Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Бидайдың бағасы тоқтаусыз өсіп жатыр

Бидайдың бағасы тоқтаусыз өсіп жатыр

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Шаруа баққан ағайын еңбегінің өтеуін көргені жақсы. Баға төмен болса, ала жаздайғы еңбек зая кетеді. Қып-қызыл шығын.

Әсіресе күнге күйіп, дәнді дақыл еккен диқандардың шықпа-жаны қықпамен отырады. Бидай бағасы биыл сәуір айынан бері үздіксіз өсіп келеді. Оған бір шетінен ірі астық державалары Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс, екіншіден әлемдегі климаттың қолайсыздығы себеп. Әсіресе Таяу Шығыста жағдай қиын.

Мәселен, Ирак биыл тарихтағы ең ыстық жылды бастан кешіп жатыр. Елдегі қуаңшылық бидай импортынан енді ғана арылған Иракты қайтадан өзге мемлекеттерге тәуелді етіп қойды.

Бидай – адамзат баласы тұтынатын калориялардың шамамен 20%-ын қамтамасыз ететін дақыл. Оның бітік шығуына әсер ететін кез келген фактор маңызды.

Қазір әлемдік нарықта бидай бушеліне шамамен 5 доллар 39 центке саудаланып жатыр. 1 бушель дегеніміз – 27,2 келі. Чикагодағы фьючерстер 1,7%-ға өскен. Бұл кейінгі 3 аптадағы ең жоғары көрсеткіш. Бидай бағасы оның өнімділігі, қоры, күн райы, экспорт және импорт сынды факторларға негізделеді. Биыл дақылдың қымбаттауына Таяу Шығыс, АҚШ, Еуропа және Ресейдің кейбір аймақтарындағы қуаңшылық әсер етті.

Кавех Захеди, БҰҰ Азық‑түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының өкілі:

- Климаттың өзгеруі азық‑түлік пен ауыл шаруашылығына әсер етуде. Өнімділік төмендеп жатыр. Ауа райының тұрақсыздығы фермерлерге егіннің бабын табуды қиындатады. Қазірдің өзінде ғаламдық ауыл шаруашылығының үштен бірі деградацияға ұшыраған.

Иракта қуаңшылық қауіп төндіріп тұр

Ирак ұзақ жылдар бойы Таяу Шығыстағы ірі бидай импорттаушы мемлекет болды. Сондықтан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ішкі қажеттіліктерді өзі өтеуге ұмтылды. Бұл мақсаты орындалып, кейінгі үш жыл қатарынан елде астықтың негізгі түрі бітік шықты. Алайда қазір ауыл шаруашылығы саласына айтарлықтай қауіп төніп тұр. Биыл мемлекет бұрын-соңды болмаған қуаңшылықпен бетпе-бет келді. Тигр және Евфрат өзендерінің тартылуы егін алқаптарының қысқаруына әкелді. Салдарынан 2026 жылы бидай өнімділігі 50%-ға дейін қысқаруы мүмкін. Енді Ирак тағы да импортты арттырады, сәйкесінше азық-түлік қымбаттайды. Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының мәліметіне қарағанда бидай импортына деген қажеттілік алдағы маусымда 2,4 миллион тоннаға дейін жетуі мүмкін. 

Маан әл-Фатлави, фермер:

- Менің егіс алқаптарым Наджаф қаласының маңында орналасқан. Оларды Евфрат өзені сумен қамтамасыз етіп отырды. Алайда биыл су тартыла бастады. Ал біздің басқа амалымыз жоқ. 

Мәселенің шешімі ретінде Ауыл шаруашылығы министрлігі 2025-2026 жылғы маусымға өзен суларымен суарылатын бидай алқаптарын 1 млрд шаршы метрге дейін шектеді. Бұл өткен маусыммен салыстырғанда екі есе аз. Сондай-ақ заманауи суару әдістерін – тамшылатып және жаңбырлату жүйелерін қолдануды міндеттеді. Ал бидайға қарағанда едәуір көп суды қажет ететін күріш егуге ел бойынша, тіпті тыйым салынған. 

Аммар Абдул-Халик, Ұңғыма және жерасты сулары басқармасының басшысы:

- Иракта бір тонна бидай өндіру үшін шамамен 1100 текше метр су қажет. Өзен суынан гөрі ұңғымаларға артқан тәуелділіктен қауіп бар. Егер ондағы суды ғылыми негізсіз және үлкен көлемде қолдану жалғасса, жерасты сулары азаяды. Сондай-ақ қажетті инфрақұрылымға байланысты ол қымбатқа шығады, ауыл тұрғындарының қалтасына ауыр түседі. 

Су тапшылығы мен қуаңшылық Таяу Шығыстың өзге де мемлекеттерінде өзекті. Сирияда бидай өнімділігі 40%-ға төмендеді. Тапшылық 2,7 млн тоннаға жуықтады. Бұл азық-түлік дағдарысын күшейтіп, импортты арттыруға мәжбүрлейді.

Украинадағы қақтығыс бидай құнына әсер етті            

Сарапшылар бидай бағасының қымбаттауына Ресей мен Украина арасындағы қақтығыстың өршуі де себеп болғанын айтады. Өйткені Ресей мен Украина – ірі бидай экспорттаушы елдер. Әлемдік бидай экспортының шамамен 30%-ын қамтамасыз етеді. Шілде айынан желтоқсанға дейін Ресей 27 млн тоннаға жуық бидай экспорттады. Негізгі сатып алушылар – Мысыр, Түркия, Иран. Ал көршілес мемлекеттер арасындағы текетеріс Қара теңіз аймағынан ауылшаруашылық дақылдарын сыртқа жеткізуді қиындатады. Бидайдың қоры жеткілікті болса да, оны жеткізудегі тәуекелдер мен логистиканың қымбаттауынан бидай құны одан әрі шарықтайды.

Кей өңірлерде астық шықпай, ауыл шаруашылығы дағдарысқа ұшырағанымен, өзге аймақтардағы астықтың мол өнім беруі жағдайды түзетіп, тепе-теңдікті ұстап тұрады. Биыл бидай өндіруден Еуропалық Одақ пен Қытай көш бастап тұр. Көрсеткіш 140 миллион тоннаға жеткен. Одан кейін Үндістан – шамамен 117 млн тонна. Тізімде сондай-ақ Ресей, АҚШ, Канада, Австралия, Пәкістан, Украина, Аргентина бар. Бұл елдерге әлемдік бидай өндірісінің 90%-ы тиесілі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:222
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 09:17
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see182

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see165

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see162

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see160

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see159

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see159

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see159

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see158

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see158

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see158

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see157

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see156

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see156

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see155

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see155

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see154

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see153

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see153

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see153

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see152
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары