Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Бюджет қаржысына сатып алынған өнімдер халыққа жетпей, қоймаларда бұзылып жатыр Темір Қырықбаев

Бюджет қаржысына сатып алынған өнімдер халыққа жетпей, қоймаларда бұзылып жатыр Темір Қырықбаев

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мәжіліс депутаты, "AMANAT" партиясы фракциясының мүшесі Темір Қырықбаев тұрақтандыру қорларының қазіргі жұмысы халықтың мүддесіне сай емес екенін айтты. Депутаттың айтуынша, бюджет қаржысына алынған азық-түлік қоймаларда бұзылып жатқанда, негізгі әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы өсіп, бағаны тұрақтандыру тетіктері бастапқы мақсатын ақтамай отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мәжілістің жалпы отырысында Жоғары аудиторлық палатаның жеке кәсіпкерлік субъектілеріне көрсетіліп жатқан мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі жөніндегі есебі қаралды. Бұл экономиканың орнықты дамуы, жаңа жұмыс орындарын ашу және өндірісті дамыту тұрғысынан аса өзекті мәселе болып отыр. Талқылау барысында Үкіметтің бизнесті субсидиялау саясатының нақты нәтижесі, оның жарияланған мақсаттарға сәйкестігі және ең бастысы – бұл шаралардың қарапайым азаматтардың тұрмысына қаншалықты әсер етіп отырғаны жөнінде өткір әрі орынды сұрақтар қойылды.

– Осы орайда тұрақтандыру қорларының қазіргі жағдайына ерекше назар аударғым келеді. Себебі мұнда тек бизнесті қолдау тетіктері туралы емес, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын ұстап тұруға бағытталған мемлекеттің тікелей міндеті сөз болып отыр.

Естеріңізге сала кетейін, тұрақтандыру қорлары 2011-2012 жылдары дағдарысқа қарсы құрал ретінде құрылған болатын. Мемлекеттің сол кездегі логикасы айқын еді: баға құбылған кезеңдерде нақты тауар қоры болуы және нарыққа жедел шығу мүмкіндігі арқылы бағаның өсуін тежеу, азаматтардың сатып алу қабілетін қорғау қажет болды. Алайда арада он жылдан астам уақыт өтсе де, бұл механизм бүгінде бастапқы мақсатына сай жұмыс істемей отырғанын мойындауымыз керек.

Жоғары аудиторлық палатаның есебі әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың бағаны тұрақтандыру процесіне қатысуы тиімсіз екенін айқын көрсетіп отыр. Соның салдарынан негізгі азық-түлік бағасы өсуде: бір жыл ішінде картоп шамамен 40 пайызға, ал пияз 20 пайызға қымбаттаған. Бұл – жүйелі болжам мен тиімді басқарудың жоқтығын білдіреді.

Ең сорақысы, бюджет қаржысына сатып алынған өнімдердің халыққа жетпей, қоймаларда бұзылып жатқаны. Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің деректеріне сүйенсек, соңғы екі жылда сатып алынған өнімнің небәрі 19 пайызы ғана сатылған. Ал қалған бөлігі 2021 жылдан бері қоймаларда жатып, бағаны тұрақтандыру міндетін орындамай отыр.

Қызылорда облысындағы жағдай да осының нақты мысалы. Мұнда тұрақтандыру қорының қоймаларында шамамен 1,8 млрд теңгенің өнімі есепте тұрғанымен, сақтау орындары ұзақ мерзімге лайықталмаған, ал әлеуметтік дүкендерде ет пен сүт өнімдері жетіспейді.

Тағы бір алаңдататын жайт, тұрақтандыру қорларына бөлінген қаражаттың айналымнан шығарылып, депозиттерге орналастырылуы. Мәселен, Батыс Қазақстан облысында «Ақжайық» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы бір жыл бойы 2 млрд теңгеден астам қаражатты депозитте ұстаған. Аудиторлық материалдар мұндай жағдайлардың өзге өңірлерде де бар екенін көрсетеді.

Жоғары аудиторлық палата қазіргі форматта әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың бағаны тұрақтандыру тетіктеріне қатысуы орынды емес екенін атап өтті. Бүгінде СПК-лардың өзінде тұрақтандыру қорларымен жұмыс істеудің нақты әрі түсінікті алгоритмі жоқ. Өнімдер қалай және қашан сатылатыны алдын ала жоспарланбайды, тауар «қолайлы сәтті» күтіп қоймаларда ұсталады, ал нәтижесінде нақты әрекет жасалмайды.

Талқылау нәтижесі бойынша Мәжіліс депутаттары жағдайды түбегейлі өзгертуге бағытталған нақты ұсынымдар берді. Үкімет әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар мен тұрақтандыру қорларының тиімділігіне кешенді баға беріп, олардың жұмыс моделін қайта қарауы тиіс.

Бағаны тұрақтандырудың айқын, өлшенетін және ашық тетіктері болуы қажет: тұрақтандыру қоры қай кезде, қандай көлемде нарыққа шығады және оның нақты нәтижесі қандай болатыны анық белгіленуі тиіс. Ал әкімдіктер өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, нақты әрі өміршең ұсыныстар ұсынуы керек. Бізге тұрақтандыру қорларының өнімді қалай сатып алуы, қашан және қалай сатуы керектігін нақты айқындайтын тиімді әрі түсінікті модель қажет.

Мәжіліс депутаттары бұл мәселені алдағы уақытта да қатаң бақылауда ұстап, Парламент ұсынымдарының толық орындалуына және тұрақтандыру қорларының халық мүддесіне сай, өз функциясын нақты атқаруына күш салатын болады, – деді депутат.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:131
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Желтоқсан 2025 14:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see169

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see153

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see151

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see150

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see149

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see148

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see147

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see147

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see147

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see146

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see146

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see146

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see145

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see145

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see143

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see143

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see143

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see143

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see143

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see142
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары