Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

Берік Асылов Құқық қорғау органдары академиясының түлектеріне диплом тапсырды

Берік Асылов Құқық қорғау органдары академиясының түлектеріне диплом тапсырды

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Фото: Бас Прокуратура

Іс-шараға Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, құқық қорғау және арнаулы органдардың басшылары, сондай-ақ Maqsut Narikbayev University, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана халықаралық университеті, Astana IT University, Ұлттық қорғаныс университеті және Ішкі істер министрлігінің Академиясы сияқты жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты.

Соңғы он жылда Академияның жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша құқық қорғау органдарының 534 қызметкері білім алды. Оның ішінде 459-ы магистратураны, 75-і докторантураны тәмамдады.

Академияның басты ерекшелігі – әртүрлі ведомстволардың өкілдері бір аудиторияда білім алады. Бұл құқық қорғау қызметіндегі түрлі тәжірибелерді біріктіріп, Заң және Тәртіпті қамтамасыз етуге негізделген бірыңғай кәсіби ынтымақтастық мәдениетімен ортақ экожүйені қалыптастырады.

Салтанатты рәсімді аша отырып, Бас Прокурор бүгінгі түлектер ел дамуының тарихи кезеңінде білім алып шыққанын атап өтті.

Жаңа Конституция адам құқықтарын қорғаудың сапалық жаңа деңгейін бекітіп, алғаш рет адам капиталын дамыту, ғылым, білім беру, азаматтардың цифрлық құқықтары, сондай-ақ прогресстің, инновациялардың және білім құндылықтарын жауапты отансүйгіштіктің конституциялық негізі ретінде айқындады.

Берік Асыловтың айтуынша, дәл осы өзгерістер құқық қорғау жүйесінің одан әрі эволюциясының бағытын айқындайды.

«Бүгінде Академия ғылымды, білімді, IT-технологияларды және практиканы біріктіретін құқық қорғау жүйесінің интеллектуалдық әрі технологиялық өзегіне айналып отыр. Біз цифрлық ортада тиімді жұмыс істейтін, қатерлерді жаппай сипат алмай тұрып алдын ала болжай алатын жаңа буын мамандарын даярлап жатырмыз. XXI ғасырда қылмысқа жылдам әрекет ететін емес, оны алдын ала болжай алатын ғана жеңіске жетеді. Сондықтан құқық қорғау жүйесінің болашағы бүгіннен – ғылыми зертханаларда, Академия аудиторияларында және жаңа технологияларды әзірлеу орталықтарында басталады», деді Берік Асылов.

Бас Прокурор цифрландыруды дамыту елдің жаңа конституциялық моделіне және Мемлекет басшысының азаматтарға мінсіз қызмет етуге, Заң үстемдігін қамтамасыз етуге әрі технологиялық тұрғыдан егемен, икемді Қазақстан құру жөніндегі стратегиялық бағытына толық сәйкес келетінін атап өтті.

Президенттің білім беру мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Академия цифрлық криминалистика, киберқылмыстарды тергеу, электрондық дәлелдемелерді, ашық дереккөздерді талдау және құқық қорғау қызметінде жасанды интеллектіні қолдану салаларында мамандар даярлаудың кешенді экожүйесін қалыптастыруда.

Осы мақсатта Цифрлық технологиялар және киберқылмысқа қарсы іс-қимыл институты құрылып, онда цифрлық криминалистика мен киберқылмыстарды, оның ішінде криптоактивтерді пайдалана отырып жасалған қылмыстарды тергеуге арналған бірегей білім беру бағдарламалары әзірленді.

Тағы бір стратегиялық бағыт – құқық қорғау жүйесінің бірыңғай ғылыми кеңістігін қалыптастыру. Бүгінгі таңда Академияның бастамасымен 60-тан астам ведомствоаралық ғылыми зерттеу жүргізілді.

Келесі кезеңде Ғылыми-әдістемелік кеңес азаматтық жоғары оқу орындарының қатысуымен Ведомствоаралық кеңес болып қайта құрылады.

Бұл формат құқық қорғау жүйесін дамытудың бірыңғай шешімдерін әзірлеу үшін ғылыми әлеуетті, практикалық тәжірибені және заманауи білім беру тәсілдерін біріктіруге мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта Академия зерттеу университеті мәртебесін алуды, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуді, қос диплом бағдарламалары мен академиялық ұтқырлықты дамытуды жоспарлап отыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:155
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Шілде 2026 12:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда тапаншамен жүрген әйел ұсталды

14 Қазан 2026 21:13see129

Қосшыдағы 500 ден астам үй сібір жарасы көмілген орынға жақын орналасқан: тұрғындар алаңдауына негіз бар ма?

14 Қазан 2026 21:06see127

Жеті жылда Қазақстанның жол инфрақұрылымы қалай өзгерді?

14 Қазан 2026 21:07see126

Ресейдегі газ құбырындағы жарылысқа қатысты Қазақстанның Энергетика министрлігі пікір білдірді

14 Қазан 2026 20:54see123

Елге келетін шетелдіктер үшін электронды кіру рұқсаты енгізіліп жатыр

14 Қазан 2026 20:59see122

QazETA сыз Қазақстанға кіру мүмкін болмай ма? 2027 жылы шетелдіктер үшін не өзгереді

14 Қазан 2026 21:31see121

Бельгия королі жұбайымен Алматыны аралады

14 Қазан 2026 21:13see119

Жаңа метро станциясына дейін 1,5 ай: Қалқаман станциясының қазіргі түрі қандай

14 Қазан 2026 22:21see119

Оның үні әлемдегі ең ғажайып дауыстың бірі : бразилиялық әнші Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болды

14 Қазан 2026 23:44see119

Қазақстанның 2027 жылға арналған бюджетінде мұнай бағасының үш сценарийі қарастырылды

14 Қазан 2026 20:53see118

Синоптиктер ескертуі: еліміздің басым бөлігінде ауа райы күрт құбылады

14 Қазан 2026 21:08see117

Алматыда аумағы 1 гектар болатын жаңа отбасылық саябақ ашылады

14 Қазан 2026 21:05see116

Депутат Ләззат Жылқыбаева азаматтардың жеке деректерінің қорғалуын тексеруді талап етті

14 Қазан 2026 21:01see116

Балаларды орындыққа байлап, ұрып соққан: Астанадағы жекеменшік балабақшада дау шықты

15 Қазан 2026 09:31see116

Алматы әкімдігі лық толы автобус аялдамасы түсірілген видеоға түсініктеме берді

14 Қазан 2026 20:54see116

Астанада робот иттер қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге атсалысып жүр

15 Қазан 2026 16:43see114

Қарағанды Жезқазған тас жолын жарты ғасырда алғаш рет жаңарту туралы шешім қабылданды

14 Қазан 2026 20:56see114

Қазақстан мен Бельгия порттар арасында серіктестік орнатуды көздеп отыр

14 Қазан 2026 21:03see113

Қазақстанда жалпы өңірлік өнімнің өсу қарқыны байқалды

14 Қазан 2026 21:02see112

Заң мен тәртіп : Байқоңырлық 600 жас буынға заң талаптары түсіндірілді

15 Қазан 2026 01:15see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары