Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Балалар спорты жаңаша қаржыландырылады

Балалар спорты жаңаша қаржыландырылады

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Балалар спорты биылдан бастап басқаша қаржыландырылады.

Енді мекеменің өзіне ғана мәлім сметалық құжаты ешкімді қызықтырмайды. Қайта жан басын анықтап, ақшаны солай ғана аударатын болды. Бірақ «ауызы күйген үрлеп ішеді» демекші жаппай қолданысқа енгізбей, алдымен сынақтан өткізу де көзделіп отыр. Айта кету керек, қаржы көзі екі бағытқа бөлінеді. Бірі нақты спорт саласына, кейінгісі мемлекеттік тапсырыс бойынша орындалады.

Шынығу да шытырлаған ақша. Сондықтан шығынданбай шымыр бола алмайсың. Заман шындығы осы. Бұрын отын жарып, су тасып шираса, бүгінгі баланы спорт секциясына беріп, сергітеді. Тұрғын үйге жапсарлас үйірме де көп. Тек тегін дүние жоқ. Төлеу керек. Бірақ, қызығын бала емес, мекеме басшысы көріп, баз кешкен ата-аналар да аз болмады. Аты шулы   «Artsport» бағдарламасы бәріне аян. Сол арқылы қаржы жымқырған фактілер жұрт жадында. Құзырлы орган қателіктен сабақ алып, өзгеше қам-қарекетке кірісті. 

Мейрам Сапарғалиев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі:

- Бұрындары мекемеге төленген болса қаражат, қазір баланың жеке әмиянына салынады. Бұл деген бала бір рет тіркелгеннен кейін бір үйірме ұнамаған жағдайда екінші үйірмеге өзінің әмияндағы қаражатымен ауысып кете береді. Екінші қайта тіркелуді талап етпейді. Бұл бала барған кезде сабағына ғана төленеді. Ал қалған ақша баланың жеке әмиянында тұрады.

Бұны ваучерлік жүйе дейді. Яғни әр баланың төлемақыны растайтын құжаты қолында болады. Әзірге 6 өңірде сынақтан өткізіліп жатыр. Жалпы ел аумағында 250 мыңдай жеткіншек спортпен тұрақты шұғылданады. Мұндай мүмкіндік бәріне бірдей берілмейді. 17 санат бойынша сараланған. Әскери және аз қамтылған отбасы балалары мен мүмкіндігі шектеулі жандар дегендей тізім жалғаса береді. Ескеретін жайт, аталған жүйеде спорттан бөлек, өнер немесе қосымша білім қамтылған. Қысқасы, қабілетіңе қарай қалауыңды таңдайсың. Сондай-ақ биылдан бастап тағы жаңа соқпақ. Балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебін қаржыландыру да қайта қаралды. 

Мейрам Сапарғалиев, ҚР Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің ресми өкілі:

- Ең тиімді тұсы балаға бөлінетін қаржының артуы. Бұрын сметалық, яғни бір мекеме смета беріп, соған бөліне салатын. Жан басына шаққанда қаржыландырылмайтын. Қазіргі кезде бұл баланың басына беріледі. Бұрын сметаны бөлген кезде 233 мыңның шамасында бөлісе, қазір 415 мыңның маңайында айналады. Бұған жаттықтырушы еңбекақысы, балаға қажетті жол шығындары бар жарыстарға апарса. Спорттық инвентарь, дәрі-дәрмектер кіреді.

Президент жазғы олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен жүздескенде әкімдерге міндет жүктеген еді. 

ЦИТАТА: Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті

Барлық облыс орталығында және аудандарда футбол, бокс, күрес, баскетбол, волейбол, садақ ату, үстел теннисі, шахмат және тағы да басқа танымал спорт түрлерінің секциясы болуы тиіс. Бұл – әкімдердің міндеті. Ал Үкімет спорт нысандарының жұмыс тиімділігіне сараптама жүргізіп, осы мәселе бойынша тиісті шаралар қабылдағаны дұрыс. 

Содан бері не өзгерді? Спорт мектебінің басшысы сең қозғалғанын айтады. 

Еркебұлан Жомарт, №8 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы:

- Бұрын материалдық-техникалық базамыз, мысалы доптар болсын, басқа да экипировка болсын қиындау еді шыны керек. Толық мемлекет тарапынан қаржыландырыламыз. Балалардың жарыстарға баруы, спорттық киімдері. Салыстырмалы түрде айтсақ, соңғы жылдары балалар спортына өте жақсы көңіл бөліп жатыр.  

Балалар спортын дамыту жүйесі еппен өзгеріп жатқанымен жүйкені жұқартатын жағдайлар қатар жүріп жатыр. Спорт шолушысы Рауан Оқас қыруар қаржыны үнемдесек, үлгі етер істе көбейер еді,-дейді.  

Рауан Оқас, спорт сарапшысы:

- Балалар спортына мүлде қаржы бөлінбейді деп айта алмаймыз ғой. Белгілі бір мөлшерде бар. Бірақ қаражатты көбейтуге болар еді. Бізде енді көп қой, керек емес жиындар бар, легионерлер. Бір реттік пиар үшін көп ақша сонда кететін секілді бюджеттегі ақша. Әйтеуір бір жарқ етсек, көрінсек деп оңды-солды шаша береді. Жарысқа көп ақша бөледі. Керек емес спорт түрлері бар. Барлығын айтып отыра алмаймыз. Соларды қысқартып, нақты олимпиадалық спорт түрлеріне назар аударса болар еді. 

Сарапшылар арасында сан алуан пікір бар. Соның бірі спорт саласын тұтастай еркін нарыққа жіберу. Сонда бәсекеге шыдас берген ұйымдар ғана шыңдалып шығады дегенді алға тартады. Бәсеке арқылы сапа да, тіпті көңілге қонымды баға да қалыптасады. Олардың жалған атаққа емес, ғылымға арқа сүйеуден басқа амалы қалмайды. Дамыған елдерде солай. Ғылымсыз спорт жоқ. Ал біздің қоғамға бұл қолай ма? 

Нысаналы Ығыл, Санжар Біргебаев

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:119
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қаңтар 2026 15:57
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары