Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Бейжіңде Қазақстан Президентінің Жолдауы мен еліміздің халықаралық бастамалары талқыланды

Бейжіңде Қазақстан Президентінің Жолдауы мен еліміздің халықаралық бастамалары талқыланды

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Бейжіңдегі Қазақстанның Мәдениет орталығында  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы мен еліміздің халықаралық бастамаларын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Іс-шараны Қазақстанның Қытайдағы елшілігі жетекші қытайлық талдау және ғылыми-зерттеу орталықтары өкілдерінің қатысуымен ұйымдастырды.

Іс-шараға Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы, Қытайдың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясы, ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәселелерін зерттеу орталығы, Шығыс Қытай педагогикалық университеті, Солтүстік-Батыс, Далянь және Ланьчжоу университеттері сияқты 15 жетекші ғылыми-зерттеу және талдау мекемелерінің, сондай-ақ Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті мен Қытай халқының шетелдермен достық қоғамының өкілдері қатысты.

Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев өз сөзінде қатысушыларды Мемлекет басшысы Жолдауының негізгі мазмұнымен таныстырып, әлеуметтік-экономикалық дамудың басымдықтарына, инфрақұрылымды жаңғыртуға, цифрлық трансформацияға және жасанды интеллектіні енгізуге ерекше назар аударды. Сонымен қатар өңірлік тұрақтылықты нығайтуға, көпжақты ынтымақтастықты дамытуға және орнықты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған Қазақстанның халықаралық бастамаларына тоқталды.

Елші Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестіктің жоғары деңгейін атап өтіп, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар екі мемлекет арасындағы практикалық ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге қосымша мүмкіндіктер ашатынын жеткізді.

Іс-шара барысында қытайлық сарапшылар Президент Жолдауының мазмұнына жоғары баға беріп, оның стратегиялық сипаты мен елдің ұзақмерзімді дамуына бағытталғанын атап өтті.

Атап айтқанда, Қытайдың қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясы Ғылыми комитеті хатшысының орынбасары Дин Сяосин, Қазақстан ауқымды саяси реформалар кезеңін аяқтап, экономиканы белсенді жаңғыртуға көшкенін атап өтті. Оның бағалауынша, «Халықтық құрылыс» бастамасы ұлттық экономиканы әртараптандырудың маңызды қозғаушы күшіне айналуы мүмкін. Ал ірі инфрақұрылымдық жобалар көлік, энергетика және өнеркәсіп салаларындағы қазақ-қытай ынтымақтастығының жаңа мүмкіндіктерін ашады.

ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәселелерін зерттеу орталығының Еуразияның әлеуметтік дамуын зерттеу институты директорының орынбасары Сюй Тао биылғы Жолдау халыққа арналған кезекті үндеу ғана емес, елдің алдағы жылдарға арналған даму бағытын айқындайтын ауқымды стратегиялық құжат екенін атап өтті. Сонд ай-ақ ол Жолдаудың әлеуметтік бағыттылығына назар аударып, жаппай әлеуметтік субсидиялардан халыққа атаулы қолдау көрсетуге көшу, ең төменгі жалақы мөлшерін арттыру және білім беру мен денсаулық сақтау салаларына инвестицияларды ұлғайту мәселелерін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде, Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының Орталық Азия және Кавказ бөлімінің басшысы Чжан Нин Жолдауды институционалдық реформалардан экономикалық дамудың жаңа моделін қалыптастыруға көшуді көздейтін стратегиялық бағдарлама ретінде бағалады. Сарапшы Президент Қ.Тоқаевтың елдегі ауқымды саяси және әлеуметтік-экономикалық өзгерістерді жүзеге асырудағы шешуші рөліне ерекше тоқталып, оны жаһандық ойлау қабілеті мен стратегиялық көзқарасы бар мемлекет қайраткері, сондай-ақ жаңа Қазақстанның шынайы сәулетшісі ретінде сипаттады.

Дөңгелек үстелге қатысушылар ауыл шаруашылығы, су үнемдеу технологиялары, көлік байланыстары және білікті кадрлар даярлау салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын да талқылап, аталған бағыттарда бірлескен жобаларды іске асырудың зор әлеуетін атап өтті.

Іс-шара қорытындысы бойынша, тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту мақсатында сарапшылық диалогты нығайтуға және ғылыми-талдамалық ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделілік білдірді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:33
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see181

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see164

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see161

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see159

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see158

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see158

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see157

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see157

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see157

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see156

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see156

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see155

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see155

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see154

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see154

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see153

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see152

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see152

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see152

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see151
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары