Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Азаматтық құқықтық шартпен жұмыс істеу енді заңсыз ба, депутат жауап берді

Азаматтық құқықтық шартпен жұмыс істеу енді заңсыз ба, депутат жауап берді

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Мәжіліс қабылдаған жаңа түзетулер қоғамда үлкен сұрақ тудырды: енді азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істеуге шынымен тыйым салына ма? Еңбек қатынастарында «ең кемі бір еңбек белгісі» болса, ГПХ заңсыз деп танылатыны кәсіпкерлерді де, қосымша табыс тауып жүрген азаматтарды да алаңдатып отыр. Мәжіліс депутаты Мұқаш Ескендіров азаматтық-құқықтық шарттарға қатысты енгізіліп жатқан өзгерістердің мәнін түсіндіріп, қоғамда жиі қойылып жүрген сауалдарға жауап берді.

Сонымен, өзгерістер күшіне енсе, азаматтық-құқықтық шартпен жұмыс істейтіндер автоматты түрде қызметкер болып санала ма? Депутаттың айтуынша, егер жұмыс беруші азаматтық-құқықтық шарт жасаса, бірақ сол қызметке ұйымның штатында ресми вакансиясы бола тұра қызметкерді штатқа қабылдамаса, бұл — заң бұзушылық. Мұндай жағдайда жұмыс беруші адамды міндетті түрде өз штатына алуы тиіс. Ал егер штатта ондай лауазым мүлде қарастырылмаса, азаматтық-құқықтық шарт заңды болып есептеледі.

Сондай-ақ Мұқаш Ескендіров бұл нормалар азаматтардың қосымша табыс табу мүмкіндігін шектемейтінін атап өтті.

«Егер адамның бір жерде тұрақты жұмысы болып, екінші бір жерде азаматтық-құқықтық шарт арқылы қосымша жұмыс істесе, бұл заң бұзушылық болып саналмайды. Яғни, заң мұндай жағдайға ешқандай тыйым салмайды және азаматты табысынан айырмайды», - дейді ол.

Депутаттың сөзінше, мәселенің түп-төркіні — жұмыс берушінің жауапкершілігінде. Өйткені штаттағы қызметкерді қабылдау әлеуметтік төлемдер мен басқа да міндеттемелерді талап етеді.

«Ал кейбір жұмыс берушілер осы жауапкершіліктен қашу үшін адамдарды штатқа алмай, азаматтық-құқықтық шартпен ғана жұмыс істетіп, шарт мерзімі біткен соң оңай шығарып жібереді. Бұл — еңбек қатынастарын айналып өтудің айқын көрінісі. Жаңа заң осы олқылықтың алдын алуға бағытталған. Еңбек инспекциясы мұндай жағдайларды тексеріп, егер штатта бос орын бола тұра адам азаматтық шартпен жұмыс істеп жүрсе, жұмыс берушіні оны штатқа қабылдауға міндеттейді», - деп түсіндірді депутат.

Мұқаш Ескендіровтің айтуынша, штаттағы жұмыс — тұрақтылық пен әлеуметтік кепілдіктердің негізі. Онда әлеуметтік жеңілдіктер бар, ұжымдық келісімшарт қолданылады, қызметкердің құқықтары нақты қорғалады.

«Біз бұл заңды азаматтардың құқығын қорғау, тұрақты жұмысқа қол жеткізу мүмкіндігін арттыру және жұмыс берушілердің жауапкершілігін күшейту үшін қабылдадық», — дейді депутат.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:180
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 05 Ақпан 2026 19:42
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары