Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Брестте Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына арналған парламентарийлер форумы өтті

Брестте Ұлы Отан соғысының басталғанына 85 жыл толуына арналған парламентарийлер форумы өтті

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Форумға Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Мьянма, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Вьетнам, Сербия, Венесуэла, Куба, Қытай, Моңғолия және Лаос елдерінің Парламент делегациялары мен дипломатия өкілдері қатысты. Іс-шара 1941 жылдың маусымында фашистік Германияның тұтқиылдан жасаған шабуылын алғаш болып қабылдаған Брест қаласында өтті.

Форумның жалпы отырысында сөйлеген сөзінде Ерлан Қошанов 22 маусым – бұл тек қана сұрапыл соғыстың басталған азалы күні емес, сонымен бірге тарихты терең зерделеп, сансыз құрбандықтың арқасында келер ұрпаққа бейбіт өмір сүру құқығын сыйлаған жандарға алғыс білдіру күні екенін атап өтті. Мәжіліс спикері Ұлы Отан соғысының алғашқы әрі ең ауыр шайқасының бірі – Брест қамалын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне ерекше назар аударды. 

"Брест қамалын Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген жауынгерлер қорғады. Брест гарнизонындағы жеті мың әскери қызметшінің шамамен мыңға жуығы Қазақстаннан келген сарбаз болды. Олардың барлығы дерлік осы жерде қаза тапты. Бүгінде әлем жаңа сын-қатерлерге тап болып отырған кезде біздің ортақ міндетіміз – тарихи жадымызды сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу. Былтыр Астанада өткен әскери парадта сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс туралы ақиқатты сақтау маңызды екенін атап өтті, өйткені шындықты білмейінше бейбітшіліктің бағасын түсіну мүмкін емес. Ортақ ерлікті есте сақтау – халықтарымыз арасындағы достықтың, өзара құрмет пен ынтымақтастықтың ең берік іргетасы болып қала береді".  Ерлан Қошанов

Ол өз сөзінде Беларусь жерінде қаза тапқан отандастарымыздың есімін жаңғырту бағытындағы қазақстандық тарихшылардың еңбегін ерекше атап өтіп, Брест қамалын қорғаған, есімдері бүгінге жеткен батырларды атады.

Мәжіліс төрағасы қазақ партизандарының ерлігіне де жеке тоқталды. 65 беларусь партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1,5 мыңнан астам қазақ шайқасқан. Солардың бірі – аңызға айналған партизан қолбасшы Әди Шәріпов, оның есімі Минскідегі көшелердің біріне берілген. 

"Тарихшылардың зерттеулері бойынша, Беларусьті азат ету үшін болған шайқастарға 120 мыңнан астам қазақстандық қатысқан. Олардың әрбір бесіншісі осы жерде жерленген. Беларусь жерінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 84 қазақ жауынгері Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржанов пен Сүндетқали Есқалиевтің есімдері де Беларусь жерінде мәңгі құрметке бөленген. Біз қаза тапқан жерлес батырларымыздың есімін ардақтаған бауырлас беларусь халқына және ел басшылығына шын жүректен алғыс білдіреміз", – деді Ерлан Қошанов. 

Мәжіліс спикері Қазақстанның майданды мұнай өнімдерімен, жанар-жағармай, көмірмен, қорғасынмен, киім-кешекпен, аяқ киіммен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін де еске салды. Сонымен қатар соғыс жылдары еліміз жарты миллионнан астам эвакуацияланған азаматтарды, соның ішінде Беларусьтің 110 мыңнан астам тұрғынын қабылдады. Қазақ жеріне 111 балалар үйі көшіріліп әкелінді, бұл – соғыстан зардап шеккен барлық республикалардан келген 13 мың бала. Ерлан Қошанов осы жанашырлық пен ынтымақ халықтарымыздың ең маңызды адами өнегесі екенін атап өтті.

Сапар барысында Мәжіліс делегациясы Брест қамалында өткен еске алу іс-шараларына қатысты. Депутаттар "Қаһарман Брест қамалы" мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Брест қамалы гарнизоны зиратындағы Естелік аллеяда қазақстандық жауынгерлерді еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Брест қамалын қорғау музейіне барған Ерлан Қошанов Мәжіліс Парламенті атынан музейге Ұлы Отан соғысының батыры, аты аңызға айналған қазақ ұшқышы – Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты. Хиуаз Доспанова әйгілі 588-ші түнгі бомбалаушы авиация полкінің («Түнгі мыстандар» ретінде танылған) құрамында Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Украинада, Беларусьте және Польшада әскери іс-қимылдарға қатысты. Бұл еңбектің авторы – мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов.

Мәжілістің Баспасөз қызметі, Фото: Ж.Жұмабеков.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:133
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 17:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары