Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

Жемісті жеті жыл

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

Ботофермалар, медальдар және пәтерлер. Тоқаев журналистермен не туралы сөйлесті?

Ботофермалар, медальдар және пәтерлер. Тоқаев журналистермен не туралы сөйлесті?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Журналистер Ақордаға өзгелерді бақылау үшін келуге дағдыланған. 25 маусымда бәрі керісінше болды: бұл жолы жұрт назары тек соларға ауды. Бұл күні Президент БАҚ қызметкерлерін марапаттады. Толығырақ Tengrinews.kz тілшісінің репортажында.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

Тілшілер, операторлар, фотографтар, оқытушылар - барлығы алтын жалатқан орындықтардың жанымен абайлап жүріп, аты-жөндерін іздеп жатты.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

Екатерина Елисеева да бұл жерде тек жұмыс бабымен болып жүргендердің бірі.

- Қандай сезімдесіз? - деп сұрадым мен.

- Біртүрлі екен. Өзгелер үшін қуануға үйреніп қалғанбыз.

Ол мұнда кем дегенде елу рет болып, репортаждар мен жаңалықтар жазған. Өзгелердің марапатталып жатқанын көріп, өзін олардың орына ешқашан қойып көрмепті. Ал бүгін өзінің тағы да жұмыс істеп жатқанын байқады: марапаттар қалай жасалғанын - сөйтсе, магнитпен екен, - қалай тағылатынын, адамдардың қандай ретпен шығатынын бақылап жүр.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

- Журналистикада жүргеніңе неше жыл болды?

- Жеті жыл болыпты. Маған он жылдан асып кеткендей көрінетін, өйткені үнемі бірнеше жұмысты қатар істеп, демалыссыз жүреміз ғой. Сондықтан он жыл нақ болды-ау деп ойлайтынмын.

- Туыстарың қалай қабылдады?

- Әлі ешкім білмейді. Әкеме жақын арада жақсы жаңалық болады, осы аптада жазамын деп қана айттым.

- Уайымдап жатқан шығар.

- Өте қатты. Бірақ менің әкем жалпы кез келген нәрсеге солай қарайды. Не "окей" деп жібереді, не бармағын көтереді. Нағыз әкелерге тән жауап қой.

- Ол басқаша түсініп қалуы мүмкін ғой...

Бірақ Екатерина нақтылап өтті:

- Жоқ, жұмыс бойынша дедім. Әкем екеуміздің арамыздағы қарым-қатынас әрқашан осындай. Тіпті "жағдайың қалай?" деп сұрасақ та, екеуміздің де беретін жауабымыз - "жұмыс істеп жатырмыз". Бұл бәрі керемет, бәрі жақсы, өмірде бәрі тыныш дегенді білдіреді.

Марапатты қалай дұрыс алу керектігі туралы нұсқаулықты көбісі бірінші рет тыңдап тұрған жоқ, тек бұрын шетте тұратын еді. Мысалы, Күлпәш Қоңырова. Ол журналистикада қырық жылдан бері жүр. Ал жоғары мемлекеттік марапатты бірінші рет алып тұр.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

Ол жоғары оқу орнын 1985 жылы бітірген. Ол кезде мақалалар А4 парақтарына қолмен жазылатын: жазу машинкасы біреу ғана, ол хатшыда болатын, бәріне жетпейтін. Баспаханада әр жолды металдан құйып шығаратын - ол таңбасын басады, сосын қателерін тексереді. Егер қате кетсе, жолды қайта балқытып құятын.

- Бұл жерге жұмыс бабымен неше рет келдіңіз?

- 26 жыл ішінде санаудың өзі қиын.

- Жүзден астам шығар?

- Бірнеше жүзден асып кетті-ау деп ойлаймын.

Ол су ішу үшін буфетке түсті.

- Газдалған бола ма? - деп су құйып тұрған адамға бұрылды. - Мектеп бітіргелі бері асқазаным осылай бірінші рет бүріп тұр. Міне, дәл осы жері.

- Ал туыстарыңыз не деді?

- Қызым: "Мама, мен сені мақтан тұтамын" деді.

Күлпәш Қоңырованың көзіне жас келіп, 10 секундтай үнсіз қалды.

- Ал немерем әлі түсінген жоқ. Оған: "Ертең Президентпен кездесемін" десем, ол: "Күшті" дейді.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

Президент залға кіргеннен кейін журналистердің құндылығы туралы сөз қозғады.

- Мемлекет сіздердің ерен еңбектеріңізді жоғары бағалайды. Ел Президенті ретінде бүгін мен барша медиа саласы мамандарына шынайы ризашылығымды білдіремін.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Нағыз кәсіби маман болу дегеніміз, деді Президент, "қолдан жасалған" айқай-шу немесе даңғаза жасау емес, бұл – ең алдымен өзекті мәселені жан-жақты білу және тақырыпты жетік меңгеру деген сөз. 

Тоқаев жақын арада - 1 шілдеде күшіне енетін жаңа Конституцияға тоқталды. Президент оның ұзақ жыл бойы арқау болатынына сенімді.

- Біздің басқа еліміз жоқ. Сондықтан қазіргі және келер ұрпақтың алдында аса маңызды міндет тұр. Бұл – Отанымызды өнегелі мемлекетке айналдыру. Немерелеріміз ағымдағы кейбір олқылықтарымызды, қателерімізді кешіруі мүмкін. Себебі әр жұмыс, әр еңбек қатесіз болмайды. Бірақ Егемендігімізге зиян келтіріп, Тәуелсіздігімізді қорғай алмасақ, олар бізді ешқашан кешірмейді.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

Дәстүрлі БАҚ - газеттер мен телеарналар туралы айта келе, Президент олар "қым-қиғаш уақиғалар нөпірінде қоғам үшін ақпарат айдынындағы компас" рөлін алдағы уақытта да атқара беретінін айтты.

- Ақпараттық кеңістікте қарабайыр тақырыптар қаптап, ұсақ-түйекті сөз қылу көбейген заманда сапалы әрі өзекті журналистиканың маңызы еселеп артады.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Президент жалған ақпарат тарату мәселесін де атап өтті: дипфейк, ботофермалар, түпнұсқадан ажырату мүмкін емес жалған цифрлық көшірмелер. Көпе-көрінеу жалған ақпарат тарату, адамды қаралау, өтірікті шындай соғатын қауіпті құбылыс қалыптасты,  деп мәлімдеді Тоқаев.

- Объективті фактілер эмоцияның көлеңкесінде қалып, қасақана арандатушылық туғызады. Қоғамның ынтымақ-бірлігіне сына қағып, мемлекеттік институттардың атына кір келтіру үшін жасанды интеллект құралдары қолданылады. Танымал тұлғалардың жасанды цифрлық бейнелерін түпнұсқадан ажырату мүмкін емес. Мұндай технологияларды түрлі алаяқтар мен деструктивті күштер белсенді пайдаланады. 

Оның айтуынша, журналистер осы мәселелерге мемлекеттің төтеп беруіне атсалысуға тиіс. 

Бірақ сөз тек қауіп-қатер жайында болған жоқ. Тұңғыш рет өңірлік тілшілерге пәтер кілттері берілді, бұған дейін бұл мүмкіндік тек елордалықтарға тиесілі еді. Биыл ел бойынша 66 адам баспаналы болады.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

- Марапатталған азаматтардың арасында саналы ғұмырын ақпарат саласына арнаған ардагер қызметкерлер де бар. Осы тұста ұлттық телевизияның алғашқы кәсіби мамандарының бірі, қазақ тіліндегі тұңғыш эфирді жүргізген майталман диктор Зұлқия Жұматованы ерекше атап өткім келеді.

Қазақ журналистикасының аңызы 106 жасқа толды. Ол "Құрмет" орденімен марапатталды. 1958 жылдың 8 наурызында Алматы телестудиясы алғаш рет тікелей эфирге шығып, Қазақстан теледидарының тарихын бастаған болатын.

Марапаттау рәсімі басталғанда, бұл процесті талай көрген журналистердің де толқып, не істерін білмей қалғаны байқалды. Бірі нық қадам басса, енді бірі сасқалақтап жатты. Ең көп қобалжығандар - өңірлерден келгендер.

"Жезказганский вестник" газетінің 72 жастағы фотографы Виктор Иванович Шавнев Ақордаға бірінші рет келді.

- Президенттің жанына барғанда, тіпті жылап жібере жаздадым. Мұндай эмоцияны сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

Ол суретке түсіруді 1964 жылы бастаған. Алғашқы аппараты 15 рубль тұратын "Весна" болды, ол кезде бұл 5 келідей жақсы "докторлық" шұжық сатып алуға болатын ақша еді. Бірақ мұны маған кейін үлкен әріптестерім түсіндіріп берді.

Ең сабырлы көрінген оператор Жаңабай Ахметов болған сияқты.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Ол сол сәтте де жұмыс істеп тұрды. Есімі аталғанда шығып, Президенттің қолын алды да, қайтадан камерасына оралып, құлаққабын киді. Тек бұл жолы кеудесінде медалі бар.  

Фото: Tengrinews.kz/Айсұлтан Құлшыманов

Бір сағаттан кейін Екатерина әкесіне марапаты туралы бәрібір айтты. Ол әдеттегіден ерекше толқып: "Тамаша!" - деп жауап берді және чатқа "от" смайликтерін жолдады.

Соңында бәрі күткен ортақ суретке түсу рәсімі өтті. Журналистер сыртқа шығып, қайтадан жұмысына кіріседі: камераларын алып, құлаққаптарын киеді. Біреу "Күнің қалай өтті?" деп сұраса: "Жұмыс істеп жатырмыз", - деп жауап береді.

Ақорда баспасөз қызметінің фотосы

Авторы: Айсұлтан Құлшыманов

Дайындаған: Айнұр Қапышова

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Маусым 2026 20:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Шымкентте екі маңызды нысан бой көтереді

24 Қыркүйек 2026 10:12see106

Еңбек дауы: қос тараптан кететін қателік

24 Қыркүйек 2026 10:15see106

Депутат СК Фармацияның 2027 жылғы медициналық бұйымдарды сатып алуларын тексеруді талап етті

24 Қыркүйек 2026 09:59see106

XXI ғасырдың технологиясын өткен ғасырдың құралдарымен басқаруға тырысып отырмыз депутат

24 Қыркүйек 2026 10:16see105

Қасым Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

24 Қыркүйек 2026 10:12see104

БҰҰ да Украина жөніндегі Ресейге қарсы мәлімдемені 193 елдің 51 і қолдады

24 Қыркүйек 2026 10:34see104

Жемісті жеті жыл

24 Қыркүйек 2026 10:10see103

Қазақстан шетелдіктердің тұрақты тұруына (ТТҚ) рұқсат беретін мамандықтар тізімін үш есе кеңейтуге дайындалып жатыр

24 Қыркүйек 2026 10:19see103

iPhone 18 ге қызығушылықты пайдаланған алаяқтар жаңа схема ойлап тапты

24 Қыркүйек 2026 10:08see102

“Бостон некесі“. Неге қазақстандық әйелдер бірге тұратын “әйел“ іздейді?

24 Қыркүйек 2026 11:03see102

Көркем жазу баллды төмендетпейді 23 қыркүйектен бастап Қазақстанда 2 4 сынып оқушыларын не күтіп тұр

24 Қыркүйек 2026 10:20see102

Зейнеткерлер үшін бе? Қазақстандық зумерлер “бәрі қосылғаннан“ бас тартып, “санаторингті“ таңдады

24 Қыркүйек 2026 10:21see101

Ақтауға балықтан уланған пациенттерге көмектесу үшін дәрігерлер ұшып келеді

24 Қыркүйек 2026 10:19see101

Қазақстанда түнгі жарыстармен және шулы көліктермен күресудің жаңа тәсілі ұсынылды

24 Қыркүйек 2026 10:18see101

Шымкентте перинаталдық орталық пен әуежайдың екінші ұшу қону жолағын салуға 33,5 млрд теңге бөлінді

24 Қыркүйек 2026 09:58see100

Орталық сайлау комиссиясының мүшелері тағайындалды

24 Қыркүйек 2026 10:13see100

Астанада автомобиль иесін суға батыра жаздады онда нақты не бұзылуы мүмкін еді?

24 Қыркүйек 2026 10:21see100

Жігер Ауыпбаев жұбайына ерекше сый жасады (видео)

24 Қыркүйек 2026 10:11see99

Белінен ұстап, сипалаған: Шымкентте жеткіншекке қол жүгірткен 56 жастағы көршісі сотталды

24 Қыркүйек 2026 10:33see98

YTO Қазақстандағы инвестициялық ауқымын кеңейтуге дайын: Қазпошта мен қытайлық компания Almaty Sky Hub жобасын жүзеге асыру қарқынын арттырады

24 Қыркүйек 2026 10:08see98
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары