Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

Драматургиядағы дара даңғыл

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

Ауыл шаруашылығы мен агроғылым арасында алшақтық бар

Ауыл шаруашылығы мен агроғылым арасында алшақтық бар

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Отандық өндірістің өрісі қанат жаю үшін агроғылымға екпін салу керек.

Бірақ агроғылым мен «жердегі тіршіліктің» арасында алшақтық бар. Бұны Президент биылғы Жолдауында айтқан еді. Ғалымдар да оны растап отыр. Ауыл шаруашылығы мен ғылым біріксе сала орасан дамиды. Бірақ әзірге бізде қағаз жүзінде қалып отыр. Елдегі ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру деңгейі қандай? Нәтиже бар ма?

Осы шолуды дайындау барысында бірқатар сала ғалымдарымен тілдестім. Соның ішінде бір ғалым елімізде алғаш рет жеміс-жидектермен байытылған өсімдік майын өндіріске шығарғалы жатқанын айтты. Бұл жобасын патенттеп, арнайы грант та ұтып алған екен. Бұл бір ғана мысал. Демек, ауыл шаруашылығының адымы кең. Әнтек, агроғылым мен осы саладағы бизнестің қабыса алмай тұрғаны қолбайлау. Мен сұхбат құрған ғалымдардың өздері осылай деп отыр. Мәселен, ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру деңгейі 17 пайыздан аспайды. Ал тиісті оқу орындарын бітірген түлектердің 40 пайызы ғана осы салаға бас сұғады екен. 

Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру - 17 %

Түлектердің 40 % осы саланы таңдайды. 

Президент Жолдауында саладағы ғылымның іс жүзінде іске аспай жатқанын сынға алған болатын. Қазынадан қомақты қаржы бөлініп жатқанынымен, аграрлық ғылымның қайтарымы әлі де төмен. Ал агроөнеркәсіп кешенін ұзақ уақыт бойы қарқынды дамытуға ғылымнан көмек қажет. Осы тұста мамандар, аграрлық ғылымның өндіріспен интеграциясын қолға алмай, ауыл шаруашылығының қарыштап дамуы екі талай екенін айтып отыр. Ол үшін отандық ғылыми жетістіктерді өндіріске енгізген абзал. Алайда жер емген шаруаның әзір ғылыммен байланысуға құлқы жоқ, дейді ғалымдар.

Жұлдыз Сатаева, ғалым:

- Ғалымдардың ғылыми жұмыстарының нәтижелері өте көп. Патент те көп. Олар барлығы шкафта қаланып тұр. Олар әрі қарай ұсынайын десе олар ешкімді танымайды. Бизнеске шығатын жол жоқ. Ғылым мен бизнесті интеграциялау процессін ары қарай дамыту үшін бір кездесулер қажет. 

Ал осы саладағы ғылымның жайын, депутат Ерболат Саурықов парламент мінберінде талай көтерген. Айтуынша, аграрлық сала мамандарын даярлайтын жоғары оқу орындарында ғылымға ден қоятын маман тапшы.  Оған себеп көп. Мәселені шешудің жолдарын да айтып қалды. Елдегі сала мамандарын түлететін үш университетті Ғылым және жоғары білім министрлігінің қарамағына беру қажет,- дейді.  Мәжіліс депутатының пікірін тыңдап көрейік.

Ерболат Саурықов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Ауыл шаруашылығы мин қарасты 3 ЖОО бар. Сейфуллин атындағы, Алматыдағы ҚҰ аграрлық университет және Жәңгір хан университеті. Осы университеттерді Ғылым министрлігінің қарамағына беру жайлы ұсыныс тастағанмын Премьерге. Өйткені Университеттегі ғылымның мәселесі көкейтесті. Біріншіден, біз кадрлық потенциалдан айырылдық. Екінші үлкен мәселе бұл ЖОО-ларда материалдық-техникалық базаларына қаржы бөлу мәселесі азайып кетті. Үшінші жалпы елімізде аграрлық саладағы мамандықтарға оқуға түсетін балалардың саны күрт азайып кетті. 

Осы тұста біз ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының ғалымдарымен тілдесіп көрдік. Мұндағы мамандар отандық ғалымдардың еңбегі ұшан-теңіз деп отыр. Бүгінде ғалымдар агро салаға бағытталған  679 ғылыми әзірлеме дайындаған. Ал 2015 жылдан бастап дән-дақылдардың 326 жаңа сортын шығарған. Оның 182-і тіркеуден өтіп өндіріске енген. 97-і әлі сынақта жатыр. Алайда ғылыми жаңашылдықтарды өндіріске енгізуге  өңір әкімдері аса құлық танытпай отыр, дейді ғалым.

679 ғылыми әзірлеме бар

Дәнді-дақылдардың  326 жаңа сортын шығарған

Оның 182-і тіркеуден өткен

97-і сынақта жатыр

Ержан Айнабеков, Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы басқарма төрағасының кеңесшісі:

- Бүгінгі күні Президент айтқандай өткен жылы біздің жалпы ғылыми әзірлемелеріміздің 17 пайызы өндіріске енгізілді. Ал биыл 19 пайызға артайын деп отыр. Келесі жылға 22 пайызға. Жалпы дүниежүзілік практика бойынша жалпы ғылымды ендіру 2-3 пайыз көлемінде болады. Сондықтан бізде жалпы өндіріске ендіру жұмыстары атқарылып келе жатыр. Оны жоқ деп айтуға болмацды. Бәрі қаржыға келіп тіреледі.  05,48 Бүгінгі біздің портфелімізде 679 ғылыми әзірлеме бар. Оның өсімдік, егін шаруашылық саласында мал шаруашылығы саласында бүгінгі күні бәрі дайын. Біз жергілікті атқарушы органдармен бірге осындай жаңалықтарды өндлірістерді енгізу жұмыстарын қолға алып отырмыз. Өкінішке орай әкімдіктер қаржыны аз бөліп отыр. Оған көңіл бөлінбей отыр.

Мамандар қазір ауыл шаруашылығы ғылымының әлеуетін дамытатын кешенді жоспардың жобасын талқылап жатыр. Жоспарға сенсек, келер жылдан бастап, Ғылым мен бизнестің арасындағы байланыс нығая түспек. Қазірдің өзінде  аграрлық ғылымды дамытуға қатысты 40-тан астам елмен 300-ге жуық келісім-шарт жасалған. Салалық министрлік  2028 жылға қарай агросаладағы ғылымды шаруашылыққа енгізу деңгейін 40 пайызға жеткіземіз деп отыр.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:188
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Желтоқсан 2025 19:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алты қазақстандық жүзгіш әлем кубогының финалына жолдама алды

16 Қазан 2026 20:07see138

Алматы тауларынан қару мен оқ дәрі табылды

16 Қазан 2026 16:46see132

Сәби көз жұмды : Қызылордада ана мен баланы қағып, қашып кеткен жүргізушіге іздеу жарияланды

16 Қазан 2026 20:42see131

Канадада өтетін шорт тректен Әлемдік турдың алғашқы кезеңіне Қазақстан спортшылары да қатысады

16 Қазан 2026 23:08see130

Депутаттар мен үкімет мүшелерінің жалақысы қашан көтерілуі мүмкін

16 Қазан 2026 07:12see130

Өскемендегі ауаның ластануы: Қазцинк компаниясы әкімшілік жауапқа тартылды

16 Қазан 2026 17:10see128

Дала өркениетін зерттейтін халықаралық консорциум құрылады

16 Қазан 2026 16:52see128

Драматургиядағы дара даңғыл

17 Қазан 2026 07:02see126

Олжас Бектенов әлеуметтік саланы цифрландыру бойынша бірқатар тапсырма берді

16 Қазан 2026 17:11see125

Ұлттық ұланның ерлер хоры 10 жылдығына орай концерт берді

16 Қазан 2026 16:51see125

Медеуге баратын жол веложарысқа байланысты демалыс күні жабылады

16 Қазан 2026 16:57see122

Қазақстандықтар келесі аптадан бастап өздерінің әл ауқат деңгейі туралы хабарламалар ала бастайды

16 Қазан 2026 18:00see122

Таиландтан сәлемдеме: Есірткі контрабандасын ұйымдастырған екі азамат сотталды

17 Қазан 2026 13:44see120

Көк теңіздің түбінде келешектің тамыры

17 Қазан 2026 09:04see119

Трамп Ақ үйдің баспасөз хатшысын бес күннен кейін қызметінен босатты

17 Қазан 2026 16:12see117

ҚМГ басшысы Атырау облысындағы мұнай газ химиясы жобаларының іске асырылу барысымен танысты

17 Қазан 2026 13:43see116

Астанада автобуста қызға тиісіп, әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды

17 Қазан 2026 12:52see116

Reuters: Ақ үй Пентагонға Украинадағы Starshield спутниктік жүйесінің жұмысын баяулатуды тапсырды

17 Қазан 2026 13:43see114

Еуразия сыйлығы: Әдеби Азия жобасы екінші орын алды

17 Қазан 2026 10:02see111

Шекарасыз кітапхана: Алматыда бес елдің сарапшылары инклюзивті кітапханаларды дамыту мәселелерін талқылады

16 Қазан 2026 21:39see110
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары