Атырауда балалар ата анасымен бірге қоқыстың арасында өмір сүрген
Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Атырауда СЭС қызметкерлері Вокзал маңы шағынауданындағы пәтерден адам сенгісіз жағдайды анықтады. Онда кішкентай балалары бар отбасы қоқыстың арасында өмір сүріп келген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Төртінші қабаттағы пәтерге кірген сәтте-ақ адам төзгісіз иіс сезілген. Үйдің іші ескі заттар мен тұрмыстық қалдықтарға толып, төбеге дейін үйіліп қалған. Бұл – мамандардың айтуынша, “Плюшкин синдромы” психикалық ауытқушылықтың айқын көрінісі.
Пәтерде тарақандар өріп жүрген, ал ауа соншалықты ауыр болғандықтан, СЭС қызметкерлерінің бірі лоқсып, өзін жайсыз сезінген.
Көршілер ұзақ уақыт бойы антисанитариялық жағдай туралы шағымданғанымен, мәселе тек бүгін ғана шешімін тапты.
Қазір отбасы полиция бөлімшесіне жеткізілді, ал балалар тиісті мекемеге тапсырылды.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.


