Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Сауда серіктестігіне серпін

Ынтымақтастықты жандандырған жол

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Бірнеше сағат ішінде үш төрт литр су ішу денсаулыққа қауіпті: гипонатриемия қаупі

Бірнеше сағат ішінде үш төрт литр су ішу денсаулыққа қауіпті: гипонатриемия қаупі

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаздың аптап ыстығы басталысымен қазақстандықтар сұйықтықты көбірек ішуге тырысады.

Алайда мамандар суды аз уақыттың ішінде шамадан тыс көп ішу денсаулыққа қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертеді. Мұндай жағдайда қандағы натрий мөлшері күрт төмендеп, гипонатриемия дамуы ықтимал. Бұл — ауыр жағдайда ми ісінуіне дейін әкелуі мүмкін қауіпті жағдай, - деп хабарлайды TengriHealth.

Суды шамадан тыс ішу ағзадағы тепе-теңдікті қалай бұзады?

Күн ыстықта адам тер арқылы көбірек су жоғалтады. Сондықтан ағзаның сұйықтыққа деген қажеттілігі артады. Алайда Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының санитариялық дәрігері Ғалия Әлібекованың айтуынша, ағзаға түскен суды өңдеп, оны сыртқа шығару үшін белгілі бір уақыт қажет. Сол себепті суды аз уақыт ішінде шамадан тыс көп ішу денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін.

Ағзадағы сұйықтық пен электролиттердің тепе-теңдігін сақтауға бүйрек жауап береді. Ол артық суды несеп арқылы сыртқа шығарады.

Анықтама: электролиттер — қан мен ағзадағы басқа да сұйықтықтардың құрамында болатын минералдар. Олар ағзаның қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі.

"Алайда бүйректің де мүмкіндігі шектеулі. Егер адам суды бүйрек шығарып үлгеретін мөлшерден жылдам әрі көп ішсе, сұйықтық ағзада жинала бастайды. Соның салдарынан су-тұз тепе-теңдігі бұзылады", — деп ескертеді сарапшы.

Мұндай жағдайларда қан сұйылып, натрий концентрациясы төмендейді. Бұл гипонатриемия деп аталады.

Анықтама: гипонатриемия — қандағы натрий деңгейінің қалыпты мөлшерден төмендеп кетуі. Яғни натрий көрсеткіші 135 ммоль/л-ден аз болады. Натрий ағзадағы су-тұз тепе-теңдігін сақтауда, жүйке жүйесі мен бұлшықеттердің дұрыс жұмыс істеуінде маңызды рөл атқарады. Гипонатриемия суды шамадан тыс көп ішкеннен, натрийдің ағзадан көп мөлшерде шығуынан, мысалы, құсу, іш өту немесе кейбір несеп айдайтын дәрілерді қабылдау кезінде пайда болуы мүмкін. Сондай-ақ, бұл жағдай жүрек, бүйрек, бауыр немесе эндокриндік жүйе ауруларына байланысты да дамиды. Оны емдеу натрий деңгейінің қаншалықты төмендегеніне және оның себебіне байланысты жүргізіледі. Мұндай жағдайда міндетті түрде дәрігердің бақылауы қажет. Өйткені натрий мөлшерін тым тез қалпына келтірудің өзі денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін.

Айқын гипонатриемия кезінде су жасушаларға, соның ішінде ми жасушаларына өтеді, бұл олардың ісінуіне түрткі болуы мүмкін.

Натрийден бөлек, суды шамадан тыс көп ішу калий мен магний көрсеткіштеріне де әсер етуі мүмкін. Алайда бұл өзгерістер әдетте бірден әрі қатты байқала қоймайды.

"Қатты терлеген кезде бұл минералдар термен бірге ағзадан шығады. Дегенмен адам дұрыс тамақтанса, олардың орны көбіне қайта толады", — дейді дәрігер.

Гипонатриемияны қалай тануға болады?

Ғалия Әлібекованың айтуынша, натрий деңгейінің төмендеуі жағдайдың ауырлығына байланысты әртүрлі белгілермен көрініс береді.

Жеңіл сатыдағы симптомдар

Жеңіл дәрежеде адам мынадай белгілерге тап болуы мүмкін:

бас ауруы, жүрек айнуы, әлсіздік, бас айналуы, ұйқышылдық, зейіннің төмендеуі. Ауыр сатыдағы симптомдар

Егер натрий деңгейі шекті деңгейден төмендесе, оның зардабы ауыр болады. Адамда мынадай белгілер байқалуы мүмкін:

құсу, координацияның бұзылуы, құрысулар, естен тану, кома, тіпті өлімге әкеп соғуы мүмкін.

"Көп мөлшерде су ішкеннен кейін осындай симптомдар байқалса, шұғыл түрде жедел жәрдем шақыру қажет", — деп атап өтті маман.

Ыстықта күніне неше литр су ішу қауіпсіз?

Дәрігердің айтуынша, ішілген судың қауіпті мөлшерін көрсететін әмбебап көрсеткіш жоқ. Бәрі әр адамның салмағына, денсаулық жағдайына, ауа райына және физикалық белсенділігіне байланысты.

"Жалпы, егер адам бірнеше сағат ішінде үш-төрт литр су ішсе, әсіресе өте тез ішсе және бұл ретте электролит шығынын толтырмаса, қауіп едәуір артады", — дейді дәрігер.

Қалыпты жағдайда дені сау ересек адамның бүйрегі сағатына шамамен 700 миллилитрден бір литрге дейін суды шығара алады. Кейбір адамдарда бұл көрсеткіш сағатына 1,2 литрге дейін жетуі мүмкін.

"Бірақ бұл бәріне бірдей ортақ норма болып саналмайды", — деп нақтылады спикер.

Оның айтуынша, әдетте мұндай мәселеге спортшылар мен марафонға қатысушылар тап болады.

Судың көп мөлшері жүрекке қалай әсер етеді?

Сондай-ақ, судың артық мөлшері жүрек-қан тамырлары жүйесіне тікелей әсер етеді, өйткені ол айналымдағы қан көлемін арттырады.

"Дені сау ағза мұны ешқандай зардапсыз еңсереді. Бірақ жүрек жеткіліксіздігі, бүйрек немесе бауыр аурулары бар адамдарда сұйықтықтың шамадан тыс көп болуы ісінуді тудырып, жүрекке түсетін жүктемені арттыруы және жалпы жағдайды күрт нашарлатуы мүмкін".

Ғалия Әлібекова мынадай кеңес береді:

Күні бойы суды аз-аздан және шағын мөлшерде ішу керек. Шөлді басатын уақытты күтпеу керек. Бірақ бірден бір-екі литр су ішуге тырысудың да қажеті жоқ.

Спикер туралы: Ғалия Нұрқайырқызы Әлібекова — ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының санитар дәрігері. Жалпы еңбек өтілі — 46 жыл, оның ішінде 27 жыл санитарлық-эпидемиологиялық бақылау және халықтың денсаулығын сақтау жүйесінде еңбек етіп келеді. "Денсаулық сақтау ісінің үздігі" төсбелгісімен (2019), "Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ардагері" медалімен (2021), "Парасат" орденімен (2025) марапатталған.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

аптап

ыстық

Денсаулық

Су

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:201
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Шілде 2026 09:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see156

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see143

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see140

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see135

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see135

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see135

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see134

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see133

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see133

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see132

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see132

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see130

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see130

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see130

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see130

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see130

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see130

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see129

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see129

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see128
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары