Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Биыл Президент алдымызға қойған барлық міндетті мерзімінде жүзеге асырдық Ерлан Қошанов

Биыл Президент алдымызға қойған барлық міндетті мерзімінде жүзеге асырдық Ерлан Қошанов

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Мәжілісте 2025 жылдың қорытынды жалпы отырысы өтті. Палата Төрағасы Ерлан Қошанов өз сөзінде бұл жыл саяси жағынан да, заңнамалық тұрғыдан да оқиғаларға толы болғанын атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Бүгін біз 2025 жылдың қорытынды жалпы отырысын өткіздік. Бұл жыл саяси жағынан да, заңнамалық тұрғыдан да оқиғаларға толы болды. Жыл басында ел дамуының стратегиялық бағытын айқындаған, ауқымды саяси реформалардың негізін қалаған маңызды құжат – Мемлекет басшысының тарихи Жолдауының үш жылдығы атап өтілді.

Осы айтулы оқиғаға орай біз арнайы бір пленарлық отырыс өткіздік. Жиын қорытындысы бойынша, еліміздің барлық азаматын ортақ мақсатымыз – Әділетті Қазақстан құру жолында топтасуға шақыратын қарар қабылданды.

***

Сондай-ақ жыл елдігіміз үшін маңызы зор мерейтойларға толы болды. Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығын атап өттік. Ол – тәуелсіздік пен құқықтық тәртіптің іргетасына айналған негізгі заңымыз.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша, депутаттардың бастамашылығымен Конституцияның 30 жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы заң қабылданды.

Ол ізгіліктің символына айналды деуге болады. Еліміздегі 17 мыңға жуық сотталған адам осы рақымшылық талаптарына ілікті.

***

Өткен жыл Ұлы Отан соғысындағы халқымыздың ерлігін еске алуға арналған ауқымды іс-шаралар өтті.

Мәжіліс депутаттары да халықаралық деңгейдегі және ел ішіндегі ауқымды іс-шараларға қатысып, Ұлы Жеңіске тағзым етті.

Бұл тарихи оқиға бейбіт күннің бағасын терең ұғындырып, сұрапыл соғыс жылдарындағы қазақстандықтардың ерен ерлігі мен қайсарлығын тағы да жадымызда жаңғыртты.

***

Сонымен бірге  жұртшылықпен тікелей диалог орнатқан бірегей алаң – Ұлттық құрылтай жиындары жалғасын тапты.

Осы орайда Президенттің Бурабайда сөйлеген сөзі бағдарламалық сипатқа ие болды. Ол елдің ішкі саясатын дамытудың стратегиялық бағдарын айқындап берді.

Мемлекет басшысы біздің депутаттардың Ішкі саясат тұжырымдамасын әзірлеу туралы бастамасын қолдады. Ұсынылып отырған құжатта Мәжіліс жанындағы Қоғамдық палатаға ерекше мән берілді. Бұл – Қоғамдық палатаның осы кезге дейін қалыптасқан институттардың қатарынан өзіндік орнын тапқанының әрі консультативтік-кеңесші орган ретіндегі тиімділігінің нақты көрінісі.

***

2025 жыл сыртқы саяси белсенділік артып, маңызды халықаралық бастамалар қарқын алған кезеңге айналды.

Мемлекет басшысы Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясының жалпы дебатына; Қытайда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше елдердің Мемлекет басшылары кеңесінің отырысына; Тәжікстандағы ТМД көшбасшылары кеңесінің отырысына қатысып, сөз сөйледі.

Президент Будапештте өткен Түркі мемлекеттері ұйымының бейресми саммитіне, сондай-ақ Қазақстанның әлемдік аренадағы ұстанымын нығайта түсетін басқа да маңызды халықаралық іс-шараларға қатысты.

Бұдан бөлек, жыл бойы Мемлекет басшысының стратегиялық маңызды сапарлары мен шетел басшыларының елімізге қарымта сапарлары болды.

Президенттің бастамасымен Біріккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия мен Ауғанстанға арналған орнықты даму мақсаттары жөніндегі өңірлік орталығының ашылуы аймақтың стратегиялық маңызы артып келе жатқанын көрсетеді.

Бұл Қазақстанның жаһандық диалогтың белсенді және сенімді қатысушысы ретіндегі рөлін тағы бір нақтылай түсті. Сонымен қатар  парламенттік дипломатия да қарқынды дамып жатыр. Маусым айында Астанада Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының 14-ші жалпы отырысы өтті. Осы жиында төрағалық Қазақстанға өтті. Мемлекет басшысының ТүркПА-ға мүше елдер парламенттерінің спикерлерімен жеке кездесуі – осы оқиғаның маңыздылығының тағы бір дәлелі.

***

Өңірлерді дамыту мәселелері мемлекеттің басты назарында. Биыл алғаш рет екі жарым мыңнан астам ауыл әкімі бір алаңда бас қосты. Елдің бүкіл басқару жүйесі Ауыл әкімдерінің диалог-платформасында тоғысты деуге болады.

***

Осы жыл Парламент Мәжілісі үшін де жемісті болды. Біз Мемлекет басшысының Жолдауларында, сайлауалды бағдарламасында, Ұлттық құрылтайда берген тапсырмалары негізінде бірқатар маңызды заңнамалық актілерді қабылдадық.

Биыл 100 заң қабылданды, оның 24-не депутаттар бастамашы болды. Сондай-ақ еліміздің негізгі құжаттары – Су, Бюджет, Салық, Құрылыс және Цифрлық кодекстер бойынша жұмысты аяқтадық. Олардың әрқайсысы қоғамда қызу талқыланды.

Жекелеген нормалар Парламент қабырғасында, сарапшылар қоғамдастығында жан-жақты пікірталас тудырды, тіпті сын да айтылды. Осы істің нәтижесі ретінде елдің ұзақмерзімді мүдделеріне қызмет ететін шешімдер қабылданып, Парламенттің ашық әрі тиімді жұмыс істегенін атап өтуге болады. Негізгі кодекстер бойынша жұмысты аяқтап, біз болашақтың іргесін қалайтын заңнамаға көштік. «Жасанды интеллект туралы» жаңа заң қабылданды. Қазақстан Еуропалық одақтан кейін осы салада жеке, арнайы заңы бар екінші юрисдикцияға айналды.

***

Депутаттар «Заң және Тәртіп» қағидатын дәйекті түрде жүзеге асыра отырып, бірқатар маңызды нормалар қабылдады. Биыл да қоғамдық кеселдермен күресті белсенді түрде жалғастырдық.

Әсіресе, лудомания бойынша жаңа нормалар енгізілді. Халықты, соның ішінде жастарды қорғау үшін ғимараттарда және онлайн-кеңістікте букмекерлік кеңселер мен тотализаторларды жарнамалауға тыйым салынды.

Некеге тұруға мәжбүрлеу де заңмен реттелді. Бұл қадам жеке тұлғаның қадір-қасиетін, қалауы мен таңдауын және адамның құқықтарын қорғауға деген мемлекеттің ұмтылысын нақты көрсетті.

Тағы бір мәселе – телефон арқылы жасалатын алаяқтықтың өсуі. Оған тосқауыл қою үшін байланыс саласында қатаң шаралар қолға алынды. Сонымен қатар цифрлық кеңістікте түрлі қауіп-қатер өршіп келе жатыр. Биыл алаяқтық схемаларға қатысы бар тұлғаларға, яғни дропперлерге қылмыстық жауапкершілік енгізілді. Бір адамның атына он абоненттік нөмірден артық ресімдеуге шектеу қойылды. Сондай-ақ алаяқтық мақсаттағы қоңыраулар үшін пайдаланылатын нөмірлерді бұғаттау көзделді.

***

Биыл халықтың қарызға батуын азайтуға бағытталған жұмыс жүйелі жалғасын тапты. Қиын қаржылық жағдайға тап болған азаматтардың проблемасын шешуге көмектесетін нормалар қабылданды. Халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтары үшін займдар мен шағын несиелері бойынша мерзімін кемінде үш айға шегеру мүмкіндігі белгіленді. Кепілсіз онлайн несиелер ресімдеу кезінде «салқын ақылға салып» шешім қабылдауға мұрсат беру енгізілді.

***

Әлеуметтік салаға қатысты да бірқатар заңнамалық шешім қабылданды. Ең алдымен, балаларды қолдауға баса назар аударылып отыр. Мәселен, мемлекеттен білім капиталы қарастырылған «Келешек» жүйесі іске қосылды. Бұған қоса, депутаттардың бастамасымен дарынды балаларды қолдауға бағытталған нормалар енгізілді. Енді халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары білім гранттарын конкурссыз алады. Оның ішінде «Болашақ» бағдарламасы да қамтылған. Сонымен қатар мемлекеттік жәрдемақы алушылар I топтағы мүгедектігі бар балалардың немесе жеке тұлғалардың күтімін жасайтын болса, гранттар бойынша міндетті жұмыспен өтеуден босатылады.

***

Міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне қатысты тәсілдер де қайта қаралды. Бірыңғай медициналық көмек пакеті енгізілді. Күрделі ауруларды ертерек анықтау үшін тегін көрсетілетін кепілді медициналық көмек тізіміне онкоскрининг енгізілді. Сондай-ақ  есту қабілеті бұзылған, бірақ мүгедектігі жоқ азаматтарға қажетті есту протезі тегін берілетін болады. Осы шаралардың барлығы әр отбасыға айтарлықтай демеу болып, олардың медициналық қызметке қолжетімділігін кеңейте түседі.

***

Жыл бойы біз азаматтардың тұрғын үй мәселесін шешу бойынша жұмысты жалғастырдық. Үлескерлік құрылыс саласында үй-жайларды сатып алуға байланысты алдын ала шарттар жасауға тыйым салынды. Осы арқылы біз тұрғын үй саласындағы түйткілді мәселелерді шешуге қол жеткіземіз. 

***

Қызмет бабында асыраушысынан айырылған құқық қорғау органдары қызметкерлерінің отбасыларына қолдау шараларының енгізілуі әлеуметтік әділеттілікті нығайту бағытындағы үлкен қадам болды.

Депутаттар 1991-2021 жылдар аралығында асыраушысы қайтыс болған 500-ден астам отбасына ай сайынғы жәрдемақы төлеу мәселесін шешті.

***

Әріптестер, мен өзіміз қабылдаған бірнеше заңға ғана тоқталдым. Біз биыл Президент алдымызға қойған барлық міндетті мерзімінде жүзеге асыра алдық. Қабылданған заңдар мемлекетіміздің одан әрі дамуына жағдай жасап, халықтың әл-ауқатын арттыруға септігін тигізері анық. Нормалардың бірқатарын депутаттардың заңнамалық бастамалары арқылы іске асырдық.  Бұл құжаттарда халық пен мемлекет мүдделерінің теңгерімі қамтамасыз етіліп, бизнесті дамытуға жағдай жасалды. Келесі жылы да осы қарқынды сақтауымыз керек.

***

Әріптестер, жақында өңірлерді аралаймыз. Сайлаушыларға қабылданған заңдар адамдардың өміріне қалай әсер етіп жатыр, әлеуметтік әділдік пен қауіпсіздікті қалай қамтамасыз етеді, осыны қарапайым тілмен түсіндіру керек. Сондай-ақ осы заңдардың жергілікті жерде қалай жұмыс істеп жатқанын зерттеп, зерделеу де маңызды. Азаматтарды толғандырған барлық мәселеге ден қойып, мұқият тыңдау қажет. Кейін әдеттегідей тұрғындардың аманатын жинақтап, Үкіметке жеткіземіз.

***

Қорытындылай келе, бәріңізге жемісті жұмыстарыңыз үшін алғыс айтқым келеді. Келе жатқан Жаңа жыл құтты болсын! Келер жыл елімізді бұдан да биік белестерге бастап, әр азаматқа бақ-береке әкелсін, – деді Ерлан Қошанов.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Желтоқсан 2025 03:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары