Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі тең өркендеген өңір

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі тең өркендеген өңір

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қостанай – еліміздің солтүстік-батысында орналасқан, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсібі қатар дамыған стратегиялық аймақ, астық өндірудің көшбасшысы. Ресеймен шекаралас өңір ретінде транзиттік әлеуеті де зор. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Құмар Ақсақалов өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы жан-жақты баяндады.

Облыста экономиканың, қо­ғам өмірінің барлық саласында соны серпін бар. Жыл басынан бері 24,1 мың жұмыс орны ашылды. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны 23,0%-ға төмендеді.

Қ.Ақсақалов экономиканың нақты секторының әрбір саласына жеке тоқталды. Бүгінде өңір­дегі кәсіпорындар өндіріске ин­но­вацияларды, цифрлық техно­ло­гияларды белсенді түрде енгі­зіп, өнеркәсіптік роботтарды пай­далануға бағыт ұстанып отыр. Биыл роботтардың саны 3 есе ар­тты.

«KamLitKZ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құны 78,2 млрд теңге болатын шо­йын құю зауы­тының құрылысы жоба­­­сын іске асырды, 500 жаңа жұмыс орнын ашты. Тағы бір ірі кәсіпорын – жүк көліктеріне арналған жетекші белдіктер шы­ға­­ратын зауыт ашылуға да­йын. Инвес­тиция көлемі – 160,5 млрд теңге, 650 жаңа жұмыс орны ашылады. Сондай-ақ жеңіл авто­мо­бильдерге автокомпоненттер шығаратын зауыт салынып жатыр. Мұнда 800 жұмыс орны ашылады. Инвестиция көлемі – 17,8 млрд теңге.

– Облыс – еліміздің машина жасау орталығы. Машина жасау­да көшбасшылық позицияны ұстап тұруға биыл ғана ашылған «KIA» зауыты («KIA Qazaqstan» ЖШС) мүмкіндік беріп отыр. Бұл тәуелсіздік жылдарынан бергі ең ірі, стратегиялық жобалардың бірі. Ол рекордтық қысқа мер­зім­де, 1,5 жылда салынды. Кә­сіпорын­да 1 500 адам жұмыс істейді. Сондай-ақ сәуір айында «СарыарқаАвтоПром» ЖШС 2,3 млрд теңге инвестиция тарта отырып, «Jetour Х70+» автокөлік өн­дірісін іске қосты, 200 жұмыс орнын ашты, – деп атап өтті облыс әкімі.

Аймақтың экономикалық даму драйверлерінің бірі – қара металлургия саласы. Рудный қала­­сында металлургия өнеркә­сібін­дегі ең көп капиталды қажет ететін жоба – ыстық брикеттелген темір шығаратын зауытты іске асыру басталды. Жобаға тартылатын инвестиция тек бірінші кезеңнің өзінде 655,0 млрд теңгені құрайды, 1 000-нан астам жұмыс орны ашылады. Жақын арада Лисаков қаласында темір руда­сының қалдықтарын қайта өңдеу жобасын іске асыру басталады.

Көліктік логистиканы дамыту мақсатында облыс орталығында «Тобыл» халықаралық көліктік-логис­тикалық кешенінің құры­лысы жүргізіліп жатыр. Порт­тың жоспарланған қуаты – жылына 400 мың контейнер. Инвестиция көлемі – 63,8 млрд теңге, 500 жұмыс орны ашылады. Нәтижесінде, жүк тасымалы көлемі 20%-ға артады.

Биыл негізгі капиталға 781,0 млрд теңге инвестиция тартылды, бұл 2022 жылмен салыс­тыр­ғанда 1,6 есеге артық (492,1 млрд теңге). Тікелей шетелдік инвес­ти­циялардың көлемі кейінгі үш жылда шамамен 1,5 млрд долларды құрады.

– Облысты тұрақты, сенімді энергиямен жабдықтауды қам­та­масыз ету мақсатында жа­ңар­тылатын энергия көзде­рінің алты жобасын іске асырамыз. Қазірде облыс электр энергиясын (0,45 Гвт) өндіргеннен төрт есе көп тұтынады (0,12). Өңірде 2 жел электр стансасы бар. Жақын күндері тағы 2 баламалы энергия көзі: Арқалық қаласындағы жел электр стансасы (құны – 30 млрд теңге, қуаты – 50 МВт), Бейімбет Майлин ауданындағы күн электр стансасы (7,0 млрд теңге, 23 МВт) іске қосылады. Бейімбет Майлин ауданында газ поршенді электр стансасының (14,3 млрд теңге, 40 МВт), Қостанай ауданында 2 жел электр стансасының (38,7 млрд теңге, 100 МВт) құрылысы жалғасып жатыр. Сондай-ақ қазан айында Рудный қаласында жалпы қуаты 1 ГВт болатын жел электр стансасын (468,0 млрд теңге, 165 жел генераторы) салу туралы меморандумға қол қойылды. Осы нысандарды пайдалануға беру облыста электр энергиясын өндіруді 10 есеге арттырады, – деп мәлімдеді Қ.Ақсақалов.

Агроөнеркәсіптік кешен – эконо­миканың негізгі сала­ла­рының бірі. Биыл саланы қол­дауға 207,0 млрд теңге бөлін­­ген, бұл өткен жылмен салыс­тырғанда 1,2 есе көп (170,0 млрд теңге). Соның арқасында ауыл шаруа­шы­лығының жалпы өнім көлемі 924,0 млрд теңгені құра­­ды, жыл қорытындысында 1,0 трлн тең­ге­ден асады деп жос­пар­ланып отыр. 7,0 млн тонна астық жиналған.

Мал шаруашылығы саласында 7 өнеркәсіптік заманауи, цифрлық тауарлы-сүт фер­масы пайдалануға берілді, алдағы жылы тағы 5 ферма іске қосы­ла­ды. Бұл жобаларды іске асыру ірі шаруа­шылықтарда сүт өн­діру­ді екі есеге (75,0-ден 152,0 мың тоннаға) дейін ұлғайтуға мүм­кін­дік береді.

Бүгінде «Баян сұлу» АҚ «Кондитерлік Астана» фабрика­сының құрылысын жүргізіп жатыр, инвестиция көлемі –
14,3 млрд теңге. Жоба өнім ассор­ти­­­ментін 16,6 мың тоннаға ұлғай­ту­ға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында аграрлық сектордың терең өңдеу әлеуетін дамыту қа­жет­тігін атап өтті. Облыста астықты терең өңдеу жөніндегі бір жоба іске асырылып жатыр. «Qostanai Grain Industry» кәсіпорнының жобалық құны – 71,0 млрд теңге, мүмкіндігі – 415,0 мың тонна, 650 жұмыс орны ашылады.

Кейінгі үш жылда өңірде 1,5 млн шаршы метр тұрғын үй немесе 15 мың пәтер пайдалануға берілді. Тұрғын үй саясатын жүзеге асыруға биыл бюджеттен 40,4 млрд теңге бөлінді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда үш есе көп (2022 ж. – 13,9 млрд теңге, 2023 ж. – 23,2 млрд теңге, 2024 ж. – 24,4 млрд теңге).

Жұмыс істейтін жастарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге арналған «Қостанай жастары» бағдарламасына үш жыл ішінде 4,9 млрд теңге бөлінді, соның арқасында жұмыс істейтін 344 жас баспаналы болды.

Облыс орталығындағы «Астана» шағын ауданында 176 га аумақ­та 154 көпқабатты тұр­ғын үй салы­нады, бұл шама­мен 60 мың адамға тұрғын үй жағ­­дайын жақ­сартуға мүмкіндік бере­ді. Бүгінде 10 көпқабатты тұр­­ғын үйдің құрылысы аяқта­лып, 13 үйдің құрылысы басталды.

Биылғы автожол саласының бюджеті 103,0 млрд теңгені құрады, 2022 жылғы деңгейден 2,6 есе көп. 1 300 км автожол, сондай-ақ 103 елді мекенде 400-ден астам көше жолдары жөнделді.

– 2023 жылдың басында ауыл тұр­ғындарының ауызсумен қам­та­масыз етілуі 80,4% болғанын атап өткім келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес биылғы жылдың қорытындысында бұл көрсеткіш 100%-ға жеткізілді. «Үйге дейін су» жобасы арқылы тіршілік нәріне қосылған үйлер­дің саны 48,3-тен 63,0 мың аулаға дейін өсті. Ауылдардағы барлық аула саны – 80,6 мың, – деді өңір басшысы.

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы жұмыстар да белсенді, тұрақты жүргізіліп келеді. Жыл басынан бері 80 сквер мен саябақ абаттандырылды, 164 балалар мен спорт алаңы салынды, 108 көппәтерлі тұрғын үйдің қасбеті жөнделді, 143,9 мың жасыл желек отырғызылды, 8,5 мың көше шамы орнатылды.

Кейінгі үш жылда облыста 5 860 орынға арналған 9 мектеп салынды, оның 7-і биыл пайдалануға берілді. 1,9 мың орынға арналған тағы 2 мектептің құрылысы жалғасып жатыр. Сонымен қатар 2,2 мың орынға арналған 14 балабақша бой көтерді. Нәтижесінде, 2–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 96,4%-ға, 3–6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%-ға дейін артты. Қостанай қаласында «IQostanay» SMART-орталығы, Тобыл қаласында «Балалар әле­мі» шығармашылық орталы­ғы, Жангелдин ауданының Торғай ауылында «Жас өркен» шығар­ма­шы­лық үйі жұмыс істейді.

Үш жыл ішінде 35 денсаулық сақтау нысаны салынды. Сонымен қатар 3 оңалту орталық жұмыс істейді. Өңірге медицина қыз­меткерлерін тарту жұмысы жалғасып келеді. 2023 жылдан бері облыста дәрігерлердің тапшылығы екі есеге төмендеді.

Кейінгі үш жылда 37 спорт нысаны салынды. Халықтың спорт ғимараттарымен қамтылуы 53,3%-дан 59,7%-ға дейін, ал спортпен айналысатын халықтың саны 41,9%-дан 46,7%-ға дейін артты.

Міне, осындай қол жеткен табыстарды санамалай келіп, облыс әкімі Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуына ерекше тоқталды.

– Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында Торғай өңірінің әлеуметтік-экономикалық дамуы Үкіметтің назарында болуға тиіс екенін айрықша атап өтті. Осыған байланысты Арқалық қаласын, Амангелді, Жангелдин аудандарын алдағы үш жылда әлеуметтік-экономикалық тұрғыда дамыту жөніндегі жоспар бекітілді. Ол жалпы сомасы 165,5 млрд теңге болатын 51 іс-шарадан тұрады. Арқалық қаласында маңызды инфрақұрылымдық жоба – әуежай құрылысы жүзеге асырылып жатыр. Жұмысты 2026 жылғы шілдеде аяқтау жоспарланған. Маусым айында «Орталық – Батыс» бағытындағы аса маңызы көлік дәлізінің құрылысына ресми старт берілді. Жаңа бағыт Астанаға баратын жолды 549 км қысқартады. Сондай-ақ елі­­міз­дің оңтүстік өңірлеріне тіке­лей шығуды қамтамасыз ете­тін «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолын жөндеу жөніндегі жұмыс та келер жылы бітеді, – деді өңір басшысы.

Баспасөз мәслихатының соңында Қ.Ақсақалов журналис­тердің сұрақтарына жауап берді. 

Соңғы жаңалықтар

Заречный кентінің тұрғындары жаңа қонысқа көшті

Аймақтар • Бүгін, 14:25

2025 жылы қандай тұлғалармен қош айтыстық?

Тұлға • Бүгін, 14:00

Қасым-Жомарт Тоқаев Besqaru зауытымен танысты

Президент • Бүгін, 13:30

Рустам Баялиев қызметінен босатылды

Президент • Бүгін, 13:16

Биыл қанша жас дәрігер ауылдан жұмыс тапты?

Медицина • Бүгін, 13:00

Тайынша ауданында сабаннан сапалы жиһаз жасайтын цех ашылды

Экономика • Бүгін, 12:50

«Тағамдарға арналған дәмдеуіш»: Астанада қалтасына есірткі салып жүрген аспаз ұсталды

Оқиға • Бүгін, 12:40

Президент елордадағы өңдеу өнеркәсібі кәсіпорындарының көрмесіне барды

Президент • Бүгін, 12:39

Степногорскідегі «сұрықсыз» Аяз ата: тұрғындарды шошытқан мүсіндер алаңнан алынып тасталды

Аймақтар • Бүгін, 12:30

Депутат: Шағын және шалғай аудандар қолдаусыз қалып отыр

Қоғам • Бүгін, 12:25

Түркияда Ливия ұшағы апатқа ұшырады

Әлем • Бүгін, 12:20

Риддер тұрғыны баланы көлікпен қағып, өзі жалтарып кеткен

Қоғам • Бүгін, 12:05

Мемлекет басшысы Tausogar зауытын аралап көрді

Президент • Бүгін, 11:53

Алматыда әскери қызметшілер ардагер майдангерді құттықтады

Қоғам • Бүгін, 11:52

«Kundelik» жүйесіне тіркелген оқушылардың деректері расымен тарап кетті ме?

Білім • Бүгін, 11:40

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:166
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Желтоқсан 2025 14:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see138

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see135

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see133

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see132

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see132

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see131

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see130

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see130

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see128

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see128

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see128

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see128

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see128

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see127

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see126

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see126

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see126

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see125

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see125

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see125
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары