Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Азаматтардың 86,9% ы ел Президентіне сенеді әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижесі

Азаматтардың 86,9% ы ел Президентіне сенеді әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижесі

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстандық қоғамдық даму институты «2026 жылғы электоралдық ландшафт және сайлау тенденциялары: қоғам не күтеді» тақырыбында «Sarap» сарапшылар клубының отырысын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Іс-шараға сарапшы-академиялық қауымдастық өкілдері, ғылыми-зерттеу институттары мен талдау ұйымдарының басшылары, жетекші жоғары оқу орындарының докторанттары мен магистранттары қатысты.

Қатысушылар жаңа Конституция жағдайында Құрылтай сайлауы қарсаңындағы қоғамдық үміт, партиялық құрылымдар рөлінің күшеюі және азаматтардың сайлау үдерістеріне қатысу белсенділігінің артуын талқылады.

Отырыс барысында ҚҚДИ-дің екі зерттеуінің нәтижелері таныстырылды: «2026 жылдың II тоқсанындағы қоғамдық-саяси ахуал» (2 400 респондент) және «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» (1 200 респондент).
Бір-біріне тәуелсіз жүргізілген екі зерттеудің көрсеткіштері өзара сәйкес нәтижелерді көрсетіп, электоралдық кезеңнің жоғары қоғамдық консолидация, оптимизм және мемлекеттік институттарға деген тұрақты сенім жағдайында басталғанын көрсетеді.

Алғашқы зерттеу деректеріне сәйкес, қазақстандықтардың 84,1%-ы елдегі қоғамдық-саяси ахуалды қолайлы немесе тұрақты деп бағалайды. Бұл I тоқсандағы 70,4% көрсеткіштен едәуір жоғары. Сауалнама қоғамдағы оптимистік көңіл күйдің нығайғанын көрсетеді. Өз көңіл күйін өте жақсы немесе бірқалыпты деп бағалаған азаматтардың үлесі 88,5%-ға дейін артса, алаңдаушылық сезінетіндердің үлесі 15,2%-дан 11,5%-ға дейін төмендеген. Өмірге қанағаттану деңгейі 85,8%-ға жетті. Респонденттердің жартысынан астамы (50,5%) соңғы бір жылда отбасының материалдық жағдайы жақсарғанын атап өтті. Ал алдағы бір жылда оң өзгерістер күтетіндердің үлесі 60,1%-ға дейін артты.

Жастардың оң көзқарасы айқын әрі орнықты. 18-28 жас аралығындағы қазақстандықтардың 87,1%-ы елдегі қоғамдық-саяси ахуалды қолайлы немесе тұрақты деп бағалайды. Бұл барлық жас топтары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Сонымен қатар, жастар болашаққа барынша оптимистік көзқарас танытады: жас респонденттердің 65,6%-ы алдағы бір жыл ішінде өз өмірінің жақсаратынын күтеді.

Мемлекеттік институттарға деген сенімнің қарқынды өсуі байқалады. 2026 жылдың II тоқсанында Президентке деген сенім деңгейі 86,9%-ды құрады. Бұл көрсеткіш барлық жас топтарына тән, яғни қоғамдық қолдаудың кең ауқымды екенін және оның жекелеген әлеуметтік-демографиялық санаттармен шектелмейтінін көрсетеді.
Өз кезегінде, «Қазақстандықтардың саяси бағдарлары» зерттеуінің нәтижелері бойынша респонденттердің 75,1%-ы алдағы Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін мәлімдеді. Сауалнамаға қатысқандардың 37,6%-ы сайлауға қатысуға нық ниетті екенін білдірсе, тағы 37,5%-ы «Иә деуге болады» деген жауапты таңдаған, яғни олар сайлауға ықтимал түрде баруға дайын.

Сайлауға қатысуға дайындықтың ең жоғары деңгейі аға буын өкілдері арасында байқалады (80,7%), ал жастар арасында бұл көрсеткіш 69,4%-ды құрайды. Жоғары білімі бар азаматтар мен ауыл тұрғындары да сайлауға қатысуға жоғары деңгейде дайын екенін көрсетіп отыр. Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар алдағы Құрылтай сайлауы елдің саяси жүйесі дамуының жаңа кезеңіне жол ашатынын атап өтті. Ол Қазақстандағы өкілді билікті одан әрі институттандыру перспективаларын айқындайтын қоғам зор үмітпен күтетін негізгі оқиғалардың бірі.

Қазақстандық қоғамдық даму институты сайлау науқаны кезеңінде қоғамдық пікірге сауалнамалар жүргізу үшін Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясында аккредитациядан өткен.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 14:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see132

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see130

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see129

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see126

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see125

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see123

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see123

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see122

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see121

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see120

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see119

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see119

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see119

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see119

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see118

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see117

Тоқаев Азиядағы өзара іс қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес саммитінде сөз сөйледі

15 Қазан 2026 17:59see117

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see116

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары