Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

Абыройы асқақтаған аудан

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

Ауыл шаруашылығы: нәтиже мен міндет

Ауыл шаруашылығы: нәтиже мен міндет

24.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Диқандары толағай табысқа жеткен Қазақстан енді малшылардың мәселесін шешуге басымдық береді.

Еңбеккерлердің екінші форумында Президент аша тұяқтылар шаруашылығына қолдауды күшейтеміз деді. Алда - мал етін экспорттаудан әлемнің көшін бастау міндеті тұр. Бірақ бұл бағытта шешілмеген түйіткіл көп. Шенеуніктер мен шаруаларды қаз-қатар тізген Қасым-Жомарт Тоқаев кемшіліктерді көтерді. 

Биыл егістіктегі егін - бітік, қорадағы мал - қоңды. Шаруалар мұны мемлекет мезіретімен байланыстырып отыр. Биыл оларды қолдауға рекордтық 1 трлн теңге бөлінген елі. Соның әр тиыны ақталды. Мысалы, көктемгі дала және жиым-терімге 700 млрд теңге берілді. Нәтижесінде диқандар 27 млн тонна астық жинады. Малды бордақылауға 50 млрд теңге үлестірсді, кейін малшылар 800 мың тонна ет өндірді. Өңдеу өнеркәсібіне берілген 70 млрд теңге де өзін ақтады. Күнбағыс майы, құс еті, жұмыртқа өндірісі өсім көрсетті.

1 трлн

Көктемгі дала және жиым-терім - ₸700 млрд

Астық - 27 млн тонна

Мал бордақылау - ₸50 млрд

Ет - 816 мың тонна

Өңдеу өнеркәсі - 70 млрд

Жұмыртқа - 3,41 млрд

Құс еті - 276,2 мың тонна

Күнбағыс майы - 757,1 мың тонна

Келесі жылы мемлекет осы қолдауды күшейте түседі. Ал шаруалар өнімділікті арттыруға дайын ба? Ауылдағы ағайынның алыстан ат терлетіп, Астанаға жиналуының себебі – осы. Президент бұл отырысты жалпыұлттық ауқымдағы басқосуға балады. Бұл сөздің жаны бар. Малшы мен министр, диқан мен директор бір қатарда отыр. Мемлекет басшысы жауаптыларға еңбеккерлердің әр сөзін ескеруді тапсырды. Өзі де баяндамасын түйіткілдерге арнады. Әлеуетімізді әлі толық пайдалана алмай отырмыз деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Еліміз жайылымдық жер аумағы бойынша әлемде 6-шы орын алады. Ал егіс алқабы бойынша 8-ші орында тұр. Демек қолымызда қажетті ресурс бар, тек соны тиімді пайдалануымыз қажет. Соңғы он жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 2,5 еседен астам өсті. 2030 жылға дейін бұл көрсеткішті тағы 2 есе арттыруымыз керек. Бұл – біздің қолымыздан келетін шаруа.

Егістік ахуалы жаман емес, жұмыс бір ізге түсті. Алайда сол егіннің ебін табамыз деп, төрт түлікті таратып алдық. Қасым-Жомарт Тоқаев енді мал шаруашылығының кезегі келгенін мәлімдеді. Мақсат – түліктің басын еселеу. Жайылымда жүрген аша тұяқтыларымыздың етін әлемге тарату.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Байтақ даламыздың барлық аймағында жыл он екі ай бойы мал бағуға болады. Осы мүмкіндікті дұрыс пайдалану қажет. Әрине, малды бағып, өсіру, оның санын көбейту – оңай шаруа емес, өте күрделі жұмыс. Мемлекет тиісті қолдау көрсетеді. Қазір нақты қаржыландыру тетіктері бар: жайылымдарды сумен қамтамасыз етуге, мал бордақылайтын орын салуға және асыл тұқымды мал алуға мемлекеттен субсидия беріліп жатыр.

Мал - молшылық. Өмірінің жартысын төрт-түлікке арнаған Сыдық Дәулетов осылай дейді. Халықтың арасында Ойсыл қара атанған кәсіпкер, түйенің тілін тапты. Қазір 5 мың бас түлікті бағып отыр. Жақында ғана мың түйелік керуен ұйымдастырып, Гинестің рекордтар кітабына енді. Саланың нағыз серкесі. Майталман қиын-қыстау кезеңнің арта қалғанын айтып, мал бағуға кеңес береді.

Сыдық Дәулетов, кәсіпкер:

- Бір түйемен басталған шаруашылық 25 жылда 5 мыңға жетті. Тек қана түйе бақпай, оның сүтін терең өңдеп, кейінгі 52 жылда ҚХР экспорттаймыз. Кезінде біз қиын-қыстау кезде бастадық ғой. Қазір көптеген программа бар. Ауыл шаруашылығы тиімді сала.

7,5 млн қазақ ауылды мекендейді. Елді мекендегі әр отбасы мал ұстап, ата кәсіпті жандандырса ешкім ұтылмайтыны анық. Бірақ бұған кедергі келтіретін негізгі екі мәселе бар. Президент ветеринарияның ахуалы мәз емес деп, мал дәрігерлерінің еңбек жағдайын жақсартуды тапсырды. Ал екінші мәселе – жайылымдық жердің жетіспеуі. Өкінішке қарай, бұл бағытта басы ашық сұрақ көп. Мемлекет басшысы шенеуніктерден ширақтықты талап етті.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Жерді қолынан іс келетін, жұмыс істеуге ниетті азаматтарға беру керек деген тапсырма бірнеше рет айтылды. Алайда бұл маңызды жұмыс баяу жүргізіліп жатыр. Үкімет қазір мал шаруашылығы саласындағы бизнесті қолдау жоспарын әзірлеп жатыр. Жайылымдық жерлер ауыл тұрғындарына және нақты жоспары бар инвесторларға берілуге тиіс. Келесі жылдың ортасында қабылданатын бұл құжатта осы мәселенің шешімдері айқын көрсетілуі керек.

Аңқасы кепкен арна көп. Су тапшылығы қос бүйірден қысып барады. Мәселені цифрландыру арқылы шешу ұсынылады. Бірақ бұл бағыттағы жұмыс тым баяу. Президент шикілікті бетке басып, шешімін ұсынды. Саланы цифрландыруға да кеңінен тоқталды. Әр білгіштің базынасына көнгенше, толық цифрландырылған агроөндіріске көшу керек.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

- Мемлекеттік қолдау өндіріске инновацияны, соның ішінде жасанды интеллект технологияларын енгізіп жатқан кәсіпорындарға берілуі қажет. Агроөнеркәсіп кешеніндегі ақпараттық жүйелерді оңтайландыруды жалғастырған дұрыс. Қазір олардың арасында байланыс мүлде жоқ деуге болады. Көп жағдайда шешімдер қате статистика негізінде қабылданады.

Енді экспорт хақында... Қазақстан астық сату бойынша әлемдегі жетекші 10 мемлекеттің қатарына кіреді. 200-ден астам өнім 70 мемлекетке жеткізіледі. Біздің ұн мен күнбағыс майы сұранысқа ие. Вьетнамнан бастап Ұлыбританияға дейін таласып алады. Соның арқасында шаруалар биыл 5 млрд доллар тапты. Алайда Президент көрсеткішті әлі біраз көбейтуге болады дейді.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспортында қайта өңделген тауарлардың үлесі артып келеді. 8 айдың ішінде 2,2 млрд АҚШ доллары көлемінде экспорттық табысқа қол жеткіздік. Бұл өткен жылдан 31%-ға жоғары. 2025 жылы қайта өңделген өнім өндірісінің көлемі 3,1 трлн теңгеге жетіп, өткен жылдан 9 пайызға жоғары болды.

Президент мына бір қызыққа назар аударды. Ауылда жұмыс күші жетіспейді. Бірі жұмыс жоқ дейді, енді бірі жұмысшы тапшы дейді. Анығында ауыр жұмыс істегісі келетін адам аз. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев шаруалардың еңбек мигранттарына қатысты өтінішін қабыл алуға болатынын жеткізді. Бұл шешімді мамандар жылы қабылдады.

Мәселені айтумен басталған шара марапат берумен жалғасты. Бекзат Айдарұлы кеше айдынның жағасында балықты баптап жүрген маман еді. Бүгін құрмет орденінің иегері атанды. Мәртебелі марапатты мемлекет басшысынан алды. Балықты баламдай бағамын деген балықшыны ұжымы асыға күтіп отыр. Қуанышымен ғана емес, қолымен де ортақтасқысы келетін сияқты.

Бекзат Мамырханов, балықшы:

- Телефонға қарауға уақыт жоқ. Қазір бәрі толтырып жатыр. Енді құтты болсын. Қолыңызды жумаңыз, біз де ұстап қалайық дегендей. Алла қаласа жұғысты болсын деймін.

Малшы да марапатқа лайық. Мінберге шыққан Тұрар Шамғонұлы бүгін әбден толқыды. Сөйтіп Тоқаевтың тартуын қабылдады.

Кейін тілшілерге сұхбат берді. Даланың адамы. Сосын да дақпырт әңгімеден ада. Сөзден гөрі іске жақын.  Мұны аңғару бізге қиын болмады.  

Ауыл мен адалдық егіз ұғым ғой. Еңбектің соңында жүрген адам оның ақысын да біледі. Қиындыққа төзу, жауапкершілікті сезу, кейін тапқанын баққанға беру - нағыз еңбеккердің сипаты. Шаруалар кеңесіне бара тұрып, атымтайларды атамасқа болмады. Соның бірі - Серік Тәттібайұлы. Ол басқарған Ақселеу шаруашылығы жыл сайын әлеуметтік бағытқа 100 млн теңгеге дейін бөледі. Табыс пен қоғабысты тең ұстаған азамат бүгін «Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.

Серік Малаев, Ақселеу шаруашылығының директоры:

- Егер жұмыс жүрсін десең, жұмысшыларға жағдай жасау керек. Біз 100 пайыз үйлерге су кіргіздік, 75 пайыз үйге сантехник орнатылды. 53 пайызына орталық қазаннан жылу беріледі.  Барлық жағдайлары жасалған. Халыққа көп көңіл бөлу қажет. Туған жерімізге тапқан тиынымызды салып, халықтың әлеуетін көтеруге өз үлесімізді қосуымыз керек.

Қазір ет қымбат. Оны тісі тұрмақ, түсінде көрмейтіндер бар. Ал Ұлытаулық кәсіркер сол сұранысты көре тұра, бағаны әдейі арзандатып беруді әдетке айналдырған.  Ерен еңбегі үшін медалін алған Асқар Әлиұлы аптасына бір рет аймақ тұрғындары үшін арзан бағада ет сатады.

Асқар Мұханбетжанов, «Айас» ШҚ басшысы:

- Әр сенбі сайын төмендетілген бағамен жәрмеңке болады. Соған ет шығарамыз. Сиыр еті, қой еті бар. Адамға күш-қуат береді екен. Бір сөзбен айтқанда толқып тұрмын. Жігіттердің еңбегі деп білемін, соларға рахмет.  

Бұл той мен түйіткілді тең ұстаған отырыс болды. Президент нағыз еңбеккерлердің мәртебесін асыру арқылы бұл саланың маңызын айғақтап тұр. Сөз арасында өндіріс пен өңдеуді қатар ұстайтынын жеткізді. 2023 жылы сектордағы өңделген өнімнің үлесі небәрі 35 пайыз еді. Ал биыл 50 пайыз болды. Келесі жылы 70 пайызға  жетуі керек деген тапсырма жүктеді. Ең бастысы, сол міндетті шенеунік те, шаруа да бір жерде отырып естіді.

Авторлары: Бекзат Аманов, Асхат Қарақойшиев, Ернар Нысанбай

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:140
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 21:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еуроодақ 13 жасқа дейінгі балалардың әлеуметтік желілерді пайдалануын шектеуді жоспарлап отыр

13 Шілде 2026 23:32see127

Алматы Арбатындағы Майкл Джексон шетелдіктерді таңғалдырды

13 Шілде 2026 17:21see117

Белгілі ақын, журналист Ахметжан Срапилов өмірден өтті

13 Шілде 2026 16:39see117

Экология министрі Теңізді тексерді: Шығарындылар бойынша жағдай қалай?

13 Шілде 2026 21:44see117

Жетісуда ондаған жүргізуші медициналық қарсы көрсетілімдерге байланысты куәлігінен айырылуы мүмкін

13 Шілде 2026 17:34see114

Атырауда азық түлік бағасын өсірген кәсіпкерлерге айыппұл салынды

13 Шілде 2026 21:44see114

“Толық тұрақтандыру туралы айту ерте“ Ұлттық банк басшысы Қазақстандағы инфляция туралы

14 Шілде 2026 12:02see113

Министр сауда көлемі ең көп өскен төрт өңірді атады

14 Шілде 2026 12:11see113

Қазақстандықтардың табысы азаюын тоқтатты Жұманғарин

14 Шілде 2026 10:47see112

Абыройы асқақтаған аудан

14 Шілде 2026 05:01see112

Франциядағы құзға өрмелеуден Әлем кубогының кезеңінде отандық спортшылар да бақ сынады

14 Шілде 2026 20:34see111

Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен кездесті

13 Шілде 2026 23:42see111

Асфальт үшінші рет төселіп жатыр әкімдік Үлкен Алматы өзені бойындағы жөндеу жұмыстарын түсіндірді

14 Шілде 2026 10:26see111

Махаббатым саған қанат болсын : актриса Жанаргүл Жаныаманова ұлына жантебірентер жазба арнады (видео)

14 Шілде 2026 00:28see110

2,5 миллионнан астам адам Аргентинаны әлем чемпионатынан шеттетуді талап еткен петицияға қол қойды

14 Шілде 2026 10:08see109

Ұлттық ұланның әскери қызметшісі дзюдодан Азия кубогында топ жарды

14 Шілде 2026 14:34see109

Күнә мен қиындықты бойымнан көтеріп алып жатқандарға мың рақым : Тамара Асар өзін сынағандарға жауап берді

15 Шілде 2026 00:18see109

Алматыда қоқыс арасынан қауіпті зат табылды

14 Шілде 2026 19:22see108

Ресейдегі мұнай өңдеу көрсеткіші өте төмен деңгейге түсіп кетті

14 Шілде 2026 17:32see108

Хирург брал деньги за операции, оплаченные государством дело дошло до суда

13 Шілде 2026 17:04see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары