Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Баланың білімі мен баспанасына ақша жинаудың тиімді жолдары қандай?

Баланың білімі мен баспанасына ақша жинаудың тиімді жолдары қандай?

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Бүгінде Қазақстанның әрбір баласында бұрын болмаған мүмкіндіктер бар. Мемлекеттен берілетін бастапқы капитал және Ұлттық қордан түсетін қаражат. Балаға берілетін бұл қаражат уақыт өте келе бірнеше миллион теңгеге дейін өсіп, оның білім алуына немесе жеке баспанасын сатып алуына жұмсалуы мүмкін. Ата-аналар үшін басты артықшылығы – жинақты нөлден бастаудың қажеті жоқ. Себебі алғашқы қадамды мемлекет жасап қойды.

Баланың болашағына капитал жинауға «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы, «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі және AQYL білім беру депозиті көмектеседі. «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы – «Отбасы банкі» жинақтарды тиімді сақтап, оларды болашақта білім алуға немесе тұрғын үй сатып алуға жұмсау үшін көбейтуге мүмкіндік береді.

Алғашқы капитал қазірдің өзінде бар.

2024 жылдан бастап Қазақстанның әрбір баласына Ұлттық қордан инвестициялық табыстың бір бөлігі аударылады. Бағдарламаға үш жыл қатарынан қатысып келе жатқан балалардың шотында қазірдің өзінде 370,56 АҚШ доллары жинақталды. 18 жасқа толған қазақстандықтар бұл қаражатты бірден пайдалана алады. Оны тұрғын үй жағдайын жақсартуға немесе білім алуға төлеуге жұмсауға болады.

Жинақ сомасы әзірге салыстырмалы түрде аз. Сондықтан қазақстандықтардың басым бөлігі бұл қаражатты бастапқы капитал ретінде пайдаланып, әрі қарай жинақтарын жалғастырып, «Отбасы банкіндегі» депозиттерін толықтырады. Мұны қазірдің өзінде 198 949 жасөспірім жасады. Үш жыл ішінде олар Ұлттық қордан түскен 19,5 млрд теңгені жинақ шоттарына бағыттаған.

Олардың барлығы қаржылық сауаттылықтың негізгі қағидатын жақсы түсінеді: ақша қозғалыста болуы керек. Өйткені кәмелетке толғаннан кейін қаражат БЖЗҚ-дағы нысаналы шотта қала берсе, оған қосымша табыс есептелмейді. Ал егер ақша 10 жыл ішінде пайдаланылмаса, ол шот иесінің зейнетақы шотына аударылады.

Ұлттық қордан түскен жинақ «Отбасы» банкіндегі азаматтарға қалай жұмыс істейді:

жинаққа банктің 2% мөлшеріндегі сыйақысы және 200 АЕК-тен аспайтын сомаға 20% мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі. Мемлекеттік сыйлықақыны ескергенде, депозит бойынша ЖТСМ 14%-ға дейін жетеді; қаражатты тұрақты түрде жинақтау арқылы жылдық 3,5%-дан 8,5%-ға дейінгі мөлшерлемемен тұрғын үй заемын алуға болады; бастапқы жарнасы мен мөлшерлемесі төмендетілген тұрғын үй бағдарламаларына, оның ішінде «Наурыз» бағдарламасына қатысу мүмкіндігі артады; депозитті тұрақты толықтырып отыру табысты растаусыз тұрғын үй заемын алуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Ұлттық қордан түскен қаражатты Otbasy bank мобильді қосымшасы арқылы бірнеше қадаммен алуға болады. Алдағы күндері бұл процесс жасанды интеллект агентін енгізу арқылы одан әрі жеделдетіледі. Жасанды интеллект құжаттарды автоматты түрде тексеріп, өтінімді қарау уақытын бір минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

«Келешек» бағдарламасы бойынша «Отбасы банкіндегі» балалардың шоттарына 8,2 млрд теңге аударылды.

Өткен жылдан бастап Қазақстанда «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесі жұмыс істейді. Бағдарлама аясында мемлекет бес жасқа толған балаларға бастапқы білім беру капиталын береді. Бұл қаражат AQYL білім беру депозиттеріне аударылып, баланың болашақтағы біліміне арналған алғашқы жинағына айналады.

«Отбасы банкі» арқылы мұндай мемлекеттік қолдауды қазірдің өзінде 35 070 қазақстандық бала алды. Мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың жалпы сомасы 8,2 млрд теңгені құрады.

Алдағы күндері мемлекеттік қолдау алатын балалардың саны тағы да артады. 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында бес жасқа толған 15 085 баланың шотына бастапқы білім беру капиталы аударылады. Олардың «Отбасы банкіндегі» білім беру депозиттеріне 3,9 млрд теңге түседі. Ал 2026 жылдың екінші жартыжылдығында бес жасқа толатын балаларға қаражат 2027 жылғы ақпанда аударылады.

Осылайша, 2026 жылдың қорытындысы бойынша 29 099 бала бастапқы білім беру капиталын алады. Мемлекеттік қолдаудың жалпы сомасы 7,5 млрд теңгені құрайды.

Старттық капиталды мемлекеттен сақтап қалу үшін ата-аналар баласы кәмелетке толғанға дейін немесе білім беру ұйымына түскенге дейін «AQYL» депозитіне жыл сайын жарна салып отыруы қажет.

2026 жылы жылдық ең төменгі жарна 24 АЕК немесе 103 800 теңгені құрайды.

Әлеуметтік осал топтарға жататын балалар үшін бұл сома 12 АЕК немесе 51 900 теңге.

Ал жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың атына ашылған AQYL депозитіне міндетті жыл сайынғы жарна салу талап етілмейді.

AQYL депозитінде қаражат жинауға ата-аналарға мемлекет пен «Отбасы банкі» қолдау көрсетеді:

банк сыйақысы 13,84% мөлшерінде есептеледі (ЖТСМ – 14,75%-дан бастап); мемлекеттік сыйлықақы: салымшылардың барлық санаты үшін – 5%. Ал жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, мүгедектігі бар балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға – 7%.

Мысал:

2026 жылы баласы бес жасқа толған отбасын алайық. Ата-анасы баласына «Отбасы банкінен» AQYL білім беру депозитін ашады. «Келешек» бағдарламасы аясында тамыз айында мемлекет баланың шотына 260 мың теңге мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын аударады.

Мемлекеттік қолдау мұнымен аяқталмайды. Бала кәмелетке толғанға дейін ата-анасы депозитті жыл сайын міндетті жарна – 24 АЕК мөлшерінде толықтырып отырады. Жинаққа мемлекеттік сыйлықақы мен банктің сыйақысы да есептеледі.

Бала 18 жасқа толғанда білім беру депозитіндегі жинаққа «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша алған қаражатын қосуға болады. Осылайша, колледжге немесе университетке түсер кезде отбасының қолында бірнеше миллион теңге көлемінде капитал қалыптасады.

Егер бала грантқа оқуға түссе, жинақталған қаражатты іні-қарындастарына немесе сіңлілеріне беруіне, не болмаса қаражатты «Отбасы банкіндегі» депозитке аударып, баспана сатып алуға пайдалануға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:85
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 27 Тамыз 2026 14:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see150

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see149

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see146

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see138

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see133

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see131

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see129

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see123

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see122

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see122

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see121

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see121

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see121

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see120

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see119

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see118

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see118

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see117

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see117

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары