ. Полиция мына жұмысты тоқтату керек, әйтпесе жол апаты болады. Осыған жауапты "ҚазақАвтоЖол" АҚ Атырау филиалы жауап беруі тиіс,-дейді қоғам белсендісі Ғазиз Ғабдуллин.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Бүгін, 12:08
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:39
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Сәуір 2026 14:13 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















