Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Жапония пен Сингапурдан кем емес: Алматыдағы арнайы мектептің өнерлі өрендері көпті тәнті етті

Жапония пен Сингапурдан кем емес: Алматыдағы арнайы мектептің өнерлі өрендері көпті тәнті етті

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Отан қорғаушылар мен Жеңіс күніне орай Алматыдағы №2 арнайы мектеп-интернатта «Ұлы Жеңіске – мәңгілік тағзым» тақырыбында  мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

№2 мектеп-интернаттың алпыс бес жылдан астам тарихы бар. Мұнда тірек-қимылында бұзылысы бар балалар білім алады. Қазіргі кезде 171 бала мектепте, 208 оқушы үйден оқытылады. Мектеп директоры, тәжірибелі ұстаз Бақытгүл Ермекованың айтуынша, білім ордасында сапалы білім берумен қатар, тарихи, рухани құндылықтарды насихаттап, балаларды тағылымды істерге баулуда мазмұнды мәдени шаралар жиі өтіп тұрады.

Мереке күніне орайластырып отырған бұл мерекелік кештің орны бөлек. Ел қорғаны болған батырларды еске алып, Отан қорғауда қырағы күзетте тұрған сарбаздар ісін жас ұрпақ арасында насихаттауды мақсат еткен салтанатты шараға мектеп-интернаттың ардагер-ұстаздары шақырылып, құрмет көрсетілді. Сонымен қатар білім ордасының қамқоршылық кеңесінің мүшелері, демеушілер мен мектеп түлектері қатысты.

Мектептерде оқушыларға смартфон қолдануға тыйым салынуы мүмкін

Мерекелік кеште Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық орталығының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты, «Азамат әлеуеті» ҚҚ президенті А. Сейсенова, мектеп-интернат ардагерлері И.В. Утробин, Қ. Нұрғожаева, қазақ футболының ардагері, Алматы футбол федерациясының президенті А.Ф. Мехтиев, DHL компаниясының бас директоры Е.Р. Багдашкин, мектеп түлегі,  жүзуден және үстел теннисінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, паралимпиадалық спортшы және жаттықтырушы А. Оразбек, «Қазақстан халқына» қорының стипендияты, Халықаралық инженерлік-техникалық университетінің 2 курс студенті Р. Степанец, сонымен бірге Қ. Абдуллаевтың «Акниет» қоры, «Simax Solution» компаниясының өкілдері сөз сөйлеп, мектеп тарихы, тәрбиеленушілердің бүгінгі білім белесіндегі жетістігі туралы толғаныстарын жеткізді.

Мерекелік кеште мектеп шежіресі туралы фильм көрсетіліп, оқушылардың қолөнер көрмесі өтті. Әсерлі кеш концерттік бағдарламамен жалғасып, халықаралық, республикалық, қалалық байқаулардың жеңімпаздары, 8-10-сынып оқушылары А. Амирова, А. Оразбай «Ән сал,сарбазым» әнімен, мектептің «Жауқазын» амсамблі, 5-сынып оқушыларының үрмелі аспаптар оркестрі қатысушыларды өз өнерлерімен тәнті етті. Сондай-ақ әнші А. Тәшімбетов, №12881 әскери бөлімнің сарбаздары – капитан А. Шырынбек, кіші сержант Ә. Ынтықбаев, ефрейтор К. Қойшыбаева қатысушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

«Бұл – әділетсіздік!». Асхат Аймағамбетов сабақтан тыс уақытта оқушы үшін мұғалім жауап бермейтіндігін мәлімдеді

Салтанатты шара барысында мектеп директоры Бақытгүл Ермекова тірек-қимылында бұзылысы бар балаларға психологиялық, физикалық қолдау көрсетіп, олардың қоғамда өз орнын табуында тәжірибелі педагогикалық ұжымның еселі еңбегі жатқанын атап өтті. Айтуынша, ұстаздар қауымы заманауи оқу құралдарының көмегімен бала­лар­дың дамуына, тұлғалық қалып­та­суына ықпал етіп келеді. Бүгінде мектепте 150 педагог жұмыс істейді. Осы ретте республикалық «Ақбота» зияткерлік олимпиадасы жеңімпаздарын дайындаған О.Айдосова, Р. Казлахынова, С. Рахимбекова, С. Ишанова, А. Мылтықбаева, Ф. Мамытбай сынды ұстаздар еңбегін атап өткен абзал. Абай атындағы ҚазҰПУ, Қыздар пегагогикалық ұлттық университетін бітіріп, осы мектепте тәжірибе жинақтаған дефектолог мамандар жұмысына да ерекше тоқталып өтуге болады.

«Мектебімізде педагогикалық ұжым оқушылардың үлгерім нәтижесіне, жекелеген пәндер бойынша жетістіктеріне басты мән береді. Ал кәсіби бағдар беру мақ­сатында қолдау көрсетіп, кеңес бере отырып, маман­дық таңдауына, өз саласы бойынша табысты жұмыс істеп кетуіне, өмірден өз орнын табуына жәрдемдесуде жүйелі жұмыстар ат­қарылып жатыр. Жапония, Малайзия, Сингапур елдері тәжірибесімен танысқанымда мектеп-интернатымыздағы білім беру бағдарламасының шетелден кем түспейтініне көзім жетті. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г. Дарыбаева, В. Тюринаның Хорватия, Нидерланд еліне сапарының нәтижелі болғанын да атап өткім келеді. Бүгінде ұстаздарымыз «Perkins» ха­лықаралық мектебінде 20-дан астам педагог білімін жетілдіріп, алдыңғы қа­тарлы педагогикалық техно­ло­гия­ларды игеріп, тәжірибесін жетілдіру үстінде. Мектепте «Perkins» тәжірибесі негізін­де ресурсты кабинет жұмыс істейді. Қамқоршылар кеңесінің төрағасы, меценат, «Astana Motors» холдингінің негізін қалаушы Н. Смағұловтың қолдауымен мектебіміз әмбебап тренажерлермен жабдықталған. Оқушыларымыз пәнаралық олимпиадалармен қатар спорттық жетістіктерімен де көзге түсіп жүр. Бұл ұжымның ғана емес, ұстаздар еңбегінің жемісі, демеушілердің қолдауының нәтижесі. Биыл 4  оқушымыз мектепті қызыл аттестатқа бітіргелі отыр. Республикалық пәнаралық олимпиада жеңімпаздары Ш. Абдулхайқызы, Э. Мұсақожаев, И. Жақай, Т. Ибраева, сонымен қатар М. Мұхтарбек, М. Рысбай, К. Байгелова, сондай-ақ оқушыларымыздың спорттағы жетістіктері де назар аударарлық. Ал мектеп түлектері қоғамдық өмірдің сан-саласында табысты еңбек етіп жүргені біздерді қуантады», деді Бақытгүл Ермекова.

Білім ордасы жарық әрі жайлы сыныптар, интерактивті тақталар, зертханалар мен жаңа шеберханалармен жабдықталған. Мектепте балалардың психологиялық-физио­ло­гиялық ерекшеліктеріне сәй­кес арнайы оқу бағдарламасын қол­дану өз жемісін бе­ріп келеді. Педагогикалық ұжым заманауи мүмкіндіктерді қолдана отырып, балалардың қоғаммен ық­палдасуы үшін әлеуметтік-пси­хологиялық оңалту, жеке оқу үрдісі арқылы білім беруге ынталандыру, адап­тивті мүмкіндіктерін арт­тыру бағытында жұмыс істеп келеді.

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар

Жапония пен Сингапурдан кем емес: Алматыдағы арнайы мектептің өнерлі өрендері көпті тәнті етті

Қоғам • Бүгін, 17:54

Минутына 30 сөз жазады: Ойды мәтінге айналдыратын бас киім пайда болды

Технология • Бүгін, 17:37

Таразда жасөспірімдер арасындағы кикілжің жаппай төбелеске ұласты

Оқиға • Бүгін, 17:20

Екібастұзда картонға маркермен мемлекеттік нөмір жазып алған жүргізуші ұсталды

Оқиға • Бүгін, 17:12

Президент Алатау қаласының ерекше мәртебесіне қатысты шешім қабылдады

Заң • Бүгін, 17:00

Қазақстанда ең төменгі жалақы мөлшері өсуі мүмкін

Бюджет • Бүгін, 16:59

Полиция ер адамға күш көрсеткен: Желіде тараған даулы видеоға қатысты түсініктеме берілді

Оқиға • Бүгін, 16:48

Сайлау жүйесіндегі жаңа талап: Жемқорлықпен сотталғандар комиссия мүшесі бола алмайды

Қоғам • Бүгін, 16:34

Grand Slam турнирі: Қазақ балуаны Олимпиада жүлдегерін жеңіп, финалға шықты

Күрес • Бүгін, 16:23

Қазақ жігіті Лондонның беделді ауданына мэр болып сайланды

Оқиға • Бүгін, 16:09

ОПЕК-тегі өзгерістер Қазақстан экономикасына қалай әсер етеді?

Экономика • Бүгін, 15:50

Вице-президент пен Халық кеңесінің жұмысы қалай қаржыландырылмақ? Министр жауап берді

Қоғам • Бүгін, 15:35

42 млн теңгеден астам қаржыны қалтасына басқан: Балабақша басшылығының былығы әшкере болды

Оқиға • Бүгін, 15:26

Қазақстанда газ тағы қымбаттауы мүмкін: Жұманғарин себебін түсіндірді

Экономика • Бүгін, 15:19

Жаңа пандемия қаупі бар ма? Еуропада хантавирус жұқтыру деректері көбейді

Әлем • Бүгін, 15:04

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Мамыр 2026 18:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see129

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see126

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see124

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see123

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see123

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see122

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see121

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see121

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see120

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see120

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see120

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see120

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see119

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see118

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see118

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see117

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see117

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see117

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see117

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары