Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясының мүшесі Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында қонақтар өңір жастары, студенттер және педагогтер қауымдастығымен бірқатар кездесу өткізіп, Мемлекет басшысының Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіріп, оны жүзеге асырудың нақты қадамдарын талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жұмыс сапарының алғашқы аялдамасы Шәкәрім университеті болды. Мұнда студент жастар мен профессор-оқытушылар құрамы қатысқан ашық диалог өтті.

Кездесуді ашқан «Шәкәрім университеті» КеАҚ басқарма төрағасы Думан Орынбеков Қазақстан халқына арналған жаңа Жолдауға қатысты қоғамдық талқылаудың стратегиялық маңызын атап өтті.

«Біз Президент Жолдауының негізгі бағыттарын жан-жақты талқылап, өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу үшін жиналдық. Бүгінгі кездесуге Құрылтай депутаты Айрат Базенов пен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов келіп отыр. Алдағы уақытта қазақстандық жастар үшін қандай жаңа перспективалар мен мүмкіндіктер ашылатынын, соның ішінде мансаптық және кәсіби даму мәселелерін талқылаймыз», – деді Думан Орынбеков.

Өңірді дамыту тақырыбын жалғастырған Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов Мемлекет басшысының инфрақұрылымдық бастамаларына тоқталып, олардың өңір тұрғындары үшін маңызын атап өтті.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аударды. Семей қаласында жолдардың жай-күйі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ су және жылумен үздіксіз қамтамасыз ету мәселелері әлі де өзекті. Осыған байланысты Президент мұндай мәселелерді кешенді шешу үшін Ұлттық қордан 6,5 триллион теңге бөлу жөнінде тапсырма берді», – деді Нұртай Сабильянов.

Ал Құрылтай депутаты Айрат Базенов жасанды интеллект технологияларын дамыту мен цифрландыру мәселелеріне назар аударып, бұл бағыттардың жас мамандар үшін үлкен мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

Сонымен қатар кездесуге қатысушылар жастардың кәсіби дамуы, кадр даярлау сапасын арттыру және олардың өңірдің қоғамдық өміріне белсенді араласуы мәселелерін талқылады. Мемлекет басшысы алға қойған негізгі міндеттердің бірі – экономиканың нақты сұранысына сай білікті мамандар даярлау екені айтылды.

Еркін пікір алмасу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты ұсыныстарын ортаға салды. Делегация өкілдері айтылған пікірлер мен ұсыныстар жинақталып, тиісті мемлекеттік органдардың қарауына жолданатынын жеткізді.

Бұдан кейін делегация Семей қаласындағы Бизнес және сервис колледжіне барып, оқу орнының әкімшілігімен және педагогикалық ұжымымен кездесті.

Қазіргі қоғамдағы мұғалімнің рөлі мен білім беру саласын қолдауға бағытталған жүйелі шаралар туралы сөз қозғаған Нұртай Сабильянов педагогтердің ел болашағындағы маңызды рөлін атап өтті.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында білім беру саласына ерекше назар аударды. Осы бағытта бірқатар нақты тапсырмалар берілді. Қазақстанда мұғалімдердің құқықтарын қорғауға бағытталған «Педагог мәртебесі туралы» заң қолданыста. Дегенмен білім беру саласында қағазбастылық пен педагогтерді өздеріне тән емес жұмыстарға тарту мәселелері әлі де бар. Мұндай жағдайларды толық болдырмау үшін заңнаманы жетілдіріп, мұғалімдердің құқықтарын қорғау бағытындағы жұмысты жүйелі түрде жалғастыру қажет. Педагог мәртебесі қоғамда ерекше орын алуы тиіс. Өйткені балаларымыздың білім сапасы тікелей мұғалімдердің еңбегіне байланысты», – деді Нұртай Сабильянов.

Отандық білім беру жүйесін жаңғырту тақырыбын жалғастырған Айрат Базенов инклюзивті білім беруді жүйенің даму деңгейін көрсететін маңызды бағыттардың бірі ретінде атап өтті.

«Президент 2026 жылғы 10 қазанға дейін педагогтердің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеу және қорғау мәселелері бойынша кешенді ұсыныстар әзірлеуді тапсырды. Мұны аса маңызды қолдау шарасы деп санаймын. Бүгінде елімізде 7 миллионға жуық бала мен оқушы бар. Бұл – халықтың үштен біріне жуығы. Сонымен қатар инклюзивті және арнайы білім беруді қажет ететін балалардың саны жыл сайын артып келеді. Қазір олардың саны шамамен 237 мыңға жетті. Мемлекет әр баланың кедергісіз білім алуына, құрдастарымен бірге оқуына және жеке қажеттіліктеріне сәйкес қажетті қолдау алуына жағдай жасауы тиіс», – деп түйіндеді Айрат Базенов.

Талқылау қорытындысы бойынша, педагогтер қауымдастығының өкілдері де өз пікірлерімен бөлісті.

«Жолдауда айтылған педагогтерді қолдау және білім беру жүйесіне ерекше назар аудару шаралары бізге ертеңгі күнге сенім ұялатады. Мұғалім мәртебесін қорғау, артық есептіліктен арылту және инклюзивті ортаны дамыту мәселелерінің Президенттің жеке бақылауында болуы біз үшін өте маңызды. Бұл педагогтерге өз жұмысын сапалы әрі жауапкершілікпен жалғастыруға жігер береді», – деді педагогтер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:82
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2026 14:29
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see160

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see145

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see143

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see142

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see141

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see141

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see140

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see139

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see138

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see138

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see138

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see138

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see137

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see136

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see136

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see135

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see135

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see135

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see135

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see134
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары