Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Бибігүл Жексенбай: Жаңа Конституция ел болашағына жасалған стратегиялық инвестиция

Бибігүл Жексенбай: Жаңа Конституция ел болашағына жасалған стратегиялық инвестиция

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Сенат депутаты Бибігүл Жексенбайдың айтуынша, Конституцияның жаңа жобасын Қазақстанның ұзақмерзімді стратегиясы деуге толық негіз бар. Қазақстан жаңа Конституция жобасын ұсынып, тарихи өзгерістерге қадам бастады. Сенатор атап өткендей, бұл – тек билік құрылымын жаңарту емес, сонымен бірге азаматтық қоғам мен құқықтық сенімділікті нығайтуға арналған іргелі қадам, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

– Әр бап, әр тармақ – елдің дамуы мен тұрақтылығына қызмет ететін стратегиялық құрал деуге болады. Ата Заңның жаңа жобасы билік пен қоғамның жаңа тепе-теңдігін айшықтайды. Жобада биліктің тармақтары арасындағы теңгерім айқын көрініс тапты. Парламент заң шығару бастамасы мен бюджеттік бақылауды кеңейтіп, халық мүддесін тиімді қорғауына, Үкімет мемлекеттік бағдарламаларды іске асыруға толық жауапкершілік алуы Конституцияның жаңа жобасында нақты белгіленуі – соған дәлел. Бұл құрылым билік пен қоғам арасындағы сенімді нығайтып, шешім қабылдау процесін ашық етеді.

Білім мен ғылым – ел дамуының қозғаушы күші. Бибігүл Жексенбайдың пікірінше, Конституция жобасында білім мен ғылымды стратегиялық басымдыққа шығаруы бұл бағыттағы іргелі бастамалардың сөз жүзінде қалмауына кепілдік береді.

– Көптеген елдер білім мен ғылымды ұлттық дамудың өзегі ретінде Конституцияда бекіткен. Мәселен, Финляндия мен Оңтүстік Кореяда білім беру жүйесіне мемлекет кепілдігі берілген. Нәтижесінде, бұл елдер инновациялық экономика қалыптастырып, жоғары технологиялық өндірісте алдыңғы қатарға шықты. Жаңа Конституция жобасында мемлекет білім беру мен ғылыми-зерттеулерді қолдайды, жоғары білім сапасын қамтамасыз етеді. Бұл қадам елдің кадрлық әлеуетін арттырып қана қоймай, инновациялық экономиканы дамытуға жол ашады. Жастар ғылымға, шығармашылыққа құмарланады, университеттердің халықаралық рейтингі көтеріледі, зерттеу жобаларына инвестициялар тартылады. Яғни, бұл тек заңдық норма емес, елдің интеллектуалды капиталына жасалған нақты инвестиция екені айқын. Елімізде адами капиталды күшейтіп, инновациялық экономиканы қалыптастырып, халықаралық бәсекеге қабілеттілікті арттырып, әлеуметтік тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді. Бұл – тек білім саласына қатысты шешім емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық тәуелсіздікке әсер ететін стратегиялық бағыт, – деді сенатор.

Сондай-ақ депутат Ата Заңның жаңа жобасында қоғамдық белсенділік пен сенімнің де басты назарда болуы  елімізде сапалы азаматтық қоғам қалыптастыруға жол ашатынын атап өтті. 

– Жаңа Ата Заң азаматтарға құқықтарын нақты білуге, шешімдерге тікелей қатысуға мүмкіндік береді. Референдумдар, қоғамдық кеңестер, бастамалар – барлығы азаматтық қоғамның дамуына қызмет етеді. Бұл қоғам мен биліктің тиімді диалогын орнатып, азаматтық белсенділікті арттырады, құқықтық сенімділікті бекітеді. Тарих көрсеткендей, жаңа Конституциялар қоғам мен мемлекет арасындағы жаңа қоғамдық келісімді қалыптастырады. Яғни, бас құжат –  билік құрылымын жаңартып қана қоймай, азаматтардың құқықтары мен жауапкершілігін айқындайды.

Конституцияның жаңа жобасы Қазақстанның ұзақмерзімді стратегиясы деуге толық негіз бар. Ол елдің саяси тұрақтылығын, инновациялық дамуын және әлеуметтік сенімділігін қамтамасыз етеді. Әр бап, әр норма – болашаққа жасалған сенімді қадам, елдің келешегі үшін нақты инвестиция. Ол әр азаматтың дауысы ескерілетін, әр бастаманың бағаланатын, білім мен ғылымға негізделген заманауи Қазақстанның кепілі. Конституция – тек құқықтық құжат емес, ұлттың тағдырын айқындайтын рухани әрі саяси бағдар. Әлем тарихына көз жүгіртсек, ірі конституциялық өзгерістер көбіне мемлекет дамуының жаңа кезеңін ашқанын көреміз. Бүгін Қазақстан талқылап отырған жаңа конституциялық жоба да осы үдерістің заңды жалғасы, – деді Бибігүл Жексенбай.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Ақпан 2026 11:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see149

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see144

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see141

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see140

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see139

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see135

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see134

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see131

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see130

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see129

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see128

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see125

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see121

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see121

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see120

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see119

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see118

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see117

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see114

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары