БҚО да оқушы сыныптасын пышақтаған: қылмыстық іс қозғалды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Мектеп оқушылары арасындағы жанжал қылмыстық іске ұласты, деп жазады Egemen.kz.
Куәгерлердің айтуынша, оқушылардың бірі өз сыныптасына пышақ жарақатын салған.
БҚО полиция департаментінің мәліметінше, Теректі ауданындағы мектептердің бірінде болған бұл бұзақылық әрекетке байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Алдын ала деректер бойынша, жанжал оқушылар арасындағы өзара келіспеушіліктен туындаған.
– Күдікті оқушы ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Сонымен қатар, жанжалға қатысы бар кәмелетке толмағандардың ата-аналарына балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін шара қолданылады. Материалдар аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссияға жіберілді, – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Қылмыстық істің тергеу барысы БҚО полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:47
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қазан 2025 21:49 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















