Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Біле жүріңіз: Ақшаны дұрыс жинаудың тәсілі қандай?

Біле жүріңіз: Ақшаны дұрыс жинаудың тәсілі қандай?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Көпшілік үшін пәтерге ақша жинау немесе жай ғана қаржылық қауіпсіздік жастығын қалыптастыру оңай емес болып көрінеді. Алайда, ranking.kz порталының мәліметінше, бұл мақсатқа жету үшін жоғары табыс табу емес, жүйелілік пен тәртіп басты рөл атқарады. Ең басты қағида – «қашан мүмкіндік туады» деп күтпей, табысыңыздың белгілі бір бөлігін әр ай сайын жинап отыру, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бүгінде халық арасында ең танымал жинақ құралы – банк депозиті. Ұлттық банктің дерегіне сүйенсек, соңғы бес жылда ел азаматтарының банктердегі салымдары тұрақты өсіп келеді. Бұл азаматтардың болашағына қаржы бөлу мәдениеті қалыптасып жатқанын көрсетеді.

Мәселен, 2025 жылғы тамыз айының соңында жеке тұлғалардың банк жүйесіндегі салымдары 26 трлн теңгеден асты, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға немесе 3,9 трлн теңгеге көп. Соңғы үш жылдағы орташа жылдық өсім 22,5% болса, 2020–2022 жылдары бұл көрсеткіш 17,7%, ал 2017–2019 жылдары 6,6% шамасында болған. Демек, азаматттар жинақтаудың маңызын барған сайын түсіне бастаған.

Алайда, ең қиыны жинауды бастау емес, оны үнемі жалғастырып отыру. Яғни, алдымен жұмсаймын, қалғанын жинаймын деген түсінік қате. Шын мәнінде, керісінше істеу қажет: табысты алған сәтте алдымен белгілі бір бөлігін жинаққа жіберіп, тек қалғанын күнделікті шығындарға бөлу керек. Тіпті табыстың 10 пайызын тұрақты түрде жинап отырсаңыз, уақыт өте келе бұл елеулі капиталға айналады. Бұл күрделі пайыздың әсері, яғни ақша өзіңізге табыс әкеліп, «жұмыс істей» бастайды.

Мұндай тәсіл үй алу секілді ірі мақсаттарға жетуге де көмектеседі. Жүйелілік пен жинақ дағдысы адамның қаржылық тұрақтылығын арттырып, армандаған баспанасына бір қадам жақындатады.

Айта кетерлігі, Отбасы банкінің «Арманға жол» атты қызметі бұл үдерісті жеңілдетіп отыр. Жүйе арқылы қызметкерлердің жалақысынан автоматты түрде белгілі бір сома шегеріліп, банк депозитіне аударылады. Яғни, бұл коммуналдық төлемдер секілді ай сайын автоматты түрде жұмыс істейтін автожинақ жүйесі.

Қызметті пайдалану үшін қызметкер өз ұйымының бухгалтериясына жүгініп, ай сайынғы аударым сомасын көрсетуі керек. Ақша жалақы түскен күні автоматты түрде есепшотқа түседі. Ал бухгалтерлер бұл үдерісті ресми рәсімдеп, Отбасы банкінің серіктес кеңесшісі ретінде қосымша ақы да ала алады.

Сондай-ақ автожинақты Otbasy bank мобильді қосымшасы арқылы да орнатуға болады. Бұл қаражатты дер кезінде және үздіксіз жинауға мүмкіндік беретін ыңғайлы әдіс.Автожинақ жүйесінің бірқатар артықшылығы бар:

Әр жылдың қорытындысы бойынша мемлекет салымшыларға 20% көлемінде сыйақы береді (200 АЕК-тен аспайтын сомаға).  2025 жылы ең жоғарғы мемлекеттік сыйақы 157 280 теңге болып белгіленген. Оны алу үшін жыл соңына дейін депозитті кемінде 786 400 теңгеге толықтыру қажет. Депозитті жүйелі түрде толтыру арқылы салымшының бағалау көрсеткіші артады, бұл өз кезегінде 5–3,5% аралығындағы ең төменгі пайызбен ипотека алуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі еліміздегі ең тиімді ипотекалық құрал саналады. Отбасы банкінің мәліметінше, күн сайын шамамен 2 500 жаңа депозит ашылып, 190 несие рәсімделеді. Тек 2025 жылдың өзінде 670 мыңға жуық азамат жаңа жинақ шотын ашқан.

22 жыл бойы табысты жұмыс істеп келе жатқан бұл жүйе көптеген азаматқа өз баспанасын алуға және қаржылық тәртіп орнатуға көмектесіп отыр.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Қараша 2025 16:09
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see165

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see161

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see126

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see125

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see115

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see111

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see110

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see110

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see109

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see108

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see108

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see107

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see103

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see103

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see103

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары