Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ақмола облысында тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін зауыт салынады

Франция құрамасы Сенегалды 3 1 есебімен тізе бүктірді

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

Қазақстанда кейбір шағын бекеттерде пойыздардың тоқтауы қысқартылуы мүмкін

Қос асылдың ізі

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

Қазақстандық пойыздарда қашан қалыпты интернет пайда болады, ҚТЖ дан сұрады

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

Өз қолымен және бюджетсіз: Форт Шевченкода қазақстандықтар армандаған орын пайда болды

Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

Майымбет туралы миф

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

Ғылымды бюджет есебінен қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды

Ғылымды бюджет есебінен қаржыландыру 3,5 есе ұлғайды

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Премьер-министр Олжас Бектенов Ұлттық ғылым академиясы мүшелері, мемлекеттік органдар басшылығы, бірқатар облыс әкімдері және бизнес-қоғамдастық өкілдерінің қатысуымен ғылым мәселелері, ғылыми жобаларды жүзеге асыру және Ұлттық ғылым академиясының әлеуетін экономиканың түрлі саласын дамытуға тарту мәселелері бойынша кеңес өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: primeminister.kz

Президенттің экономика салаларын цифрлық трансформациялау жөніндегі тапсырмасын орындау аясында ғылым мен нақты сектор кооперациясын нығайту, сондай-ақ ғалымдарды қолдау шаралары талқыланды.

Жиынды ашқан Премьер-министр жаңа Конституция жобасын ашық әрі нақты түсіндірудің маңыздылығына тоқталды. Құжатта қоғамда болып жатқан жоспарлы саяси және экономикалық өзгерістер көрсетіліп, ел дамуының жаңа бағдарлары, оның ішінде білім, ғылым және инновация саласындағы басымдықтар белгіленгені атап өтілді. 

«Ата заңның жаңа жобасы – болашаққа бағдарланған прогрессивті құжат. Онда адам және оның құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде жария етілді. Біз Конституция жобасында Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Заң мен тәртіп» жаппай үстемдік құрған, «Әділетті әрі таза Қазақстанды құру» идеясы халықтың кең қолдауына ие болғанын көріп отырмыз. Жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясы басты орынға қойылады. «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» тұжырымдамасы саяси жүйенің тұрақтылығы мен сабақтастығын орнықтыра түседі», деді Олжас Бектенов. 

Жаһандық деңгейдегі өзгерістер мен жоғары технологияның қарқынды дамуы және «орта державалар» рөлінің артуы жағдайында конституциялық реформаның заман талабына сай уақтылы жасалған қадам екені баса айтылды.

Талқылау барысында ғылыми ортаның өкілдері жаңа Конституция жобасын қолдап пікір білдірді. Ғылымды мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде шоғырландыру жөніндегі бастамалар ерекше атап өтілді.

«Жаңа Конституция жобасы адам құқығы мен бостандығын мемлекеттің басты басымдығы ретінде бекітіп қана қоймай, Қазақстанның ұзақмерзімді ғылыми-технологиялық дамуының негізі саналады», деді Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев.

«Бүгінгі таңда медицина ғылымының дамуы – ғылыми прогресс қана емес, сонымен қатар ұлттық қауіпсіздік пен орнықты денсаулық сақтау жүйесін нығайтудың негізгі факторы. Конституцияның жаңа жобасында ғылымды мемлекеттің тұрақты дамуының негізі ретінде қарастыру аса маңызды екені сөзсіз. Бұл ғылыми білім мен зерттеулердің және ғылыми кадрлардың еліміздің қосалқы емес, тікелей стратегиялық ресурсы екенін мойындауды білдіреді», деді академик Вячеслав Локшин «өмір және денсаулық туралы ғылым» бағытын стратегиялық деңгейге шығару қажеттілігін атап өтіп.

Осыған байланысты жасанды интеллект және үлкен деректер базасында шешімдерді енгізу, цифрлық диагностика мен телемедицинаны дамыту, медицина ғылымының кадрлық әлеуетін нығайту мәселелері де күн тәртібінде өзекті бола түсті.

Жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру: Арандатушылар заң алдында жауап береді

Жиынға қатысушылар ғылымның экономикаға қосатын үлесін арттыру мәселелері бойынша пікір алмасты. Бүгінгі таңда мемлекет қажетті жағдайлар жасау және бизнес тарапынан инвестиция салуды ынталандыру үшін жүйелі шаралар қабылдап жатыр. Ғылыми әзірлемелерді қаржыландыруға жұмсалатын шығыстардың 300%-на дейін салықтық жеңілдіктер енгізілген. Бюджет кодексінде жер қойнауын пайдаланушылардың өндіруге жұмсайтын шығыстарының 1%-ын орталықтандырылған түрде бюджеттік бағдарлама арқылы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) аудару міндеті бекітілген. Үш жыл ішінде республикалық бюджеттен ғылымды қаржыландыру көлемі 3,5 есеге ұлғайып, 2026 жылы 214 млрд теңгені құрады. Президент 2029 жылға қарай бұл көрсеткішті ІЖӨ-нің 1%-на дейін жеткізу міндетін қойды.

«Жалпы алғанда, отандық ғылымның тиімділігін, оның инвестициялық тартымдылығын, барлық процестердің айқындылығы мен ашықтығын арттыру бағытында ауқымды әрі жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр. Академия еліміздің стратегиялық дамуына қолдау көрсететін негізгі зияткерлік орталыққа айналуы қажет. Дәл осы жерде экономиканы дамытудың ғылыми негізделген болжамдары жасалып, әлемдік инновациялық орталықтармен берік ғылыми байланыстар нығайтылуға тиіс», деді Олжас Бектенов.

Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев экономикаға ғылыми әзірлемелерді енгізуді жеделдетуге бағытталған шараларды ұсынды. Академия форсайтты жоспарлаудың тұрақты құралына айналдырғаны атап өтілді: мемлекеттік органдардың, ғылым мен бизнестің қатысуымен 70 өңірлік және салалық сессиялар өткізілді, 220 перспективалық міндеттер қалыптастырылды және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру үшін 65 ғылыми-техникалық тапсырмалар дайындалды. Бұдан басқа, жаңа төрт деңгейлі теңдестірілген басымдықтар жүйесіне көшу және оны Жоғары ғылыми-техникалық комиссия алаңында бекітіп алу ұсынылды. Бұл шешім стратегиялық міндеттерді шешуге және іргелі ғылымды қолдауға мүмкіндік береді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша құрылған Ғылым және технологиялар жөніндегі өңірлік кеңестердің маңыздылығы атап өтілді, олар жергілікті жерлерде ғылыми-инновациялық дамуды басқарудың пәрменді тетігі болуға тиіс.

Жаңа Конституция туралы жалған ақпарат таратқан азамат жазаланды

Салалық мемлекеттік органдардың өкілдері ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың іс жүзіндегі нәтижелері туралы баяндама жасады. Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев тау-кен металлургия кешені бойынша соңғы бес жылда сала кәсіпорындары шамамен 150 млрд теңге инвестициялап, 1,5 мыңнан астам жобаны жүзеге асырғанын атап өтті. Әзірлемелерді енгізу тікелей экономикалық тиімділікті және өнеркәсіптік қауіпсіздікті арттыруды қамтамасыз етеді.

Агроөнеркәсіп кешені саласында бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру және отандық әзірлемелерді енгізу нәтижелері ұсынылды. Мәселен, мемлекеттік тізілімде Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығына еншілес ұйымдары әзірлеген отандық селекцияның 743 сорты мен гибриді тіркелген. Егіс алқаптарының шамамен 60%-ына отандық тұқымдар егіледі. Соңғы екі жылда өңдеу саласында нарыққа өсімдік шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі шығарылды. 

Сондай-ақ өңірлердің ғылыми-инновациялық экожүйені дамыту жөніндегі ұсыныстары тыңдалды. Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров жоғары оқу орындарында зертханалық базаны дамыту, инновациялық технопаркте жобаларды жүзеге асыру және шетелдік ғалымдарды тарту туралы мәліметтерді ұсынды. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов сирек кездесетін және аса маңызды материалдарды зерттеуді дамыту, технологиялар трансфертін кеңейту және Horizon Europe аясындағы жобаны қоса алғанда, халықаралық ынтымақтастық жөніндегі жоспарларды таныстырды.

Мыңжылдық тарихтың сабақтастығы – жаңа Конституция жобасы айқындап берген бағдар

Сонымен қатар физика-математика ғылымдарының докторы, атом энергетикасы қауіпсіздігі, басқарылатын термоядролық синтез, радиоэкология және радиациялық технологиялар саласы бойынша профессор Эрлан Батырбеков, физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Жұмаділдаев пікір білдірді. 2025 жылғы желтоқсанда Үкімет бекіткен Ғылымды шоғырландыру аумақтарын құрудың және дамыту тұжырымдамасы ғылыми әлеуетті шоғырландыруға, озық технологияларды жедел енгізуге және ғылыми кадрларды даярлауға жағдай жасайтыны атап өтілді. Кремний саласын дамыту мәселелеріне, соның ішінде кремнийді зерттеу саласындағы іргелі зерттеулерге және еліміздің технологиялық дамуы үшін маңыздылығын көрсете отырып, бейінді зауыттар салуға назар аударылды.

Жиын қорытындысы бойынша бірқатар тапсырма берілді.

Ғылым және жоғары білім министрлігі салалық мемлекеттік органдармен бірлесіп 2026 жылғы 1 наурызға дейін Ғылым академиясының ғылыми технологиялық дамудың басымдықтарын айқындаудың жаңа моделін қалыптастыру жөніндегі ұсыныстарын қарасын. Салалық мемлекеттік органдар 2026 жылғы 1 наурызға дейін салалардың технологиялық және өндірістік міндеттерін шешу мен қолданбалы ғылыми әзірлемелерді енгізу жөніндегі жол карталарын бекітсін. Өңір әкімдері өңірлік ғылыми-технологиялық кеңестерге жеке басшылық жасап, қалыптастырсын. Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, 2026 жылғы 1 сәуірге дейін өңірлік мамандану және форсайттық зерттеулердің нәтижелерін ескере отырып, ғылыми-техникалық тапсырмаларды бекітсін.  Ұлттық ғылым академиясы 2026 жылғы 1 сәуірге дейін Ғылыми-технологиялық форсайт орталығын құруды және тиісті зерттеулер жүргізуді қамтамасыз етсін. Су ресурстары және ирригация министрлігі Жасанды интеллект және цифрлық даму, Ғылым және жоғары білім министрліктерімен бірлесіп, 2026 жылғы 1 мамырға дейін су ресурстарын басқару үшін жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі жобаны іске қосуды қамтамасыз етсін.  Ұлттық ғылым академиясымен бірлесіп, 2026 жылдың соңына дейін Қазақстанның су-энергетикалық ресурстарының картасын дайындасын.

Соңғы жаңалықтар

Қару-жарақ пен валюта: Шекарада заңсыз жүк тасымалының жолы кесілді

Қазақстан • Бүгін, 13:33

25% және 33% жеңілдік: Зейнеткерлер мен жастар үшін пойыз билеті арзандайды

Қоғам • Бүгін, 12:47

«Салық жүйесінде қайта тіркелу керек»: Алаяқтарға сенген ақтөбелік 12 млн теңгесінен айырылды

Оқиға • Бүгін, 12:33

Алматыда Балалардың құқығын қорғау басқармасы құрылады

Қоғам • Бүгін, 12:27

Астанада ұландықтар есірткі қылмысының жолын кесті

Әскер • Бүгін, 12:17

Ақпан қан тапсыру айы деп жарияланды: Ақмарал Әлназарова қан доноры болды

Медицина • Бүгін, 12:08

Жаңа Конституция жобасын халыққа түсіндіру: Арандатушылар заң алдында жауап береді

Үкімет • Бүгін, 12:01

Ақпан айында ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 11:43

Атырау облысында адам саудасымен айналысқан 21 дерек анықталды

Аймақтар • Бүгін, 11:33

Елена Рыбакина әлемнің үшінші ракеткасы атанды

Спорт • Бүгін, 11:13

Наурыз айында ел тұрғындары қатарынан бес күн демалады

Мереке • Бүгін, 11:02

ФИФА: Футбол клубтары трансферге 13 млрд доллардан астам қаражат жұмсады

Футбол • Бүгін, 10:43

Балбал тастан баспасөзге дейін: Әлем неге газет оқи бастады?

Мәдениет • Бүгін, 10:32

Босану саны 35%-ға артты: Астанада екі перинаталдық орталық бой көтереді

Медицина • Бүгін, 10:29

Қоянды ауылында екі оқушыны көлік қағып кетті

Оқиға • Бүгін, 10:11

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:150
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Ақпан 2026 14:52
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ақмола облысында тәулігіне 1 миллион жұмыртқа өңдейтін зауыт салынады

16 Маусым 2026 17:48see120

Франция құрамасы Сенегалды 3 1 есебімен тізе бүктірді

17 Маусым 2026 02:35see116

Дауылдан кейін көлікке ағаш құлады не істеу керек және шығынды кім өтейді

16 Маусым 2026 20:58see115

Шаққалиев жанармай мен электр энергиясы бағасының өсуі азық түлік құнына қалай әсер ететінін түсіндірді

17 Маусым 2026 15:07see114

Қазақстан мен Иран көлік дәліздерін дамыту туралы келісімге келді

16 Маусым 2026 23:01see113

Қазақстанда кейбір шағын бекеттерде пойыздардың тоқтауы қысқартылуы мүмкін

16 Маусым 2026 16:03see113

Қос асылдың ізі

17 Маусым 2026 08:52see111

Атырауда жаңа судьялар тағайындалды

18 Маусым 2026 03:06see111

Депутат: Неге әр өңірде жылдамдық режиміне әртүрлі тәсіл қолданылады?

17 Маусым 2026 12:53see110

Неміс алыбы Volkswagen нің өмір сүруіне қауіп төніп тұр БАҚ

17 Маусым 2026 14:44see110

Мемлекеттік қызмет: тәжірибе мен талап

17 Маусым 2026 08:15see109

Қазақстандықтар шекті деңгей көтерілгенге дейін БЖЗҚ дан тұрғын үйге 55 миллиард теңге алды

17 Маусым 2026 14:31see109

Қазақстандық пойыздарда қашан қалыпты интернет пайда болады, ҚТЖ дан сұрады

16 Маусым 2026 15:35see109

Қарыз психологиясы: мұқтаждық па, әдет пе?

17 Маусым 2026 08:15see108

Өз қолымен және бюджетсіз: Форт Шевченкода қазақстандықтар армандаған орын пайда болды

16 Маусым 2026 16:41see107

Тас жолдарда оң рульді көліктерге бақылау күшейтіледі

17 Маусым 2026 00:04see106

Жамбыл облысында 17 бас жылқыны жымқырды деген күдікпен жылқышы ұсталды

17 Маусым 2026 15:13see106

Майымбет туралы миф

17 Маусым 2026 08:52see104

“Ақшаның қайда кеткенін көрсетіңіздер“ депутаттарда “шетелдік агенттер тізіміне“ қатысты сұрақтар туындады

17 Маусым 2026 13:21see104

Зейнетақы жинағын алу шегі өзгерді: БЖЗҚ қазақстандықтарға маңызды ескерту жасады

16 Маусым 2026 16:02see104
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары