Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

Сауалнама: азаматтардың 71% ы сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық парызы санайды

Сауалнама: азаматтардың 71% ы сайлауда дауыс беруді өзінің азаматтық парызы санайды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Зерттеу 15-26 шілде аралығында Астана мен Алматы қалаларында жүргізілген. Сауалнамаға 2 504 адам қатысқан. Зерттеу барысында азаматтардың сайлауға қатысу белсенділігі, ақпарат алу арналары, саяси партияларға қойылатын талаптары және Құрылтай сайлауынан күтетін нәтижелері зерделенді, - деп хабарлайды Aikyn.kz

Халықтың басым бөлігі сайлауға қатыспақ

Сауалнамаға қатысушының 78,2%-ы сайлау мен референдумдарға тұрақты қатысқаны белгілі болды. Зерттеу деректеріне сәйкес, соңғы жылдары азаматтардың саяси науқандарға қатысу белсенділігі біртіндеп артып келеді. Мысалы, респонденттердің жауабында 2023 жылғы парламент сайлауына қатысу көрсеткіші – 53,4%, 2024 жылғы референдумда – 63,4%, ал 2026 жылғы референдумда 75,3% болғаны көрсетілген.

Ал жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қатысу себептері  де көрсетілген.

Олардың мәліметінше, жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қатысқан азаматтардың 71%-ы дауыс беруді азаматтық парызы деп санаса, 59,5%-ы саяси реформаларды маңызды деп бағалаған. Ал 31,4%-ы дауыс беруді демократиялық құқық ретінде қабылдаған. Тек 18%-ы алғаш рет дауыс берген екен.

Ақпараттың негізгі көзі – теледидар мен әлеуметтік желілер

Осы  зерттеудің арқасында қазақстандықтардың сайлау туралы ақпаратты негізінен дәстүрлі және цифрлық арналардан алатыны анықталды. Мәселен, респонденттердің 51,3%-ы негізгі ақпарат көзі ретінде теледидар деп көрсетсе, 44,5% Instagram-нан алатынын жеткізген. Қызығы, интернет порталындағы жаңалықты  32,5% ғана қарайды. Ал ағайын-туғанның арасындағы әңгімеден ақпаратты 27,4% алады.

Осы дерекке қарап, теледидардың саяси ақпарат таратудың маңызды арнасы болып қала бергенімен әлеуметтік желілердің де азаматтардың ақпарат алуындағы рөлі маңызды екенін аңғартады.

Құрылтайдан не күтеді?

Сауалнаманың нәтижесінде, азаматтардың басым көпшілігі Құрылтай сайлауынан кейін оң өзгерістер күтеді. Өйткені зерттеуге қатысқанның 68%-ы елде оң өзгерістер болады деп сенім білдірген. Ал 48,8%-ы сайлаудың әділ өтеді десе, 43,3%-ы жаңа сайланған депутаттар азаматтардың мүддесін қорғайды деп есептейді.

Респонденттердің 35,9%-ы жаңа депутаттардың келуі елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсартуға ықпал етеді деп санаса, 23,8%-ы саяси мәдениеттің артуын күтсе, 22,3%-ы депутаттардың сайлаушылармен ашық әрі тұрақты байланыс орнатуын қалайды.

Осыған қарай респонденттер Құрылтайдан саяси өзгерістерді ғана емес, әлеуметтік-экономикалық мәселелердің шешілуін және халықпен ашық байланысты күтетінін көрсетеді.

Сауалнама барысында респонденттер тиімді саяси партия қандай болуы керектігі туралы да пікір білдірген.

Ең көп аталған басымдықтар:

44% – елдің экономикалық өсімі мен өркендеуіне ұмтылуы тиіс; 33,2% – әлеуметтік әл-ауқат пен теңдік мәселесіне басымдық беруі керек; 32,4% – елдің болашағына қатысты нақты әрі түсінікті көзқарас ұсынуы қажет.

Бұдан бөлек, қатысушылардың пікірінше, саяси партиялардың харизмасы жоғары көшбасшылары болуы, заң шығару жұмысына белсенді араласуы, азаматтарға нақты пайда әкелетін бастамаларды ұсынуы, демократиялық қағидаттарды ұстануы және бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы сайлаушылармен тұрақты байланыс орнатуы маңызды

Қоғамның саяси үдеріске қызығушылығы артуда

Еуразиялық интеграция институты әлеуметтік зерттеулер департаментінің жетекшісі Гүлден Емішованың айтуынша, сауалнама нәтижелері азаматтардың қоғамдық-саяси үдерістерге қызығушылығы артып келе жатқанын көрсетеді.

Оның пікірінше, азаматтар сайлауға қатысуға дайын.

«Зерттеу барысында азаматтардың сайлауға деген көзқарасы ғана емес, ақпаратты қайдан алатыны, саяси партиялардан қандай нәтиже күтетіні және Құрылтай жұмысына қандай үміт артатыны жан-жақты зерделенді», – деді Гүлден Емішова брифинг барысында.

Зерттеу нәтижелері саяси партиялар үшін де маңызды болуы мүмкін. Өйткені сауалнама азаматтардың қазіргі электоралдық кезеңдегі негізгі сұранысы мен басымдығын көрсетеді.

– Бұл деректер партияларға сайлаушылармен жұмыс тәсілдерін, ақпарат тарату арналары мен үгіт-насихат мазмұнын жетілдіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар қазіргі электоралдық кезеңдегі қоғамның негізгі сұраныстары мен басымдықтарын айқындауға көмектеседі, – деді Еуразиялық интеграция институты әлеуметтік зерттеулер департаментінің жетекшісі.

Айта кетейік, Зерттеу Қазақстанның 18 жастан асқан тұрғындарының әлеуметтік-демографиялық құрылымына барынша сәйкес келетін іріктеме негізінде жүргізілген. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Тамыз 2026 17:26
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see165

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see157

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see156

Путин: Ресей бюджетінде мұнай бағасы $50 болып белгіленеді

20 Қыркүйек 2026 22:21see153

​АМӨЗ ге үкіметтік инспекция келді: зауыттағы жаңғырту кезеңдері көрсетілді

20 Қыркүйек 2026 22:21see151

Энергетика министрлігі Қашағандағы Д аралы мен мұзжарғыштар флотының дайындығын тексерді

20 Қыркүйек 2026 22:22see147

Жамбыл облысында жыпылықтағыш орнатқан жүргізуші жазаланды

21 Қыркүйек 2026 12:41see140

Зеленский Трамппен кездесетінін айтты

21 Қыркүйек 2026 10:06see139

Қазақстандық студент әкесінен оқу кезеңіне алимент өндіріп алды

21 Қыркүйек 2026 13:04see137

Атырау ауасындағы күкіртсутегі: министрлік нормадан асу себептерін түсіндірді

20 Қыркүйек 2026 22:21see135

Барыс Локомотивті ойсырата жеңді

21 Қыркүйек 2026 12:42see133

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see132

Қазақстанның оңтүстігінде бетперде киіп, жастарға оқ жаудырғандар сотталды

20 Қыркүйек 2026 22:18see131

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see130

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see127

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see126

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see118

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see118

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see118

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары