Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Ғылымды қаржыландыру: неге өңірлер арасында алшақтық бар

Ғылымды қаржыландыру: неге өңірлер арасында алшақтық бар

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Бұл ғылыми әлеуеттің өңірлер бойынша тең дамымай отырғанын аңғартады. Kazinform тілшісі мәселенің себептері мен оны азайту жолдарын саралап көрді.

Қаржыландыру – өңірдің мүмкіндігіне байланысты

Ғылым және жоғары білім министрлігі өңірлер арасындағы теңсіздіктің басты себебін қаржыландырудың жергілікті бюджетке тәуелділігімен түсіндіреді. Яғни әр өңір ғылымға бөлінетін қаражат көлемін өз қаржылық мүмкіндігіне қарай айқындайды.

– 2024 жылғы 1 шілдеде қабылданған «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңға, сондай-ақ «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заң мен Бюджет кодексіне сәйкес, жергілікті атқарушы органдар ғылымды дамытудың басым бағыттарын өздері белгілеп, қаржыландыруды жергілікті бюджет есебінен жүзеге асырады, – делінген ресми жауапта.

Осыған байланысты өңірлердегі көрсеткіштер де әртүрлі қалыптасып отыр. Мәселен, 2022–2024 жылдары ғылымға ең аз қаражат бөлінген өңір – Ұлытау облысы. Үш жылда барлығы 227 млн теңге жұмсалған. Егер 2022 жылы небәрі 3,6 млн теңге бөлінсе, 2023 жылы қаржы 189,3 млн теңгеге дейін артқан. Алайда 2024 жылы қайтадан 33,9 млн теңгеге дейін төмендеп, қаржыландырудың тұрақсыз сипатын көрсетті.

Ал Жетісу облысында керісінше өсім байқалады. Үш жыл ішінде ғылымға бөлінген қаражат 127,2 млн теңгеден 838,3 млн теңгеге дейін ұлғайып, жалпы көлемі 1,18 млрд теңгені құрады.

Көшбасшы өңірлерге келсек, 2024 жылы ғылыми зерттеулерге жұмсалған ішкі шығынның өңірлік жалпы өнімдегі үлесі бойынша Маңғыстау облысы (0,33%), Алматы қаласы (0,33%) және Астана қаласы (0,29%) алдыңғы қатардан көрінді.

Салыстыру үшін, Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) елдерінде бұл көрсеткіш орта есеппен 2,4%-ды құрайды. Қазақстандағы деңгей әзірге төмен болғанымен, соңғы жылдары мұндай деректердің ашық жариялана бастауы саладағы ілгерілеудің белгісі ретінде бағаланып отыр.

Сонымен қатар министрлік барлық өңірде ғылымды басқару жүйесін қалыптастыру бағытында жұмыстар жүргізілгенін атап өтті. Атап айтқанда, ғылыми кеңестер құрылып, өңірлік ерекшеліктер ескеріле отырып басым бағыттар айқындалған. Әкімдердің ғылымға жауапты орынбасарлары бекітіліп, 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспарлары қабылданған.

Бұл жоспарларға ғылыми зерттеулерге жұмсалатын ішкі шығынның өңірлік жалпы өнімдегі үлесі негізгі көрсеткіш ретінде енгізілген. Осылайша, ғылымды дамыту енді нақты индикаторлар арқылы бағаланатын жүйеге көшіп отыр.

Ғылым – шығын емес, инвестиция

Ғылымға бөлінетін қаржыны жай ғана бюджет шығыны деп қарастыруға болмайды. Бұл – мемлекетке нақты қайтарым әкелетін инвестиция.

Өйткені ғылыми зерттеулер жаңа технологиялар мен өнімдердің пайда болуына жол ашады. Ал олар нарыққа шығып, табыс әкеледі, жаңа жұмыс орындарын құрады және бюджетке түсетін салықты арттырады.

Сонымен қатар инновациялық өнімдердің экспортқа шығуы елдің сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін күшейтеді. Ал ел ішінде ғылым өңірлердің дамуына серпін беріп, әлеуметтік тұрақтылыққа ықпал етеді.

Ғылымды қолдау тек экономикаға ғана емес, кадр мәселесіне де әсер етеді. Жас ғалымдарды қолдау және ғылыми нәтижелерді коммерцияландыру олардың елде қалуына мүмкіндік береді. Осылайша «ми ағымы» азайып, ғылыми идеялар нақты өнімге айналады.

Министрлік бұл бағыттағы нәтижені нақты сандармен көрсетіп отыр.

– Коммерцияландыру жобаларын гранттық қаржыландыру аясында 180 жоба жүзеге асырылуда. Олардың елдің ғылыми-техникалық дамуына қосқан үлесі 141,6 млрд теңгені құрады. Бұл салынған қаржыдан 1,56 есе жоғары, – деп мәлімдеді ведомство.

Яғни ғылымға 90 млрд теңге салынса, оның қайтарымы 141,6 млрд теңгені құраған. Сонымен бірге бюджетке 13,1 млрд теңге салық түскен, өнімдерді сатудан 60,6 млрд теңге табыс табылған. Оның ішінде 909 млн теңге экспортқа шыққан. Бұдан бөлек, шамамен 2500 жаңа жұмыс орны ашылған.

Бұл көрсеткіштер ғылымның нақты нәтиже беретінін дәлелдейді. Мәселен, Ақтауда инженер мұнай тазарту технологиясын жасап, оны шетел нарығына шығарған. Алматыда биотехнолог ауыл шаруашылығына арналған өнім әзірлеп, экспортқа бағыттаған. Ал Астанадағы IT-командалардың әзірлемелерін бірнеше компания сатып алған.

TRL – ғылымдағы жаңа жүйе

Қазақстанда ұзақ уақыт бойы ғылыми жобаның қай деңгейде тұрғанын нақты бағалайтын жүйе болған жоқ. Соның салдарынан жоба тек идея күйінде ме, әлде дайын өнімге жақын ба – оны ажырату қиын еді.

Осы мәселені шешу үшін 2023 жылы технологиялық дайындық деңгейін (TRL) бағалау әдістемесі енгізілді. Ол Ғылым комитеті төрағасының 2023 жылғы 18 шілдедегі №112-нж бұйрығымен бекітілген.

Бұл жүйенің басты артықшылығы – әр жобаның қай сатыда тұрғанын нақты көрсетуі. Яғни енді ғылыми идеяның қағаз жүзінде қалып қойғанын немесе нақты өнімге айналуға жақын екенін бірден көруге болады. Соның арқасында қаржыландыру да нақты нәтиже беретін жобаларға бағытталады.

2025 жылдан бастап барлық жобаның TRL көрсеткіштері арнайы автоматтандырылған жүйеге енгізіледі. Бұл ғылыми жобалардың даму барысын тұрақты бақылап, ғылым мен экономиканы өзара тиімді байланыстыруға мүмкіндік береді.

Жаңа тәсілдің алғашқы нәтижелері де көріне бастады. Мәселен, 2026–2028 жылдарға арналған конкурсқа 4266 өтінім түскен. Оның ішінде техникалық бағыттағы 35 жоба TRL 5–6 деңгейінде болса, 2 жоба ең жоғары – TRL 9 деңгейіне жеткен.

Алдағы уақытта бұл көрсеткіштерді арттыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, 963 жобаны орта деңгейге жеткізу, ал 52 жобаны толық дайын өнім деңгейіне (TRL 8–9) дейін дамыту көзделген.

Сонымен қатар 2024 жылдан бастап коммерцияландыру конкурстарына қатысу үшін ең төменгі талап ретінде TRL 6 деңгейі белгіленді. Бұл енді тек тәжірибелік үлгісі дайын жобалар ғана қаржыландырылатынын білдіреді.

Негізгі өзгеріс: енді тек зерттеу емес, тәжірибелік үлгілер де қаржыландырылады

Ғылым және жоғары білім министрлігі ғылымды қаржыландыру жүйесіндегі маңызды олқылықтардың біріне назар аударды. Бұған дейін қолданыстағы заңнама бойынша қаржы негізінен іргелі және қолданбалы зерттеулерге ғана бөлініп келді. Ал жобаны нақты өнімге жеткізетін тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тетігі нақты қарастырылмаған болатын.

Соның салдарынан көптеген ғылыми жобалар жаңалық ашу деңгейінде қалып, тәжірибелік үлгі жасау мен оны сынақтан өткізу кезеңіне жете алмай келді. Яғни ғылыми нәтиже болғанымен, оны өндіріс пен нарыққа енгізу мүмкіндігі шектеулі болды.

Ал дамыған елдерде, керісінше, қаржының едәуір бөлігі дәл осы кезеңге – өнімді әзірлеу мен сынақтан өткізуге бағытталады. Өйткені ғылыми идеяның нақты экономикалық нәтижеге айналуы осы сатыға тікелей байланысты.

Қазақстанда бұл мәселе заңнамаға енгізілген өзгерістерден кейін біртіндеп шешіле бастады.

– 2025 жылғы 15 қазанда Мәжіліс депутаттары гранттық қаржыландыру аясында тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыруға мүмкіндік беретін түзетулерді қабылдады, – деп хабарлады министрлік.

Осылайша, ғылымды қаржыландыру жаңа модельге көшті. Енді ол тек зерттеумен шектелмей, жобаның толық жолын – идеядан бастап дайын өнім мен сериялық өндіріске дейінгі кезеңді қамтитын болады.

Қазіргі уақытта тәжірибелік үлгі жасау және оны өндірісте сынақтан өткізу кезеңдерін қолдауға арналған жеке тетік әзірленіп жатыр. Бұл ғылыми жобалардың нақты нәтижеге жетуін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар 2026–2030 жылдарға арналған өңірлік даму жоспарларына ғылымға жұмсалатын шығын көрсеткіші енгізіледі. Бұл өңірлердегі нәтижелерді бірыңғай өлшеммен бағалауға және өзара салыстыруға жағдай жасайды.

– Бұл көрсеткіш бойынша қаржыландыру болжамы Ұлттық экономика министрлігінің 2029 жылға дейінгі ЖІӨ болжамына сүйене отырып жасалған, – деп атап өтті ведомство.

Осының нәтижесінде әкімдердің есептерінде тек жол, мектеп немесе әлеуметтік нысандар ғана емес, ғылымның даму көрсеткіштері де ескерілетін болады. Сонымен қатар ғылымға жұмсалған қаражат тексеріліп, өңірлер арасында салыстырылатын болады.

Кадр – ғылымдағы ең маңызды мәселе

Ғылым саласында кадр мәселесі басты назарда. Мамандарды ұстап қалу және қолдау үшін арнайы шаралар қолға алынған. Бұл жұмысты Жас ғалымдар кеңесі үйлестіреді.

Мәселен, әрбір ғылыми жобаға кемінде 30% жас маман қатысуы тиіс. Сонымен қатар «Жас ғалым» бағдарламасы іске асырылып жатыр.

Жас зерттеушілерді қолдау мақсатында 40 жасқа дейінгі ғалымдарға «Отбасы банк» арқылы жеңілдетілген ипотека ұсынылады (бастапқы жарна – 10%, мөлшерлеме шамамен 5%). Бұдан бөлек, жастарға арналған арнайы сыйақылар мен стипендиялар қарастырылған.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 2022–2024 жылдары жас ғалымдар бастамашы болған 57 жоба жүзеге асырылған. Бұл қабылданған шаралардың нақты нәтиже беріп отырғанын көрсетеді.

Яғни шетелге кетуі мүмкін болған жас ғалымдардың жобалары ел ішінде іске асырылып, нақты нәтижеге – табысты жобаларға айналып отыр.

Қазір өңірлерде ғылымды дамытуға қажетті барлық негіз қалыптасқан. Даму жоспарлары бар, нақты көрсеткіштер белгіленген, TRL жүйесі енгізілген, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды қаржыландыру тетіктері қарастырылған. Сондай-ақ кадрларды қолдау және жастарды тарту бағытындағы шаралар да іске асырылып жатыр.

Алайда бұл бастамалардың барлығы қағаз жүзінде қалып қоймауы тиіс. Ең бастысы – оларды нақты нәтижеге айналдыру. Яғни жоспарлар мен көрсеткіштер зертханаларға, тәжірибелік үлгілерге және өндірістік жобаларға ұласуы қажет.

Бұл – ең алдымен жергілікті биліктің жауапкершілігі. Сондықтан әкімдер ғылымды инфрақұрылым мен әлеуметтік саламен қатар ел дамуына әсер ететін стратегиялық бағыт ретінде қарастыруы тиіс.

Осыған дейін Үкіметке ғылым саласын басқарудың тиімді, нәтижеге бағытталған моделін жасау тапсырылғаны туралы жаздық.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:205
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Наурыз 2026 14:32
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see141

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see138

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see136

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see135

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see135

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see134

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see133

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see131

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see131

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see131

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see131

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see131

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see130

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see129

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see129

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see129

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see128

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see128

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары