Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

Ата аналар тілегін тыңдады

Жылуыңды жаз қамда

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

Қазақстан депутаттары Ұлы Отан соғысының басталуының 85 жылдығына арналған форумға қатысты

Қазақстан депутаттары Ұлы Отан соғысының басталуының 85 жылдығына арналған форумға қатысты

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Форумға Беларусь, Ресей, Өзбекстан, Мьянма, Қырғызстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Вьетнам, Сербия, Венесуэла, Куба, Қытай, Моңғолия және Лаос елдерінің Парламент делегациялары мен дипломатия өкілдері қатысты. Іс-шара 1941 жылдың маусымында фашистік Германияның тұтқиылдан жасаған шабуылын алғаш болып қабылдаған Брест қаласында өтті.

Форумның жалпы отырысында сөйлеген сөзінде Ерлан Қошанов 22 маусым – бұл тек қана сұрапыл соғыстың басталған азалы күні емес, сонымен бірге тарихты терең зерделеп, сансыз құрбандықтың арқасында келер ұрпаққа бейбіт өмір сүру құқығын сыйлаған жандарға алғыс білдіру күні екенін атап өтті. Мәжіліс Спикері Ұлы Отан соғысының алғашқы әрі ең ауыр шайқасының бірі – Брест қамалын қорғаған қазақстандық жауынгерлердің ерлігіне ерекше назар аударды. 

– Брест қамалын Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген жауынгерлер қорғады. Брест гарнизонындағы 7 мың әскери қызметшінің шамамен мыңға жуығы Қазақстаннан келген сарбаз болды. Олардың барлығы дерлік осы жерде қаза тапты. Бүгінде әлем жаңа сын-қатерлерге тап болып отырған кезде біздің ортақ міндетіміз – тарихи жадымызды сақтау және оны жас ұрпаққа жеткізу. Былтыр Астанада өткен әскери парадта сөйлеген сөзінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев соғыс туралы ақиқатты сақтау маңызды екенін атап өтті, өйткені шындықты білмейінше бейбітшіліктің бағасын түсіну мүмкін емес. Ортақ ерлікті есте сақтау – халықтарымыз арасындағы достықтың, өзара құрмет пен ынтымақтастықтың ең берік іргетасы болып қала береді, – деді Ерлан Қошанов.

Ол өз сөзінде Беларусь жерінде қаза тапқан отандастарымыздың есімін жаңғырту бағытындағы қазақстандық тарихшылардың еңбегін ерекше атап өтіп, Брест қамалын қорғаған, есімдері бүгінге жеткен батырларды атады.

Мәжіліс Төрағасы қазақ партизандарының ерлігіне де жеке тоқталды. 65 беларусь партизан бригадалары мен отрядтарының құрамында 1,5 мыңнан астам қазақ шайқасқан. Солардың бірі – аңызға айналған партизан қолбасшы Әди Шәріпов, оның есімі Минскідегі көшелердің біріне берілген. 

– Тарихшылардың зерттеулері бойынша, Беларусьті азат ету үшін болған шайқастарға 120 мыңнан астам қазақстандық қатысқан. Олардың әрбір бесіншісі осы жерде жерленген. Беларусь жерінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін 84 қазақ жауынгері Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Кеңес Одағының Батыры Қазбек Нұржанов пен Сүндетқали Есқалиевтің есімдері де Беларусь жерінде мәңгі құрметке бөленген. Біз қаза тапқан жерлес батырларымыздың есімін ардақтаған бауырлас беларусь халқына және ел басшылығына шын жүректен алғыс білдіреміз, – деді Ерлан Қошанов. 

Мәжіліс Спикері Қазақстанның майданды мұнай өнімдерімен, жанар-жағармай, көмірмен, қорғасынмен, киім-кешекпен, аяқкиіммен және азық-түлікпен қамтамасыз етуге қосқан зор үлесін де еске салды. Сонымен қатар соғыс жылдары еліміз жарты миллионнан астам эвакуацияланған азаматтарды, соның ішінде Беларусьтің 110 мыңнан астам тұрғынын қабылдады. Қазақ жеріне 111 балалар үйі көшіріліп әкелінді, бұл – соғыстан зардап шеккен барлық республикалардан келген 13 мың бала. Ерлан Қошанов осы жанашырлық пен ынтымақ халықтарымыздың ең маңызды адами өнегесі екенін атап өтті.

Сапар барысында Мәжіліс делегациясы Брест қамалында өткен еске алу іс-шараларына қатысты. Депутаттар «Қаһарман Брест қамалы» мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойды. Брест қамалы гарнизоны зиратындағы Естелік аллеяда қазақстандық жауынгерлерді еске алып, олардың рухына тағзым етті.

Брест қамалын қорғау музейіне барған Ерлан Қошанов Мәжіліс Парламенті атынан музейге Ұлы Отан соғысының батыры, аты аңызға айналған қазақ ұшқышы – Хиуаз Доспанованың мүсінін сыйға тартты. Хиуаз Доспанова әйгілі 588-ші түнгі бомбалаушы авиация полкінің («Түнгі мыстандар» ретінде танылған) құрамында Оңтүстік майданда, Солтүстік Кавказда, Украинада, Беларусьте және Польшада әскери іс-қимылдарға қатысты. Бұл еңбектің авторы – мүсінші Бақытбек Мұхамеджанов.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:103
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Маусым 2026 09:38
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ресейдегі сайлау: Единая Россия күшейді, Справедливая Россия шетте қалуы мүмкін

22 Қыркүйек 2026 02:22see174

Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығының жеңіл атлетикадан біріншілігі аяқталды

21 Қыркүйек 2026 18:03see170

Тоқаев Дубай әміршісіне көңіл айтты

21 Қыркүйек 2026 17:58see167

Димаштың жаңа видеосы жанкүйерлерін таңғалдырды

21 Қыркүйек 2026 15:55see166

Атырау облыстық архивінде орын тапшы: жаңа құжаттарды қабылдау қиындаған

22 Қыркүйек 2026 02:22see158

Мемлекеттік Дума сайлауының алғашқы қорытындысы тікелей эфир

22 Қыркүйек 2026 07:56see151

“Көмектесіңіздер“. Маркетплейс қорабындағы жазу қазақстандықтарды алаңдатты

21 Қыркүйек 2026 17:46see151

Құлсарыда жолаушылар автобусының қатысуымен болған жол апатынан үш адам зардап шекті

22 Қыркүйек 2026 02:23see150

Дүрбелең тудырмаңыздар : Ресейдегі оқу жаттығуға әскери техника жөнелтіледі

21 Қыркүйек 2026 14:36see147

Саңырауқұлақ сағатына 3% өседі

21 Қыркүйек 2026 18:39see139

Сержанттар корпусын қалыптастырған отыз жыл

22 Қыркүйек 2026 06:26see138

Хуситтер Сауд Арабиясына жасалған шабуылдарға қатысты АҚШ қа үндеу жасады

22 Қыркүйек 2026 08:52see138

Қазақстан мұнайы қай елдерге және қандай көлемде экспортталады

22 Қыркүйек 2026 08:06see136

Ата аналар тілегін тыңдады

22 Қыркүйек 2026 04:25see133

Жылуыңды жаз қамда

22 Қыркүйек 2026 06:45see125

Баспанамен қамтуға басымдық берілді

22 Қыркүйек 2026 05:05see123

“Аюдың ақыруы” Алматы тауларында төрт туристі шошытты видео

22 Қыркүйек 2026 09:26see117

Атырауда құтқарушылар кәріз құдығына түсіп кеткен жылқыны аман алып шықты

22 Қыркүйек 2026 02:21see116

Жетісу облысында үйінде есірткі өсірген екі тұрғын ұсталды

22 Қыркүйек 2026 02:22see112

Baby Tennis болашақ чемпиондар алаңы

22 Қыркүйек 2026 03:40see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары