Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

Жемісті жеті жыл

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Қазақстандықтардың 87% дан астамы өңірлердегі жағдайды тұрақты деп санайды сауалнама

Қазақстандықтардың 87% дан астамы өңірлердегі жағдайды тұрақты деп санайды сауалнама

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Зерттеу 2025 жылғы 1-10 қараша аралығында жүргізілді, оның аясында елдегі қоғамдық-саяси күн тәртібіне қызығушылық және медиа тұтыну арналары, ақпарат көздеріне деген сенім деңгейі, қоғамдық-саяси және экономикалық жағдайды бағалау, Мемлекет басшысы жұмысының рейтингі және бағалануы, сондай-ақ саяси партиялардың танымалдылығы сияқты бірнеше бағыттар талданды.

17 облыста және үш республикалық маңызы бар қалада (қалалық және ауылдық жерлерде) 18 жастан асқан 1 467 респонденттен сұхбат алынды. Зерттеу әдісі-респонденттердің тұрғылықты жері бойынша қатаң ресімделген сауалнама (face-to-face) негізінде жеке сұхбат түріндегі жаппай сауалнама.

Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, Мемлекет басшысының қызметіне жоғары баға берілген. Осылайша, респонденттердің 78,5%-і Президенттің соңғы үш айдағы жұмысын тиімді деп атады. 71,5%-і Қасым-Жомарт Тоқаевтың жақын арада елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндігінің бар екенін атап өтті. Келесі жексенбіде президенттік сайлауды өткізу кезінде оның кандидатурасына сауалнамаға қатысқандардың 77,3%-і дауыс берер еді, бұл электоралды қолдаудың тұрақты жоғары деңгейін көрсетеді.

Сонымен қатар  қоғамдық-саяси күн тәртібіне тұрақты қызығушылық тіркелді. Сауалнамаға қатысқандардың 52%-і елдегі саяси және экономикалық жағдай туралы ақпаратты үнемі бақылап отырады.

Негізгі оқиғалар туралы ақпарат алу үшін азаматтар көбінесе теледидарды (52,7%) және Instagram әлеуметтік желісін (51,2%) пайдаланады. Одан кейін TikTok (39,7%), WhatsApp (33,5%), интернет-ресурстар мен ақпараттық агенттіктер (29,7%) және YouTube (26,7%).

Медиа тұтыну құрылымында тұлғааралық байланыс айтарлықтай орын алады. Елімізде не болып жатқаны туралы респонденттердің 19,4%-і отбасы мүшелері мен туыстарынан, 18,7%-і достарынан, әріптестерінен және көршілерінен біледі. 

Ақпарат алудың негізгі көздеріне деген сенім деңгейі бөлек бағаланды. Мәселен, мемлекеттік республикалық телеарналар сенімнің ең жоғары деңгейіне ие (41,8%). Содан кейін Instagram (28,9%), республикалық қамтуы бар жеке телеарналар (27,5%) және мемлекеттік органдардың ресми сайттары (24,8%) айтылады. Цифрлық платформалардың ішінде респонденттер YouTube (20,9%) және TikTok-ты (18%)  жиі атап өтеді. Сауалнамаға қатысқандардың 14,9%-і интернет-ресурстарға сенеді. Респонденттер бірнеше жауап нұсқаларын таңдау мүмкіндігіне ие болғандықтан, жауаптардың жиынтық көрсеткіші 100%-ке тең емес екенін атап кеткен жөн.

Бұл сандар гибридті медиа тұтыну моделін қалыптастырудың тұрақты тенденциясын көрсетеді: теледидар әзірге өзінің сұранысын сенімді түрде сақтайды, бірақ жаңа медиа жеделдігі, қысқалығы, форматтарының әртүрлілігі және аудиторияның жоғары қатысуы арқылы өз позицияларын нығайтып жатыр. Сонымен қатар, медиа тұтыну практикасы мен ақпарат көздерінің сенімділігін бағалау арасында түбегейлі маңызды айырмашылық бар. Егер әлеуметтік медиа ыңғайлылық пен тиімділіктің арқасында күнделікті қолданыста басым болса, онда теледидар, ең алдымен, мемлекеттік телеарналар арқылы, ресми ақпаратты қамту және ретранслятор мәртебесі есебінен қоғамдық сенімнің ең жоғары деңгейіне ие.

Сауалнамаға қатысушылардың көпшілігі өңірдегі қоғамдық-саяси жағдайды тыныш, тұрақты және қолайлы деп сипаттайды (87,3%). Респонденттердің 9,7%-і жағдай шиеленіскен деп ойлайды. «Жағдай күрделі» жауабын сауалнамаға қатысқандардың 1%-тен аз  таңдады.

Өңірлердегі экономикалық жағдай  негізінен оң бағалауға ие – азаматтардың 75,4%-і өз өңірлеріндегі экономиканың ағымдағы жай-күйін оң қабылдайды. 20,4% жағдайды шиеленіскен деп көрсетеді. Жағдайды «күрделі» ретінде оны сауалнамаға қатысқандардың 1,4%-і сипаттайды, тағы 2,8%-і жауап беруге қиналды. Күрделі бағалаудың аз бөлігі азық-түлік бағасының өсуімен және инфляция деңгейіне қатысты алаңдаушылықпен түсіндіріледі және сонымен байланысты. Яғни, қоғамдық көңіл күй өмірдің материалдық жағдайларына сезімтал.

Саяси партияларды тану бөлігінде "AMANAT" партиясы көш бастап тұр, респонденттердің 62,4%-і бұл саяси бірлестікті білетіндерін атап өтті. Бұдан кейін «Ақ жол» (29,7%) және «Ауыл (29,3%) партиялары орналасқан. ҰКП-ның танылу деңгейі 17%, Respublica партиясында 15,1%, «Байтақ» партиясында 11,7%, ЖСДП партиясында 10,3% құрайды. Партиялық брендтер туралы мұндай хабардарлық жүйелік сипаттағы жұмыстарға да, ситуациялық белсенділікке де байланысты болуы мүмкін.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 02:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see152

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see150

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see150

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see150

Каспийдегі қасірет: құтқарылған адамның жағдайы туралы ақпарат пайда болды

24 Қыркүйек 2026 19:41see149

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see148

Қазақстанда 25 қыркүйекте жалпыұлттық аза тұту жарияланды

24 Қыркүйек 2026 19:09see145

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see145

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see144

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see143

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see143

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see143

Ұлттық сана сезімге серпіліс беріп, қоғамдық диалогті одан әрі дамыта түсуіміз қажет Тоқаев

24 Қыркүйек 2026 12:48see142

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see142

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see141

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see141

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see140

Ұлытауда XXXIV республикалық “Ұлытау үні“ фестивалі басталды

24 Қыркүйек 2026 18:58see140

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see138

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see138
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары