Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

Ынтымақтастықты жандандырған жол

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

Сауда серіктестігіне серпін

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

Цифрландырудағы тың бастамалар

Цифрландырудағы тың бастамалар

Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы жасанды интеллект саласына ерекше мән берді. 2025 жылы қыркүйек айындағы Жолдауында нақты тапсырмалар беріп, ЖИ-дің маңызын атап өтті. «Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек», деген еді Президент. Бұл саладағы өткен жылы атқарылған істерді газеттің алдыңғы санында жазған болатынбыз. Биыл да жасанды интеллект және цифрландыру саласы қарқынды дамуын тоқтатпақ емес. 3 жылдың ішінде толық цифрлы мемлекетке айналу үшін алда IT экспортын арттыру, ЖИ-ді барлық салаға енгізу, баршаға қолжетімді экожүйе қалыптастыру міндеті тұр. Сондай-ақ ЖИ-дің игілігін көрсететін ауқымды жобалар нарыққа шығарылмақ.

Инфографиканы жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ, «EQ»

Жүргізушісіз такси

Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі биылдан бастап елімізде жүргізушісіз такси жобасын кезең-кезеңімен іске асыруды жоспарлап отыр. Алдымен нормативтік және технологиялық пысықтау жүргізіліп, одан кейін қанатқақты режімде іске қосу көзделген. Жүргізушісіз такси қалалық мобильділікті ұзақмерзімді дамыту стратегиясының бір бөлігі ретінде қарастырылады. Халықаралық зерттеулерге сәйкес, автономды көлік технологиялары адам факторын азайту арқылы жол-көлік оқиғаларының санын төмендетуге, көлік қозғалысын тиімді басқаруға және халықтың түрлі топтары үшін қолжетімділікті арттыруға мүмкіндік береді. Сонымен бірге мұндай шешімдер ірі қалаларда орнықты көлік жүйесін қалыптастырудың маңызды элементіне айналмақ. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі Цифрлық активтер және серпінді технологиялар комитетінің төрағасы Ғиззат Байтұрсыновтың айтуынша, бұл бағытта ең алдымен қауіпсіздік пен жауапкершілік мәселелері назарда болады.

«Біз үшін адам мен алгоритмдердің өзара әрекеттесуін алдын ала пысықтау, сондай-ақ автономды көліктің заңды әрі ашық дамуына мүмкіндік беретін нормативтік базаны дайындау маңызды. Автономды такси – технологиялар адам игілігіне қызмет ететін «ақылды қала» экожүйесінің бір бөлігі», деді ол.

Ал «Yandex Qazaqstan» автономды көлік жобасын алдымен қанатқақты режімде іске қоспақ. Компания басшысы Тимур Шәлекеновтің сөзінше, Қанатқақты кезеңде тәулік бойы диспет­черлік байланыс, сапарларды сақтан­дыру және жол жағдайын үздіксіз бақылай­тын жасанды интеллектіге негізделген басқару жүйесі қарастырылған. Тәжірибе жинақталып, жүйенің тұрақтылығы дәлел­денген сайын қызмет ауқымы біртіндеп кеңейтіледі.

Басым бағыттар

Ал елдегі ірі IT орталық «Astana hub» биыл киберқауіпсіздік, индустриялық және өндірістік инновациялар, денсаулық сақтау салаларына бағытталған стартап жобаларға басымдық бермек. Орталық басшысы Мағжан Мәдиевтің айтуынша, ЖИ күнделікті қолданатын құралға айналуға тиіс.

«Біз резиденттеріміздің табысы алдағы уақытта да өседі деп күтеміз, соның ішінде экспорт түсімі артады деген үлкен үмітіміз бар. Сонымен қатар әлемдік нарыққа бағытталған, жасанды интеллектіге негізделген стартаптар саны көбейеді деген сенім бар. Қазіргі таңда біз үшін ең маңызды бағыттар – киберқауіпсіздік, индустриялық және өндірістік инновациялар, сондай-ақ денсаулық сақтау саласында жасанды интеллектіні кеңінен енгізу. ЖИ бұл салада тек қанатқақты жоба ретінде емес, күнделікті тәжірибеде қолданылатын құралға айналуға тиіс. Осы бағыттарда отандық фаундерлердің нәтижеге қол жеткізгенін қалаймыз. Болашағы бар жобалар ретінде «ZYPL AI», «Grand Mobile», «Alma» стартаптарын атап өтуге болады. Бұлар – даму әлеуеті жоғары, нарықта өз орнын таба бастаған жобалар. Дегенмен, алдағы уақытта жаңа командалар қар­қынды өсіп, жақсы нәтижеге жетуі әбден мүмкін. Мұндай жобалардың пай­да болуы экожүйенің дамып келе жатқа­нын көрсетеді. Бағыт айқын, мүмкіндік бар. Енді бастысы – идеяны жүйелі іске асы­­рып, нарық талабына сай өсу», дейді ол.

Қазақ тілі – ЖИ тілі

Биыл Ғылым және жоғары білім саласында да цифрландыру жұмысы жетіл­дірілмек. Вице-министр Динара Ринат­қызының сөзінше, профессор-оқытушылар құрамының жасанды интел­­лект құралдарын меңгеруі міндетті нор­маға айналып, сертификаттау рәсімі жаппай енгізіледі. Университеттер­дегі әкімшілік, оқу және академиялық үдерістердің басым бөлігі цифрлық форматта жүзеге асып, шешім қабыл­дау деректерге негізделген аналитика арқылы жүргізіледі.

«Ғылым саласында 2026 жыл цифрлық ғылыми порталдың толыққанды іске қосылуымен ерекшеленбек. Ғылыми-зерттеу институттары, зертханалар мен жобалар туралы барлық дерек бір жүйеге жинақталып, ғылыми қызметке қатысты мемлекеттік қызмет толықтай электронды форматта көрсетіледі. Ғылыми-зерт­теу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жоспарлау, конкурстық іріктеу, қаржыландыру, мониторинг пен есеп беру жұмыстары толығымен цифрлық форматқа көшіп, ашықтық пен тиімділік күшейтіледі. Бұл өзгерістер жас ғалымдардың ғылыми жобаларға қатысуын жеңілдетіп, ғылымға келуін ынталандыруға бағытталады», дейді вице-министр.

Сондай-ақ биыл қазақ тілінің ұлттық сөздік қоры мен ұлттық корпусының маз­­мұны байытылып, бірыңғай мемле­кет­­тік платформа ретінде жұмыс істей бас­тайды. Елдегі барлық сөздік, термино­ло­гиялық базалар мен мәтіндік корпус жүйе­­леніп, отандық әзірлеушілер үшін ашық дерек көзіне айналады. Бұл қазақ тіліндегі автоматты аударманы, мәтін өң­деу мен интеллектуалды агент­терді дамы­туға серпін беріп, жасанды интел­лектіні қазақ тілінде қолдану аясын кеңейтеді.

Есептеу инфрақұрылымы бағытын­да 2026 жылы суперкомпьютерлік клас­терлерді білім мен ғылым саласында кеңінен пайдалану көзделіп отыр. Жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары үшін арнайы тарифтер мен жеңілдетілген қолжетімділік тетіктері іске қосылып, күрделі есептеулер мен жасанды интеллект модельдерін ел ішінде дамытуға мүмкіндік беріледі. Осылайша, биыл цифрлық саясаттың сөзден іске өтетін, дерек, тіл, инфрақұрылым, кадр әлеуетін бір арнаға тоғыстыратын кезеңі болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Президент • Бүгін, 00:03

Астанадағы көктайғақ салдарынан 300 адам зардап шеккен

Ауа райы • Кеше

Аустралия мен Жаңа Зеландия 2026 жылды алғаш болып қарсы алды

Әлем • Кеше

Қазақстанда сәбилер өлімі тарихи ең төменгі деңгейге жетті

Денсаулық • Кеше

ІKOMEK109 арқылы өтініш қабылдау тоқтатылады

Қоғам • Кеше

1 қаңтардан бастап елшіліктер шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатады

Қоғам • Кеше

ФИФА футбол ережесіне өзгеріс енгізуі мүмкін

Спорт • Кеше

Теңгедегі депозит мөлшерлемелері 20%-ға дейін өсті

Қаржы • Кеше

Қазақстанда қаңтар айында ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Кеше

Медициналық тексеруден өтпек болған ер адам 10 күнге қамалды

Қоғам • Кеше

Елорда әкімдігі толассыз жауған қарға байланысты мәлімдеме жасады

Ауа райы • Кеше

Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

Ауа райы • Кеше

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Экономика • Кеше

Байланыс операторлары мен букмекерлерге айыппұл күшейді

Заң мен Тәртіп • Кеше

Астанада автобус аялдамасын бүлдірген вандал ұсталды

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:130
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қаңтар 2026 11:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Балалар тізімде бар, бірақ келмейді: депутат Қазақстан балабақшаларындағы мәселені көтерді

08 Қазан 2026 00:30see159

Қыс мезгілінде автокөлікке аккумуляторды қалай дұрыс таңдау керектігін сарапшы айтып берді

08 Қазан 2026 09:16see145

Балабақша кезегіне өзгеріс енгізу керек депутаттар

08 Қазан 2026 00:34see143

Несие рәсімдеуге қалай тыйым салуға болады: Стоп кредит қызметі қалай жұмыс істейді?

08 Қазан 2026 11:09see137

Қазақстанда салықты кейінге қалдыру және бөліп төлеу ережелері өзгерді

08 Қазан 2026 00:30see137

Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген бес шетелдік анықталды

08 Қазан 2026 09:30see137

Солтүстік Қазақстанда жасөспірімді зорлаған ер адам өмір бойына сотталды

08 Қазан 2026 04:20see136

Еурокомиссия мүшеліктен кейін Украинаның ЕО нарығына кіруін шектеуді ұсынды

08 Қазан 2026 08:28see135

Сарапшылар Қазақстанда базалық мөлшерлеменің жаңа төмендеуін болжап отыр

08 Қазан 2026 19:59see135

Жетісуда қала тұрғындары алаяқтың арбауына түскен зейнеткерді құтқарды

08 Қазан 2026 13:34see134

Азия мен әлемді бағындырған отандық семсерлесушілер тағы бір маңызды жарысқа қатыспақ

08 Қазан 2026 18:21see134

Денсаулық сақтау жүйесіне кадр қажеттілігін айқындау қағидалары бекітілді

08 Қазан 2026 16:58see133

Ынтымақтастықты жандандырған жол

08 Қазан 2026 03:37see133

Сөз бостандығы қайда? : спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысымның күшейгенін айтты

08 Қазан 2026 00:26see133

Сауда серіктестігіне серпін

08 Қазан 2026 03:37see133

Солтүстік Аралдың аумағы 36% ға ұлғайды

08 Қазан 2026 00:35see132

Рахмонов оны тас талқан етеді : АҚШ сарапшысы Моралеске қарсы жекпе жекке болжам жасады

08 Қазан 2026 00:15see132

2040 жылға қарай Каспий арқылы жүк тасымалы төрт есе артуы мүмкін

08 Қазан 2026 14:40see132

Үш таеквондошы Париждегі Гран приге қатысады

08 Қазан 2026 21:27see132

Емханалардың жұмысы бірыңғай 100 балдық жүйе бойынша бағаланады

08 Қазан 2026 19:31see131
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары