Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Тәуелсіздік шыңына шықты

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Дарабоздар ұстаған домбыра

Дарабоздар ұстаған домбыра

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Әр қазақ домбыраны ұлт құндылығы ретінде қадірлеп, төріне іледі. Жақында Президент Жарлығымен ұлттық музыкалық аспап нышаны ретінде бекітілді. Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде әр кезеңде жасалған 80-нен астам домбыра сақтаулы тұр. Әр домбыраның өзіндік тарихы бар. Құндылығы жоғары аспаптың бәрі дерлік – ұлт руханиятының дүлдүлдері, қазақ өнерінің қайталанбас дарабоздары ұстаған домбыра.

Суреттерде: 1. Абай Құнанбайұлы-ның тұмар домбырасы (көшірмесі); 2. Майдангер Тыныбай Лекеровтің домбырасы; 3. Этнограф-жазушы Ақселеу Сейдім­бектің домбырасы; 4. Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі Мекес Төрешевтің домбырасы

Қазір музейде ұлт данышпаны Абай Құнанбайұлы тұтынған үш ішекті тұмар домбырасының көшірмесі тұр. Халық қаһарманы, композитор Нұрғиса Тілендиевтің қолынан түспеген домбырасын 2000 жылы зайыбы Дариға музей қорына ұсыныпты. Танымал күйшілер, Халық әр­тістері Әзидолла Есқалиев пен Рысбай Ғабдиевтің, Мем­ле­кеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровтың, Сағын Жалмышов пен Нариман Үлкенбайұлының домбырасы бар. Қазақстанның ең­бек сіңірген әртісі Секен Тұрысбековтің дом­бы­расының шанағы – бұйра қайың, беті – еуропалық шырша, мойыны – қара­ғай, тиегі – бубинга, оюы сүйек ұнтағымен көм­керілген.

Ал күйші Асылбек Еңсеповтің домбырасын жасаған кезде шебер Жолаушы Тұрдығұлов шанағы мен тиегіне қара ағашты, бетіне Тянь-Шань шыршасын, мойнына май қарағайды пайдаланыпты. Мойын бетіне қызыл ағашты басы мен құлағына үйеңкіні қиюластырған. Профессор Кәрима Сахарбаеваның өзі тапсырған он сегіз пернелі домбыраның бет тақтайы өрнектелген. Түбіне ішек байланатын кіндік ағаш орнатылған.

2. 

Халық әртісі Айгүл Үлкенбаева­ның домбырасын алғашқыда әкесі Нариман ұстаған екен. Ол Осакаров зауытында жасалған аспапты 1957 жылы мұнайлы шаһардан сатып алған. Бұл домбырамен ел сахнасында, Югославиядағы гастрольдік сапарда күй тартқан. Кейін өнер жолын таңдаған қызы Айгүлге берген екен. Айгүлдің екінші домбырасының шанағы, мойыны мен басына – канадалық үйеңкі, бетіне шырша ағашы қолданылыпты.

Қытайдағы Іле қазақ авто­­номиясында дүниеге кел­ген композитор әрі күй­ші, зерттеуші Камал Ма­қайұлы домбырасын Шың­жан аймағының хас шеберіне жасатыпты. Ол бұл домбыраны 70 жылдан астам ұстаған.

Музейдің экскурсия жетек­шісі Гүлнәзік Өмірбектің айтуынша, мұнда күй өнері иелерінің ғана емес, ақын-жазушылардың да, театр тарландарының да домбырасы бар. Халық жазушысы Хамит Ерғалиев қадір тұтқан домбырасын Түрікменстанның қолөнер шеберіне жасатыпты. Ақын «Құрманғазы» поэмасын жазған кезде ұлы композитордың шығармаларын осы домбырамен орындап отырған.

3.

Қазір аталған музейде Халық жазушысы Фариза Оңғарсынованың, ақын Берқайыр Аманшиннің, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ақселеу Сейдім­бектің саусақ ізі қалған домбыралары құнды жәдігерге айналды. Тағы бір жәдігер – Халық әртісі Жүсіпбек Елебековтің домбырасы. Бұл аспаптың «Алть домбыра» немесе «Жамбыл домбыра» деген атауы­ бар.

Қазақстанның Еңбек Ері, өнер зерттеушісі Ілия Жақанов шерткен аспабын музейге 2015 жылы ұсыныпты. «Жан серігім – домбырам халық қазынасы болып тұра берсін», деп қимастық сезімін білдірген.

Ең құнды жәдігерлері­нің бірі – ХІХ ғасырда жасалған екі домбыра. Оның бірін Екінші дү­ниежүзілік соғысқа қа­тысқан Тыныбай Лекеров 1975 жылы музейге тапсырыпты. Аталған әулет­те ұрпақтан ұрпаққа мирас болған бұл ұлттық аспап ша­ма­мен 1800 жылдары жасалған. Ерек­шелі сол, ұлт жауһарына баланған ас­пап күміс әшекеймен, сүйекпен, оюлы өрнек­пен көмкерілген. Ал екіншісі – Са­қып ұстаның алмұрат пішінді домбырасы. 

4. 

Дәстүрлі ән өнерінің хас шеберлері Мұхит пен Ғарифолла Құрманғалевтің шәкірті Мекес Төрешев ұстаған домбы­раның тарихы назар аударады. Әншінің жары Жақсыгүл Рахманқызының айтуынша, бұл аспапты 1936 жылы композитор Ахмет Жұбановтың тапсырмасымен шебер М.Романенко күйші Оқап Қабиғожинге арнап жасаған. 

«Мекес Төрешев өнер жолын 1960 жылы «Қазақконцерт» бірлестігінде әнші болып бастады. Сол кезде күйші Оқап Қабиғожиннің зайыбы Мекестің даусын естіп, өнеріне тәнті болған еді. «Ағаңның бейнетін бермесін, өнердегі бағын берсін!» деп, күйшінің домбырасын сыйға тартты. Күйеуім бұл домбыраны жарты ғасырға жуық қолынан тастамады», дейді Ж.Рахманқызы.

Күйшінің де, әншінің өнер­дегі ба­ғын ашқан қасиетті аспап 2008 жылдан бері музейде тұр. Домбыраның 19 пернесі, беткі тақтайында иректелген екі ойық бар. Құрама шанақты домбыраның сабының ұзындығы – 48, беткі тақтайының ұзындығы – 38, ені – 18 сантиметр. 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:139
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Қараша 2025 15:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see140

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see138

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see136

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see136

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see136

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see135

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see134

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see134

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see132

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see131

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see128

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see128

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see121

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see121

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see119

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see118

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see116

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see114

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары