Бектенов жылыту маусымы уақтылы басталмаған өңір әкімдері жеке жауап беретінін ескертті
Sputnik.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
АСТАНА, 16 қыркүйек – Sputnik. Олжас Бектенов жылыту маусымына дайындық барысы жөнінде кеңес өткізді.
Жиында үкімет басшысы жылыту маусымы уақтылы басталмаған өңір әкімдері үшін жеке жауапкершілік қарастырылғанын айтты.
"Қазіргі таңда қысқа дайындық ең өзекті мәселе. Бірақ бүгінгі күнге дейін жылу жүйелерін дайындау жұмыстары әлі де толық көлемде аяқталған жоқ. Сондықтан әкімдіктерге осы бағытта белсенді жұмыс жүргізуді тапсырамын. Жылыту маусымы уақыты басталмағана жағдайда әкімдер жеке жауапкершілігі қарастырылады", - деді премьер-министр.
Бектенов Энерегтика министрлігіне "Қазақстан темір жол" компаниясымен бірлесіп, энергетика нысандары мен халыққа көмір мен мазутты уақытылы жеткізу бойынша шаралар қабылдауын тапсырды.
Үкімет басшысы бұл бағытта қаржыландыру көлемі едәуір ұлғайтылғанын еске салып, енді тек белсенді жұмыс жасап, жағдайды мұқият бақылауда ұстау қажеттілігін айтты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:55
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Қыркүйек 2026 14:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















