Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Аяз атаға хат

Аяз атаға хат

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бірақ өте сенгіш.Бала күнімізде құлыншақтай алысып өстік. Бірге жетілдік. Оның бір әдеті бар.Жаңа жыл мерекесі жақындаса, қолына ақ парақ пен қаламсап алып Аяз атаға бұрқыратып хат жазады. Ауылда ер жеткенше бұл әдетін тастаған жоқ. Жыл сайын велосипед сұрайды. Ақыры атасынан мүлдем жауап келмеді.

Әйтеуір, жазғыш. Қазір тек бас жазады. Ақыры ауылда қалды.Үйленді.

Соғымның науқаны басталғанда көзі жайнап жүреді.Құрдастарын жағалап қуырдақ жейді. Бүгін жүз грамды біраз сілтеп жіберді. Баяғы Аяз атасы есіне түсіп, еңкілдеп жылады. «Атам-ай» деп жасы елуге келген еркектің еңкілдеп өксігені жүрек ауыртады. Кредитін жоқтаған қазақтың әйелдері сияқты. Аянышты. Бөшкедей қатыны Мағрипамен сөзге келіп қалды.

 –  Аяз ата жоқ,  –  деді әйелі.

 –  Бар.

 –  Атаңның басы, бар болса қайда? Осы сен шалға сенуіңді қашан қоясың? – деп танауы бәйгеге қосатын тұлпардай таңқиып қалған Мағрипа құрдасымның үстіне секіріп мініп қылғындырды. Көршілері әрең айырды. Жұдырығы бокстан әлем чемпионы Тайсоннан асып түседі. Ұрғанын құлатады. Бұдан бастық біткен қашып жүреді. Өткенде балаға берілетін әлеуметтік жәрдемақыны даулап көшеге шыққанда он полицияның күші жетпей күшенді.Содан Жөкетай масаңдық әсер етті ме, білмеймін, қолына қалам алып, келе жатқан Жаңа жыл мейрамына қарсы Аяз атасына хат жазды.

«Аса құрметті ақсақалды Аяз ата! Сізді құдамдай сыйлаймын.Қатты сенемін. Сізден басқа қазір сенетін шал қалмады.Бәрі алдайды.Алданып келеміз. Мен өзіңді бала күнімнен жақсы көремін. Маған 2026 жылы су жаңа, фигурасы «мощный» тоқал әкеліп берші. Біздің қатын тозды. Шаршадым. Әбден былшиып семіріп алды. 

Сәлеммен Жөкетай», –  депті. Хатты таң атпай әйелі тауып алды. Оқып шықты. Ұлы Отан соғысы басталып кетті.

–  Ей,сүмелек, саған тоқал керек екен ғой, – деді Мағрипа ерні кезеріп.

–  Қандай тоқал?

Жөкетай араққа тойып алып, түнде Аяз атаға хат жазғанын ұмытып тұр.

–  Мына хатты сен емей мен жаздым ба? Бейшара, бұған қазір бала да сенбейді.

–  Қатын, қойшы, Жаңа жыл келе жатыр, – деді басын ұстап. Бірдеңе бүлдіргені енді есіне түсті.

«Тоқал» деген сөзді естісе Мағрипаның төбе шашы тік тұрады.

–  Жазғыш болсаң, Аяз атаңнан тоқал сұрағанша неге ауданға жаңа әкім, халыққа жаны ашитын депутаттар сұрамайсың? – деп  үйден жалаңаяқ қуып шықты.

Жөкетай қазір суық сарайда дірілдеп,  саусақтары бүрісіп, бірдеңені шимайлай бастады.

Бұл жолы хатты Аяз атасына емес, қайынатасына жазып жатыр...

Нұрлыбек ЖҰБАТҚАН,

Ақтөбе қаласы

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Желтоқсан 2025 01:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see170

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see169

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see156

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see155

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see143

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see135

Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден Азиаданың финалына шықты

22 Қыркүйек 2026 07:57see124

Сау ұлттың ұстыны ақылды медицина

22 Қыркүйек 2026 06:25see123

БАҚ жаңа қаржылық дағдарыстың жақындау белгілерін байқады

22 Қыркүйек 2026 09:08see115

Астанада жүргізуші қауіпті көлік жүргізгені үшін 10 тәулікке қамауға алынды

22 Қыркүйек 2026 09:07see113

Теміртауда газ жарқылынан зардап шеккен ер адам қайтыс болды

22 Қыркүйек 2026 09:27see91

Алматыда қаладағы алғашқы гастрономиялық көше ашылды

22 Қыркүйек 2026 08:24see91

82 жылдық рекорд жаңармады Қазақстанда тамыз айы қандай болды

22 Қыркүйек 2026 09:31see89
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары