Бір айда дүкеннен 600 ден астам шоколад ұрлаған Жаркент тұрғыны ұсталды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Фото Depositphotos.сom
Жетісу облыстық полиция департаментінің мәліметінше, құқық қорғау органдарына жергілікті сауда орталығының өкілі жүгініп, дүкеннен «Рахат Қазақстан» маркалы шоколадтардың тұрақты түрде жоғалып жатқанын хабарлаған.
Қауіпсіздік қызметі бейнежазбаларды қарап, ұрлықтарды бір адамның жасағанын анықтады. Тергеу дерегіне сәйкес, күдікті алдымен ешкімнің бақылап тұрмағанына көз жеткізіп, шоколадтарды сөмкесі мен қалтасына салып, кассадан төлем жасамай шығып кеткен. Біраз уақыттан кейін қайта оралып, дәл осы әрекетін бірнеше рет қайталап отырған. Кей күндері ол дүкенге 5-6 рет кірген.
Алматыда бір отбасының үш келіні азаматтардың алтын бұйымдарын ұрлаған
Осылайша бір ай ішінде сауда орнынан 625 дана шоколад жоғалып, келтірілген шығын көлемі 530 мың теңгеден асқан.
«Жедел іздестіру шаралары барысында Панфилов аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері 41 жастағы Жаркент тұрғынын анықтап, бөлімшеге жеткізді. Ер адам өз кінәсін толық мойындады», делінген хабарламада.
Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі Мемлекеттік туды қолдануға қатысты ереженің өзгеруіне байланысты «Рахат Қазақстан» маркалы шоколадтардың сатылымына шектеу қойылмайтынын хабарлаған еді.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:23
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Тамыз 2026 17:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















