Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Барлығы аман қалды . Ғылым министрі қазақстандық препаратты сынау нәтижелері туралы айтты

Барлығы аман қалды . Ғылым министрі қазақстандық препаратты сынау нәтижелері туралы айтты

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Қазақстанда онкологиялық ауруларға қарсы отандық препараттың клиникалық сынақтары жалғасып жатыр. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің айтуынша, адамдарға жүргізілген сынақтардың бірінші кезеңі аяқталды, алдын ала нәтиже көңіл көншітерлік деректерді көрсетті - зерттеуге қатысушылардың бәрі аман, ал кейбір науқастарда ісік кішірейгені тіркелді, деп хабарлайды TengriHealth.

Үкімет отырысында Саясат Нұрбек препаратты әзірлеу қауіпсіздік пен тиімділікті тексерудің бірнеше міндетті кезеңінен өтетінін айтты. Министр сынақтар Астана, Алматы және Қарағандыдағы онкологиялық орталықтар базасында жүргізіліп жатқанын нақтылады.

"Біз адамдарға жүргізілетін клиникалық сынақтардың екінші кезеңіне өттік. Бұл кез келген дәрі-дәрмекті әзірлеудің өте күрделі 6–7 кезеңнен тұратын процесі. Жануарларға жүргізілген сынақтар мен адамдарға арналған бірінші кезең артта қалды. Қазір екінші кезеңге кірісіп жатырмыз, онда ең жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қажетті нақты доза анықталады", - деді министр тілші сұрағына жауап бере отырып.

Зерттеудің аралық қорытындысы туралы сұраққа жауап берген Нұрбек бірінші кезең онкологиялық аурудың ауыр түрлеріне шалдыққан науқастарға жүргізілгенін еске салды.

"Алғашқы нәтижелер туралы бұған дейін баяндағанбыз. Зерттеу онкологияның ауыр түрлері бойынша жүргізілді", - деді ол.

Бұл ретте министр екінші кезеңнің алдын ала көрсеткіштерін жария етті.

"Барлығы аман қалды. Шамамен 30 пайызға жуық жағдайда ісіктің кішірейгені байқалды", - деп мәлімдеді Нұрбек.

Ол сынақтар жалғасып жатқанын, ал билік егжей-тегжейлі мәліметтерді кейінірек ұсынуды жоспарлап отырғанын атап өтті.

"Меніңше, қыркүйекте Қарағанды, Алматы, Астана онкологиялық орталықтарындағы клиникалық сынақтардың қорытындысы бойынша жеке брифинг өткіземіз. Бәлкім, одан да ертерек, бірақ нақты нәтижелермен бөлісеміз", - деп атап өтті министр.

Нұрбек жыл соңына дейін дәріні тіркеу процедурасын бастау жоспарланғанын айтты.

Мән-жайы

2025 жылғы қарашада Қазақстанда обырға қарсы отандық препараттың клиникалық сынақтарының шешуші кезеңіне көшу туралы хабарланған болатын. Әзірлеуші Дос Сарбасов бұған дейін жануарларға клиникаға дейінгі зерттеулердің сәтті жүргізілгенін мәлімдеді.

Жаңа кезеңде емдеу тәсілі өзгерді: препараттың ісік пен метастаздарға тікелей әсерін, сондай-ақ пациенттердің оны көтере алу деңгейін бағалау үшін ол стандартты химиотерапияға дейін қолданыла бастады.

31 наурызда қатерлі ісікке қарсы отандық DVC препараты пацинеттерге клиникалық сынақтан өткізіле бастағаны белгілі болды.

Сынақтар Ұлттық ғылыми онкологиялық орталық базасында өтті, онда жасанды интеллектті пайдаланатын адаптивті сәулелік терапияны қоса алғанда, емдеудің заманауи әдістері қатар енгізіліп жатыр. Орталық мәліметінше, пациенттердің 80 пайыздан астамы ем қабылдап үлгерген және мамандар нәтижелерді оң бағалап отыр.

Алғашқы отандық қатерлі ісікке қарсы препараттың жасалғаны туралы 2024 жылдың басында белгілі болды. Кейін Саясат Нұрбек сынақтардың барысы мен көңіл көншітерлік нәтижелер туралы айтып берді.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

қатерлі ісік

ауру

Дәрі-дәрмек

сынақ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:158
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 26 Мамыр 2026 14:33
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары