Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Біздің оқыту тәсілін өзге мектептер үйренуде Бақытжан Шарапбекұлы

Біздің оқыту тәсілін өзге мектептер үйренуде Бақытжан Шарапбекұлы

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Нақтырақ айтсақ, білім беру үдерісінде көптілділікті, инклюзивті оқытуды және бағалаудың басқа да түрлерін қосқанда, заманауи педагогикалық тәсілдер белсенді енгізілуде. Сондай білім ордасының бірі – Астана қаласында Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназия.

Мұнда  қатардағы оқушылармен бірге көзі нашар көретіндер мен мүлдем көрмейтін балалар оқиды. 2015 жылы ашылған арнайы сыныпта  оқушылар сабақты брайль тәсілімен өтеді. Сабақ мемлекеттік стандартқа сай өткізілгенімен ерекше балалар дәрігердің рұқсатымен ғана 9-сыныптан кейін емтихан тапсырады. Ал көзі мүлдем көрмейтіндер сынақтан босатылған. Десе де олар 10-11-сыныпқа келгенде қоғамдық гуманитарлық және жаралыстану бағытында білім алуына мүмкіндік жасалған.

Мектеп директоры Бақытжан Шарапбекұлының айтуынша, қазір білім ордасында көзі көрмейтін балалардың 6 сыныбы бар. Онда 32 оқушы оқиды. Көзі нашар көретіндердің 10 сыныбында 86 оқушы білім алып жатыр.

– «Дара», «Шеврон» секілді компаниялардың әрдайым қолдауының арқасында ерекше оқушыларға  толығымен жағдай жасалып, арнайы ресурстық орталықпен қамтамассыз етілген. Мәселен, оқу бағдарламасы бойынша көзі нашар көретін балалар үлкен шрифті оқулықпен оқытылады. Ал көзі мүлдем көрмейтіндер брайль әдісімен оқиды. Арнайы тақтайшада инемен тескілеп әріпті теріп, сөйлем жазады. Әр әріптің өз белгісі бар. Зағип жандар оны қолымен ұстап, саусақтарының ұшымен сезу арқылы оқиды. Біздің мектепте көзі нашар көретін және көзі мүлдем көрмейтін балаларға ғана емес, арасында аутист те, психикалық дамуының тежелген де оқушылар бар. Меніңше, әрбір білім мекемесі ерекше баланы оқытуға дайын болуы тиіс. Әр бала негізі өзінің тұрғылықты жеріне жақын жердегі мектеп білім алғаны дұрыс, сондықтан қай-қайсына да жағдай жасалуы қажет, – деді мектеп директоры Бақытжан Шарапбекұлы.

Оның айтуынша, он жылдың ішінде білім ордасы ерекше балаларға білім беру бойынша өзіндік бағдарламасы жүйеленді. Тіпті оқушыларға білім беріп қана қоймай, ұстаздардың біліктілігін арттыруда. Әсіресе, көзі нашар көретін және көзі мүлдем көрмейтін балаларды оқытатын педагогтарды даярлап жатыр.

– Ондай оқушылармен тифлопедагог, логопед, дефектолог, психолог секілді арнайы мамандар жұмыс істеуі тиіс. Шыны керек, елімізде ондай мамандар өте қат. Әрине, осы мамандық бойынша Алматыда Абай атындағы педагогикалық институты және Қарағандыдағы мемлекеттік университеті оқытады. Олардың сабақ берудегі тәжірибесі аздық етеді. Сол себепті әуелден өз мамандарымыздың барлығын арнайы курстарда оқытып, біліктілігін арттырдық. Бүгінде мұғалімдерді ерекше балаларға сабақ беруге біліктілігін арттырып,  арнайы курс өткізіп, үйретуге мүмкіндік туды, – дейді Бақытжан Шарапбекұлы.

Курстың алғашқы легі тамыз айында басталып, 20 шақты маманды даярланды. Биылдың өзінде 80-ге жуық маманды оқытылған.

«Біз тек қалалық мектептерге ғана емес, респиблика бойынша да онлайн тұрғыда көмектесе аламыз. Мысалы, жақында біздің тәсілмен оқытуды ойластырып жүрген Павлодардағы білім ордасы мектебімізбен танысып, мамандармен тілдесіп қайтты. Ақмола облысының Целиноград ауданындағы орта мектебі тәжірибе алмастық. Жалпы мектеп жұмысын осындай бағытта енгізуге атсалысуға біз даярмыз, – дейді ол.

Негізі дені сау балаға сабақ беріп жүрген ұстаз бұларға келгенде кібіртіктеп қалады. Осының алдын алу үшін өз мұғалімдер көзі көрмейтін немесе нашар көретін балалармен жұмыс істеуге үйрену қажет. Екі жыл бұрын Жұмабек Тәшенов атындағы №10 мектеп-гимназиясында тәжірибеден өткен жас маман Әділ Еділұлы бүгінде тифлопедагог ретінде жұмыс істейді. Тифлопедагог – көзі көрмейтін және көзі нашар көретін балалармен айналысатын маман.

Оның айтуынша, қазір Әділ Еділұлы бір емес, бірнеше сыныптың оқушыларын оқытады. Яғни, кеңістікті бағдарлау пәнінің мұғалімі ретінде оқушыларға таяқпен қалай жүруі керегі, далаға шыққанда не істеу керегі не болмаса инва таксиді өзі шақыра алуға үйретеді.

– Біздің Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, жасанды интеллект өміріміздің бір бөлшегіне айналды. Сондықтан жасанды интеллектіні оқу бағдарламасы ретінде ғана емес, оқу процесіне енгізу керек. Яғни, біз  оқушыларымызға ақпаратты технологияларды қалай пайдалануды үйретіп, заман ағамынан қалыс қалмауға баулып жатырмыз, – дейді Әділ Оралбаев.

Әділ Еділұлы BMIS деген қосымшамен жұмыс істейтінін жеткізді. Айтуынша, америкалық қосымшаның әртүрлі функциясы бар. Қажет десе еріктілермен байланысқа шыға алады. Жұмыс барысында өзіне қажетті құжаттарды да интеллект арқылы жасап отырғанын айтты.

 – Мысалы, олар камера арқылы видеобайланысқа шығып, көзі көрмейтін адамға тұрған жерін айтып, түсіндіріп, сипаттап береді. Не болмаса супермаркетке кіріп, өзіне қажетті заттың қай сөреде тұрғанын біле алады. Тіпті, оның түр-түсін сипаттап, газдалған немесе газдалмаған судың өзіне қажеттісін таңдап алуы мүмкін. Немесе көзі көрмейтін бала алдында келген бейтанысты суретке түсіріп, қосымшаның сипаттауы арқылы оның қайда екенін біле алады. Ал енді қосымшаны пайдалануды үйрену әр баланың қабылдауына байланысты. Яғни, интеллектісі сақталған болса, тез үйреніп кетеді. Егер қосымша басқа диагнозы болса, оқуы қиындай түседі. Бастысы әр баланы өз баламдай көріп, барымды салып үйретемін, – деді Әділ Еділұлы.

Айта кетейік, көзі көрмейтін оқушылардың ішінде қызыл аттестатқа бітіруге үміткер де бар.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:238
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 23 Қазан 2025 13:24
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары